БАЙЛЫҚ ПЕН АҚЫЛ
Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні ол ұлдарын жинап алып:
- Балаларым, мен болсам қартайдым. Сендер ержеттіңдер. Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол менің мұрагерім болады. Әрқайсысың маған ақылдарың мен байлықтарыңды көрсетіңдер, - депті.
Үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп:
Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:
Мені осы қалпымда көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, - дейді.
Үшінші ұлы күміспен, алтын тастармен әшекейленген белдігін буынады да:
- Мұндай белдікті ешкім, ешқашан буынып көрген жоқ, - дейді.
Әкесі үлкен балаларына қарап, басын шайқайды. Енді ең кіші ұлына қарап:
Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың? - дейді. Сонда кенжесі былай депті:
Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен әшекейленген белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат-жігерге толы жүрегім ғана бар.
Шал кенже ұлының жауабын ұнатып, риза болыпты. Оны өзінің мұрагері етіп қалдырыпты. Ал үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.
(155 сөз)
ӘКЕ МЕН БАЛА
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу қайтып келе жатады. Жолда жатқан бір ескі тағаның сынығын көріп, әкесі баласына:
Балам, ана тағаны ала жүр, - дейді. Сонда баласы әкесіне:
Сынып қалған ескі тағаны алып не қыламыз, - депті. Әкесі еш нәрсе айтпай, тағаны алыпты да, жүре беріпті. Қаланың шетінде темірші ұстаға тағаны үш тиынға сатыпты. Ол ақшасына шие сатып алып, орамалына түйіп, өзі шетінен бір-бірлеп алып жеп, баласына қарамай жүре беріпті. Біраз жүргеннен кейін әкесінің қолынан бір шие жерге түсіп кетеді. Әкесінің соңында шиеге қызығып келе жатқан бала шиені дереу жерден алып, аузына салады. Шамалы жүргеннен кейін әкесі тағы бір шиені тастайды, бала тағы алып жейді. Тағы тастайды, тағы алып жейді. Сонда әкесі баласын тоқтатып тұрып былай депті:
Көрдің бе, балам. Бағана жамансынып, жерден бір ғана еңкейіп алуға ерініп едің, енді сол ескі тағаның ақшасына алған шиенінің жерге түскенін теремін деп, бір еңкеюдің орнына үш еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың», - депті.
(164 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |