ЖЕТІ ҚАЗЫНАНЫҢ БІРІ
Баяғыда аң патшасы арыстан қызметшісі жолбарысты шақырып, ормандағы барлық аңдарды жина деп бұйырыпты. Арыстан патша әлемде ең қайратты, ең ақылды әрі епті кім екенін білгісі келіпті. Лезде арыстанның апанының алдына аңдар жинала қалады. Арыстанның сөзін естіп болған соі түлкі алға шығып:
О, әлемде теңдесі жоқ патшам! Бұл өмірде Сізден қайратты, ақылды, епті жан жоқ. Сондықтан да біз сізді патша етіп сайлағанбыз! Сіздің қайырымыңыз шексіз, - депті. Барлық аңдар өз пікірлерін айтыпарыстанға жағымпаздана, оны дүниедегі ең күшті, ақылды деп лепіртеді. Мақтау сөздерге мәз болған ақымақ арыстан бір бұрышта құлағы салбырап, өзі маужырапжатқан итті байқайды. Дереу гүрілдеп итке төне түседі:
Әй, сен, оңбаған, мыналардың не айтып жатқанын естіп отырсың ба өзі? Неге сен үн қатпайсың? – дейді.
Ит салмақты қалпын бұзбастан:
- Ә, сен бе едің... Сонша неге орманды басыңа көтересің? Менің де сені мақтап бас ұруым керек па? – деп, басын көтерместен тәкәппарлана қарсы сөйлейді.
Ал сонда, - дейді арыстан, дүниеде ең қайратты, ең ақылды, әділ әрі епті кім?
Мен үшін дүниеде ең қайратты әрі ақылды тек-адамзат.
Арыстан одан бетер ысқырып, дереу жолбарысқа:
Ит иттігін жасап, адамды мадақтады. Біздің арамызда оған бұдан былай орын болмауға тиіс.Дереу арамыздан аластатыңдар! – депті күндей күркіреп...
Бұл сөзден соң ит мүлде көңілі қалып, олардың арасынан бір жолата ат құйрығын үзіп кете барған екен.
Содан бері ит адамның досы, көмекшісі болыпты. Бертін келе
« Ит – жеті қазынаның бірі» деген қанатты сөз қалыптасыпты.
(221 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |