Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу «Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу»



бет3/8
Дата11.02.2018
өлшемі1,94 Mb.
#37459
1   2   3   4   5   6   7   8

2- сынып. «Қартқожаның туған жері» 69- бет

Ыстық қой, шіркін, туған жер! Кім сүймесін өз жерін? Сүймесе зердесіз сүймес. Жүрегі шерсіз, тілеуі бөлек, жетесіз сүймес... Туғалы ұзап шыкпаған, бауырмал әжесінің бауырында еркелеп өскен үлбіреген балапан жүректі Қартқожа қайтіп сүймесін? Қартқожа туған жерін жанындай сүйеді...

(Жүсіпбек Аймауытов)

Бұл мәтіндегі негізгі ой – туған жеріне деген ыстық махаббаты, сағынышы. Қартқожаның өз еліне, жеріне деген сағынышы. Ол туған жерінен ұзап көрмеген басқа жат елде жүріп өзінің елін сағынады. Осы еліне, жеріне деген сағынышы оның ыстық махаббатын оятады. Сол секілді оқушыларымызды жат елде жүрсекте өз жерімізді, елімізді ұмытпай оның топырағын сағынып отанды сүюге тәрбиелеу еді.

«Отан» 72- бет

Гүлдердің ертемен

Қауызын ашқанын,

Көктемнің көкпеңбек,

Мөп – мөлдір аспанын,

Таулардың қол жетпес асқарын

Ұнатамын бәрін де,

Отан- ыстық оның топырағы да, өсімдіктері де, суы да әрбір нәрсесі қасиетті де қадірлі. Сондықтан отанды Ұлы Отан деп атаймыз. Әрбір азамат үшін өзінің елі, жері, отаны қасиетті. Оның топырағына ешқандай нәрсе жетпейді қай жақта жүрсекте отанымыздың топырағын аңсап жүреміз. Оқушыларға өз отанын құрметтеп, қастерлеуге бұл өлеңнің көмегі мол.

«Отан туралы» 73 – бет

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен онық құдіретті үнін сүйем.

(Жақан Смақов)

Отан туралы бұл өлеңде оқушыларға өз отанын сүйіп қастерлеу керек екені айтылған. Отанды сүю отбасынан басталады оның жалғасы бастауыш буында болады. Сондықтан отан туралы көптеген өлеңдер, мәтіндер ана тілі кітабында берілген. Соның ішінде отан туралы өлеңдер оқушылардың отанға деген сезімдерін оятады.

«Кімнің мекені жақсы» 75-79 бет.

Бір күні құрбақа, тышқан, құмырсқа – үшеуі кімнің жақсы мекені, жайлы қонысы бар екенін білмекші болып жолға шықты. Құрбақа секіріп, тышқан жорғалап, құмырсқа қыбырлап ұзақ жүрді. Талай шұңқыр, талай төмпешік артта қалды. Ақыры олар кішкентай шалшық суға кез болады. Шалшықтың маңынан борсыған иіс келеді. Шет жағасында жалғыз аяғымен қаздиып тұрған көкқұтаннан басқа бұл мағда ештене көрінбейді.

(Сәкен Жүнісов)

Әрбір адамзат немесе басқа да тіршілік иелеріне өздерінің мекені өмір сүретін отаны ыстық. Сондықтан бұл мәтінде тышқан, құрбақа, құмырсқа үшеуін мысалға алып көрсеткен. Үшеуіде өз мекендерінен басқа жерге барып тұрып ол жердегі көп нәрсе ұнамай өз мекендеріне қайтып, әрбірі өзінің мекендерін мақтайды. Сол сияқты бізде басқа елге барып өз жерімізде жүрген секілді жүре алмаймыз. Сондықтан оқушыларымызға өз отанын қадірлеуге үйрету болып табылады.

«Қазақстан» 97 – бет

Дүрсілдейді сонау Балқаш жағасы,

Баршы өзің, көңіл қойып қарашы!

Тұр ғой соғып туған дала жүрегі,

Жеріміз бар қасиетті, киелі,

Сен бақытты, атам қазақ баласы.

Бұл өлеңде оқушыларға патриоттық тәрбие беретін өз отанындағы көлдерді, тауларды, өзендерін сүюге арналған. Қазақ жерін құрметтеп, қадірлеп, қастерлеп ұлық тұту әрбір азаматтың міндеті екенін оқушылардың санасына ұғындыру.

«Батырдың мінезі» 210-211 бет

Шайқас кезінде жауынгерлерге жігер беретін ең күшті жебеуші нәрсе не, Бауке? – деп сұрадым батырдан.



  • Командирдің жеке басының қайраты, - деді Баукең.

  • Осыған байланысты өз майдан жолыңыздан бір әңгіме айтып беріңізші Бауке?

  • Немене мақтауым керек пе?

  • Жоқ, болған оқиғаны айтып беруіңізді сұраймын.

  • Тыңда ендеше...

(Нығмет Ғабдуллин)

Осы мәтінде оқушылардың санасына енгізетін отансүйгіштік тәрбие. Отанды сүйіп, қастерлеу әрбір азаматтың міндеті сондықтан болашақ ұрпақ санасына бастауыш сыныптан бастап береміз. Ұлтжанды азамат әрқашан өз отанын қорғайды. Бұл мәтіндегі оқиға оқушыларға отаншылдық сезімдерін оятып қалыптастырады. [35; 69, 72, 73, 75-79, 97, 210-211]

3- сынып «Астана бас қала» 79-82 бет

- Біз бүгін еліміздің бас қаласы – Астана қаласына саяхатқа барамыз, - деп мұғалім оқушыларды үлкен куанышка кенелтті. Астана саяхатшыларды Есіл өзенінен ескен қоңыр салқын самалымен, құшақ жайған кең даңғылдарымен қарсы алды. Бұл даңғылдар бойында жақында ғана салынған өте әсем ғимараттары бар.

(Н.Айтов)

Астана - бас қала. Қазақстанның астанасы. Оның әсемдігі мен көркемдігіне ешқандай қала жетпейді. Оқушылардың Қазақстан жеріне оның әрбір қалаларына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Суларына, аспанына, ғимараттарына деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

88-бетте Қазақстан Республикасы Ммелекеттік Әнұраны жазылған. Бұл Әнұранды Қазақстан Республикасының әрбір азаматы жатқа білуі қажет сондықтан бастауыш сынып оқулығына енгізген.

«Бостандық таңы атты» 89-90 бет

Бостандық таңы атты,

Қазағым, көріңдер.

Арға ие басшының

Соңынан еріңдер.

(Шәкәрім Құдайбердіұлы)

Автор бұл өлеңінде бостандық, тәуелсіз ел болғанымыз жайлы айтқан. Тәуелсіз ел болғандықтан еліміздің басшысының артынан еріп одан әрі тәуелсіздігімізді мықты етіп орнатып сағымызды ешкім сындыра алмайтындай етуіміз керек екені жайлы дәріптеген. Тәуелсіз елдің балалары еріншектіктен, жалқаулықтан арылып білімді, жігерлі, намысты болуға шақырған.

«Үш бақытым» 91-бет

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған беремін ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

(Мұқағали Мақатаев)

Үш бақыт – халық, тіл, Отан. Осы үшеуін қастерлеп, қадір тұтып әрқашан биікке көтеріп жүруіміз қажет. Автор бұл өлеңде әрбір халықтың өз отанын қадірлеуге шақырып оқушылардығ санасына отансүйгіштік сезімін енгізуге болады. Ана тілі оқулығына енгізілген Мұқағали атамыздың өлеңі кең ауқымды, мағынасы терең өлең. Бұл өлеңді жаттап өскен ұрпақ отанды, тілді қадірлеуге үйренеді.

«Туған тілім» 91-92 бет

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!

Туған тілім – анам тілі – өз тілі!

Тған тілім – далам тілі – өз тілім!

Туған тілім – адам тілі – өз тілім!

(Дихан Әбілев)

Туған тіл – ол ең қасиетті де қадірлі. Сондықтан өз ана тілімізді жетік білуіміз шарт. Туған тіліміздің қадір-қасиетін түсіндіру оқушылардың ана тілде сөйлеп өз тілдерін ұмытпауына осы өлеңнің көмегі мол. Автор осы өлеңде ана тілімізді дәріптеген бұл өлеңді оқулыққа енгізіп оқушыларға ана тілімізді қадірлеуге, отанды сүюге, елін, жерін қорғайтын азамат болып өсулеріне көмегі мол.

«Мен елімді сүйемін» 97-98 бет

Туған ел! Бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады. Содан шетсіз, шексіз қияға өрлеп кете барады. Оның жұпар атқан жусаны, оның кеудеңе құйылған мөлдір аасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары – осының бәрі-бәрі сенің туған еліңді құрайды.

(Сырбай Мәуленов)

Әрбір адамзат өз елін қадірлеп, отанын сүйгенде ғана оны нағыз патриот деп айтға болады. Соған байланысты бастауыш сыныпта отанға, елге деген сүйіспеншілік тақырыптары қарастырылған. Автор өз шығармасында туған ел мағынасы тереңде жатқанын оны балалық шаққа, ана әлдиіне, әже ертегісіне керемет сипаттап жазған.

«Ата – бабам тарихы – менің тарихым» бөлімі.

«Халық қорғаны» 103-104 бет

Жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының тағдырын ойсыратып кетті. Атамекенімізге 70 мыңға жуық қолмен тұтқиылдан лап қойды. Олардың ойы қазақ халқын қырып салып, жерімізді басып алу еді.

(Ел ауызынан)

Бұл мәтінде жоңғар шапқыншылығы туралы айтып өткен тарихымызды еске түсірген. Қазақ елінің тарихын білген оқушы ертеңгі күні өз елін жаудан қорғап шығады. Осындай тақырыптағы мәтіндерді оқулыққа енгізіп оқушыларды отанды сүюге, қадірлеуге, қастерлеу керек екенін оқып үйренеді.

«Батыр Бауыржан» 131-133 бет

Бұл 1941 жылғы қазанның бас кезі болатын. Дивизия Волоколамск стансасына келіп түсті. Полктар белгілі бұйрық бойынша сол маңнан бекініс, қорғаныс құрылыстарын жасауға кірісті. Полк командирі полктағы барлық командирлерді жинап алып, мәжіліс өткізді.

(Мәлік Ғабдуллин)

Бұл мәтінде 1941-1945 жылдар аралығында болған Ұлы Отан соғысы жайлы жазылған. Елін, жерн қорғауға ат салысқан батырымыз Бауыржан Момшұлы туралы айтылған. Отаны үшін жанын қиған батырымыздың ерліктері жайлы дәріптеген. Әрбір оқушымыз Бауыржан атамыздың ерліктерін біліп өссе ертеңгі күні өз Отандарын қорғап, қастерлеп өтетіні сөзсіз.

«Қажымұқан» 137-139 бет

... Ипподромға халық жойқын көп жиналыпты. Трибуна алдына балуандар күресетін үлкен кілем жайылған. Тәртіп бұзушылардың басын шауып алуға әзірмін дегендей қолдарындағы қылыштары жарқ-жұрқ етіп, түрік солдаттары да алаңға келді. Офицер командасы естіліп еді, солдаттар қақ жарыла сапқа тізіліп тұра қалды.

(Мұратқан Тәнекеев)

Қазақ тарихындағы ең бірінші балуанымыз ол - Қажымұқан. Қазақ атын дүниеге жайған алғашқы қазақ балуаны. Осындай балуандарымыз қазақ ұрпақтарынан шыққандығын дәлелдеп ата-бабаларымыз секілді қайтпас, қайсар бола білді. Осындай балуандарымыз сияқты келешек ұрпағымыз болса, осындай мәтіндерді оқулыққа енгізудің оқушыларды батыр, қайтпас қайсар мінезді болып өсу үшін мүмкіндігі мол.

«Ту тіккен Рақымжан» 140-143 бет

Соғыстың соңғы сағаттары. Берлинде әр үй, әр баспалдақ үшін қатты шайқас, қан төгіс ұрыс жүріп жатыр. Зәулім үйдің төртінші қабатында соғысып жүрген Рақымжанды батальон командирі подвалға шақырып алды.

(Кәкімжан Қазыбаев)

Соғыс жылдары қазақ батырлары өздерінің қайсарлықтарын көрсетіп үнемі өз отандрын қорғау үшін бір қасық қандары қалмағанша күресті. Осы жолда Рақымжан Қошқарбаевқа тапсырылған тапсырманы ерлікпен орындады. Туды апарып жаудың соңғы ұясына апарып тігеді. Оны көрген барша қазақ халқы оны мақтан тұтты. Бірақ Рақымжанға туды жаудың ұясына апарып тігу оңай болған жоқ. Сонда да өз жанын қиып жауға қарсы шығып қайсарлықпен туды апарып тікті.

4-сынып «Туған өлкем – тұғырым»

«Елтаңба мен Ту туралы жыр» 208-209 бет

Сонау көне заманда, бүгінгі қазақ елінің төрінде, Ергенеқон елінде ай мүйізді, аққу қанатты қос Пырақ өмір сүріпті. Сол қос пырақты бүгінгі Қазақтың, кешегі Көк Түріктің, ертедегі Ғұн мен Сақтың ата-бабалары алғаш рет ауыздықтап, жанына серік етіпті.

(Кеңес Оразбекұлы)

Қазақстан Республикасының рәміздері Елтаңба және Ту, Әнұран. Әрбір елдің өзіне тән рәміздері болады. Сол рәміздер арқылы мемлекеттер ажыратылып тұрады. Елтаңба мен Ту туралы көптеген аңыздар бар, сол аңыздардың оқушылар санасына енгізіп отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыруға болады. Ана тілі сабағында оқушыларға отанға деген сүйіспеншіліктерін осындай тақырыптар арқылы беруге болады.

«Туған жер» 210-бет

Шықшы тауға, қарашы кең далаға,

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.

О шеті мен бұ шетіне жүгірсең,

Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?

(Қасым Аманжолов)

Бастауыш сынып оқушыларының туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға осындай тақырыптарды оқулыққа енгізіп, отанға, туған жерге, отбасына, елге деген сүйіспеншіліктерін, махаббатын қалыптастыруға болады. Автор осы өлеңде туған жерді ұлағаттап жазып көрсеткен.

«Сүйемін, өскен Отаным» 211-212 бет

Сүйемін мен жерімнің

Топырағын, тасын да

Сүйемін думанды елімнің,

Кәрісін және жасында.

(Мұқағали Мақатаев)

Бұл өлеңде өз Отанын сүюге, тасын, топырағын да қастерлеп ұлық тұту қажет. Қазақ жерінің барлық көлдерін, өзендерін барлық азаматтар қорғауы үшін оларды өз отанын қорғауға, сүюге шақырып осындай тақырыптағы өлеңдермен баулуға болады. Өз отанын сүймеген азамат ол нағыз азамат емес, сондықтан әрбір азаматымызды мектеп кезінен бастап отансүйгіштікке шақыруымыз қажет.

«Қазақстан» 213-бет

Жақсыаттанды демессің сүйем десем,

Табынатын тәңірім, ием де сен.

Адам болып күн кешу қиын маған,

Арқа тұтып өзіңе сүйенбесем.

(Мұқағали Мақатаев)

Автор бұл өлеңде әрбір азаматты патриот болуға шақыру мақсатында осындай өлеңдерді жазып оны жас ұрпақ оқысын, білсін деген. Қазақстанды тәңірге, иесіне теңеп отанды қадірлегенін көрсеткен. Сол секілді біздің жас ұрпақта өз отанын қорғай білсін туған жерден артық ешнәрсе жоқ екенін ұғындыру қажет.

«Туған өлкем» 214-215 бет

Қазақстаным,

Өзіңнен алдым

Бұрқанған асау жыр басын.

Өзіңсің менің мұңдасым,

Досым,

Сырласым.



(Қайрат Жұмағалиев)

Туған жеріміз кең байтақ қазақ елі туралы біздің ақындарымыз терең оймен, сезіммен жазып қалдырған. Қазақстанның кең байтақ ел екенін оны қорғау біздің борышымыз екенін түсіндіріп ана тілі оқулығындағы өлеңдерді оқып үйретуіміз қажет. Бұл өлеңде туған жерге деген махаббатын сезіндіріп жазған.

«Туған жердің ыстығы-ай» 215-217 бет

Өткен жазда қызықты оқиғаға тап болдым. Амудария өзенінің бойында кен іздеп жүр едім. Соңында буыны қатпаған қаршадай ботасы бар нар түйе маң-маң басып өте берді. Ол өзен бойына келіп тоқтады. Түйе өзеннің арғы бетіне ұзақ қарап, боздады да тұрды.

(Қали Сапарбаев)

Туған жердің ыстық екенін сезіну үшін ұлы сезім мен махаббат қажет. Әрбір адамзат баласына өз туған жерінен артық, ыстық ешқандай нәрсе жоқ. Бұл мәтінде елге, жерге деген сағынышты көрсеткен. Адамзат болсын басқа тіршілік иесі болсын олардың барлығына туған жерлері ыстық, туған жерге ештеңе жетпейді. Автор туған елге сағынышын түйенің кейіпкер қылып жеткізгісі келген.

«Көкшетау» 217-219 бет

Таудағы тасқындаған ағын судай,

Өлеңім басталады таудан ұдай.

Әсемін әңгіменің көп таратқан

Айтылмай қалған екен тау мынадай:

(Ілияс Жансүгіров)

Бұл өлең жолдары ақынның жазған әрбір сөзінде туған жеріміздегі әсем қалалардың бірі Көкшетау туралы. Осындай өлеңдерді оқыған әрбір азаматымыз отанға, елге, қаламызға, ауылға деген құрметі асып, сыйлап, қорғай білуге ұмтылады.

«Алматы – бас қалам,

Жас қала – Астанам» 220-бет

Қарт Алатау – қазақтың қара шалы,

Өрлігіне кім оның таласады?!

Елге ғана осындай таулары бар

Алматыдай бас қала жарасады!...

(Жарасқан Әбдірашев)

Бұл өлең жолдары әрбір оқыған оқырманның жүрегін бір тебірентпей қоймайды. Біздің әсем қаламыз бен бас қаламыз туралы сөз маржандарын теріп теңеп жазған. Біздің елде ғана бар осындай қалаларды басқа елдегі қаласындай емес, әрбір жерін мақтап, мадақтап жазып қалдырған. Осындай елде өмір сүріп жатқанымыз үшін біз өзіміз мақтан тұтуымыз керек. Ал бұл өлеңдерді оқулыққа енгізіп оқушылардың отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыруға болады.

«Мен соғысты жек көрем!» 260-261 бет

Мен соғысты жек көрем!

Мен соғысты

Жек көрем!

Көкем айтып отырса,

Кім қасірет шекпеген,

Кім көз жасын төкпеген!

(Қайрат Жұмғалив)

Соғыс кезіндегі қайғы қасірет шеккен ата-бабаларымыз жайлы жазылған бұл өлеңде. Соғыс кезінде қайғы көрмеген адам баласы қалмаған, сұрапыл соғыста біреулер әкесінен, біреулер ағасынан, біреулер баласынан айырылып жатты. Сұмдық соғысты көрген аталарымыз елдің тыныш болғанын қалап, енді қазақ елі ешқандай соғыс көрмеуі үшін дұға-тілектер айтып жатады. Ал елді қорғау қазақ баласының азаматтық борышы дейді. Азаматтық борышты орындау үшін мектеп кезінен оқушыларды дайындап отанды сүюге үйретеді.

«Шығыс шынары» 261-264 бет

Әлияны «Артек» пионер лагеріне жіберу туралы әңгіме шығып еді, барлығы да «Молдағұлованы Артекке жіберу керек, ол үздік оқитын оқушы» деп шуласып кетті. Барлығыңыз бірдей шуламай, кезекпен сөйлеңіз. Пікірлеріңізді айтыңыз, - деді мектеп директоры.

(Әзиза Нұрмаханова)

Бұл мәтінде автор біздің батыр қызымыз Әлия туралы жазған. Әлияны шығыс шынары деп бекер айтпаған. Әлия үздік оқитын оқушы болған және мектептегі барлық іс-шараларға қатысып жүрген. Сондықтан Әлия Молдағұлованы барлық мұғалімдер жақсы көріп оны лагерге жібергіс келеді. Бұл мәтін батыр апамыздың балалық шағы туралы. Бастауыш сынып оқушысы еліктегіш болып келеді осындай тақырыпты оқыған оқшы өзі де осындай батыр, білімд болғысы келеді.

«Бала Мәншүк» 264-265 бет

Саратовқа келгеннен кейін, Мәнсия (Мәншүктің шын аты – Мәнсия) балалар бақшасына бара бастады. Алғашқы күндері оған өте қиын болды. Бақшадағылардың бәрі дерлік орыс балалары. Ал Мәншүк болса, ауылдан жаңа келген қазақтың қызы бір ауыз орысша білмейді.

Бұл мәтінде қазақтың батыр қызы Мәншүк туралы. Мәншүктің балалық шағы туралы айтып берген өз анасы. Анасы Мәншүкті балабақшаға барған сәтінен бастап айтып берді. Ешқандай орысша білмейтін Мәншүкті орысша балабақшаға бергені туралы осы мәтінде айтылып өткен. Мәтінді оқыған әрбір оқушы өз санасына өз елінің патриоты болу керек екенін ұғынырып алады. Сондықтан осындай тақырыпты оқулыққа енгізіп көрсеткен. [37; 208-209, 210-220, 260-261, 264-265, ]

Осындай тақырыптар арқылы бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеуге болады. Бұл тақырыптарда оқушылардың сана-сезімі дамып отанға, жерге деген сүйіспеншіліктері артады. Халқымыздың әдебиеті мен тіл өнері бабамыздың бізге қалдырған бай мұрасы ана тілімен Отан деген ұғымдар бір- бірінен ажыратуға келмейтін түсініктер. Ана тілінің бүгінгі мен болашағына немқұрайлы қарайтын адамдар өз Отанының мүддесіне де дәл солай салғырт қарайды. Елін сүйген адам сол елдің салт санасын мәдени мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс. Абылай бабамыздан бастап кешегі желтоқсанға дейін азаттық үшін алысып, ұлы тұлғалардың ел тәуелсідігі жолындағы ерлік істерін ұғындыру мақсатында тәрбиелеу қажет. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері балалардың бойындағы отандық сезімді жастайынан қалыптастыру мәселесі күрделене түсті. Сондықтан «Қазақстан Республикасының жастарына үздіксіз тәлім тәрбие беру тұжырымдамасында» тәрбиенің негігі мақсаты дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, иманды, ақылды, парасатты, рухани ояу, дәрежесі биік, ар ожданы мол ,еңбекқор, іскер, талғамы жоғары және бойында тағы да басқа ізгі қасиеттері бар азаматтарды тәрбиелеу деп белгіленген. Қазақ халқы, яғни біздің ата бабаларымыз тәрбиенің негізгі мақсаты сегіз қырлы бір сырлы, жетілген адамды тәрбиелеу деп санаған. Отанын адамның өзі тануы тиіс. Оны жете біліп, қадір қасиетін ұққанда тарихын, өткен жолын, қиындық еңбектерін, рухын, тар жол, тайғақ кешулерін көз алдынан өткізіп, жанымен сезе білгенде елдің басын біріктірген жат жұрттардан жерін, суын, даласын, тауын қанын төгіп, қайсарлықпен қорғап алған ерліктерін сезіп білгенде ғана соған деген мақтаныш сезімі оянады. Жалпы кез-келген адам іс әрекеттерінде немесе басқа жағдайларда ерлік істерге бару үшін алдымен рухани жағынан дайын болуы керек. [38;63-65]



    1. Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімдерін педагогикалық тұрғыдан қалыптастыру.

«Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – азаматтың қас жауы, ол келешекте оның барлық барлық өміріне апат әкеледі», - депті әл – Фараби бабамыз. Мұнан өз тағдырын өзін шешуге қолы жеткен халқымызға ұлттық рухани болмысты дұрыс қалыптастыру аса қажет екенін байқаймыз.

Отаннына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мәселесі – бүгінгі күннің білім беру жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі.

Отан дегеніміз – халық. Халық дегеніміз – адам. Адамды сүю – оған жақсылық жасау. Ендеше отаншылдық – сонау ерте заманнан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім. Халықтық құндылықтарға сүйене отырып, елдікке, ерлікке, азаматтыққа тәрбиелеудегі өлең - жырлар, мақал – мәтелдердің әсері ұтымды болатындығы туралы танымал педагогтарымыз айтып та, жазып та жүр.

Патриотизм мәселесі қай халықтың болмасын басты тәрбие бағдары болады. Патриоттық сезімді тәрбиелеуде түрлі құралдар пайдаланылады. Патриоттық сезімдер құралдарына:

1. Ұлттық құндылықтары – жер, ел, тіл жатады.

2. Ұлттық нышандары - Ел таңба, Ту, Әнұран.

3. Ұлттық мәдениеті – сөз, бейнелеу, саз, дене тәрбие және т.б.

4. Қазақ зиялыларының өнегелі іс - әрекеттері мен сөздері.

Халқымыздың отан сүйгіштік, патриоттық туралы, ұлттық мұрасының даму тарихына үгілетін болсақ, ХҮ – ХҮІІІ ғасырлардағы Асан Қайғы бастаған, Ақтамберді, Доспамбет, Шалкиіз, Бұхар, Махамбет т.б. ақын – жыраулардың поэзияларындағы тәлімгерлік ой пікірлерінен көреміз. [39;18]

Жас ұрпақтың оның ішінде төменгі сынып оқушыларының төл мәдениетінен нәр алуы ұлттық фольклорымен тығыз байланысты. Қазақ халқының өте әрідегі ата – бабаларының өмір сүрген кезінен (ҮІ ғасыр, Түрік қағанаты) бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі – халықтық педагогика. Халық педагогикасының басты мәселелерінің бірі – ұлттық үрдістер тұтастығын сақтай отырып азаматтық, адамгершілік, патриотизмге тәрбиелеу болды. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой – толғаныстары бесік жырымен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс - термелерде, жұмбақ - жаңылтпаштар мен мақал – мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – адамгершілік – имандылық, ақыл – ой, еңбек, эстетика, дене, патриоттық тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі. Қазақ халқы бала тәрбиесімен арнайы айналысатын қоғамдық орындар (балалар бақшасы т.б.) ашпаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезіннен бастап - ақ өлең – жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ тәрізді мәтіндік ұлағаттармен санамақ, жаңылтпаш сияқты ойындар арқылы тәрбиелеп отырған. Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне қарағанда, мақал – мәтелдердің өзіне тән ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар. Ол адам өмірінде, тұрмыс – тіршілікте, қоғамдық жайларда кездесетін әр түрлі құбылыстарға, тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық баға, тұжырымды түйін есебінде қолданылады. [40; 89-95]

Отансүйгіштікке тәрбиелейтін мақал – мәтелдердің алатын орны өз алдына бір төбе. Мақал – мәтел ойды қысқа да ұтымды жеткізетін, өмір тәжірибесін қолдана айтатын сөздер. Онда ел, жер, халық, Отан жайында айтылған өнегелі сөздер өте көп. Мысалы, «Өз елім өрен төсегім», «Ел – жұрты бардың жұтамы жоқ», «Туған жердің күні де, күлі де ыстық», «Туған жер – тұғырың, туған ел - қыдырың», т.б. мән мағынасына зер салатын болсақ, ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін, жас ұрпақтың отансүйгіштік, патриоттық сезімін жетілдіру үшін қажетті қағидалар, бұлардың тәрбиелік мәнін түсіндіре отырып, бала тәрбиесінде кең пайдаланылды. Өзінің мақалдарында туған жер, ел – отанды аса жоғары бағалап ардақтаған халық енді оларды қорғау әрбір ер – азаматтың басты борышы деп біледі. Ел талап, ойран салуды көздеген шапқыншы жау болса, оған қарсы аттану, қасықтай қаны қалғанша, ақтық демі біткенше алысу, сөйтіп дұшпаннан Отанды қорғап қалу халқын сүйген әрбір ер жігіттің азаматтық борышы болатындығын көрсетеді. «Жат елдің жақсысы болғанша, өз еліңнің сақшысы бол», «Елін сүйген ер болар» деген мақалдар осының айғағы. Халық мақалдары ел қорғау, басқыншы жауды талқандап жену жолында ерлік жасаған, қара қылды қақ жарған, қиядан тартып жол салған, жау қамалын қиратқан, табан тірескен айқастарда тайсалып тартынбаған жігіттерді ардақтайды, абыройлы атақ пен даңққа бөлейді. Олардың халық сүйсінген ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үлгі етеді.

Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған және ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрлардың бірі – жұмбақтар.

Жұмбақ - өскелең ұрпаққа білім берерлік, тәрбиелік мәні бар құралдардың бірі. Мақал адамның логикалық ойын дамытса, жұмбақ, жаңылтпаш жас баланың тілін жетілдіріп, табиғат өмір жағдайындағы түсінігі мен қиялдау қабілетін дамытады. Жұмбақ ең алдымен жас бөбектерге үйретілген. Оның өзі көбіне ұйқасқан өлең түрінде айтылатын болған. Алдында айтылған мақал – мәтелдер тәрізді жұмбасқтар да балаларды ерлікке отаншылдыққа, патриотыққа үндейтін маңызды құралдардың бірі. Өйткені көптеген жұмбақтардың астарында батырлық ел қорғаған ерлердің бойындағы бес қарулы жасырын түрінде айтылады. Мысалы: Белі қайқы, жоны тайқы. (қылыш).

Сүмбелі теректі,

Қызыл желекті.

Ерден қалмайды,

Жауда керекті. (найза)

Негізі, жұмбақты сөз образының кілті есебінде тануға болады. Жұмбақ ақындықтың ұрығы – дәні тәрізді. Жұмбақтардың шешуін іздеймін деген баланы ойына және қиялына әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар қылыш, найза тәрізді ер қаруын қолға ылып, елін жаудан қорғауға деген құштарлықтар пайда болады.

Аңыз әңгімелерде елдің мұңын мұндап, жоғын жоқтайтын қаһармандар өскелен буынға тәрбиелі де ізгі ықпалын тигізеді. Мысалы, көпшілікке мәлім, ұлы даланың абыз жырауы атанған Асан Қайғы туралы айтсақ артық болмас. Асан Қайғының халқы уайым - қайғыны білмейтін, жан – жануары жылына екі мәрте балалайтын жазы самал, қысы шуақты Жерұйықты іздеуі баяндалады. Желмаяға мініп тынымсыз сапар шегетін, Алтай мен Атырау арасындағы жер – судың қадір – қасиетіне қарай сипаттама беретін дала даңышпаны қартайған шағында жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрсе, ол халқы үшін жасаған қызметі.


Каталог: uploads -> doc -> 033f
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
033f -> Қазіргі заман мұғалімі
033f -> Сабақ тақырыбы : Саяхат дене тәрбиесі системасында. Сабақ мақсаттары: • білімдік: қауіпсіздік ережесін алдына алу
033f -> Қарағанды облысы Білім басқармасы І облыстық «Шабыт әлемі» 2012 байқауы «Қуыршақ жасау әдісі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет