Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, “№15 ЖББМ” КММ Бастауыш сынып мұғалімі: Омарова Салтанат Рафкатовна Сынып сағаты Сынып: 2-сынып Тақырыбы: «Менің отбасым» Сынып сағатының формасы: пікірталас, әңгіме.
Мақсаты: 1. Отбасы туралы ұғымдарын кеңейту. Отбасы мүшелерінің алатын орны туралы түсінік беру. Отбасы — әр адамның шағын Отаны. Оқушыларға әке — шеше, бауырдың қадірін түсіндіру. 2. Балалар әке — шешесінің қамқорлығына, сүйіспеншілігіне бөленіп, олардың дәулеті мен қызығын көріп қана қоймай, олардан адамгершілік қасиеттерін алып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу. 3. Оқушылардың бойына ата — анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:интерактивті тақта, аудиотаспа, мультимедия, фотосуреттер, тренингқа арналған шам.
Сабақ барысы: Психологиялық ахуал Баяу ән ырғағы ойнап тұрады. Интерактивті тақтадан әсем гүл шоқтары көрсетіледі.( Бір – бірлеріне деген ыстық тілектерін айтады)