42
Кіріспе сабақтарда шығармаға деген кәсіби мінездеме,
ойнап көрсету, тыңдап естірту сияқты амалдар колданылады.
Мұндай сабақтар әр тоқсанда бір-екі рет өткізілгені дұрыс.
Тақырыпты жан-жақты, бекіте окыту сабақтарында
мазмұндық, мағыналық тұрғыдағы теориялық ұғымдар нақты
мысалдармен көрсетіле оқытылады. Оқушылардың практикалық,
теориялық білімдері сараланып, олардың алдыңғы сабақтардағы
жетістіктері көрсетіледі.
Концерт-сабақтары оку жылы барысындағы окушылар
меңгерген музыка мәдениетінің көркемдік деңгейін жан-жақты
көрсету үшін оку жылының тоқсандар соңында қорытынды
мағынадағы концерт-сабақтар жоспарлануы өте кажет.
Достарыңызбен бөлісу: