ҚҰСТАР НЕГЕ СӨЙЛЕЙ АЛМАЙДЫ? Ерте заманда адамдар мен құстардың достығы мықты болыпты. Құстар адамдардың тілін түсіне алатын болған екен.
Биік тауда бүркіт өмір сүріпті. Бір күні бүркіттің қарны ашып, аулайтын аң аңдып отырады таудың биік шыңында отырып. Бірақ ештеңе табылмайды. Күннің көзі бүркіттің көзіне түсіп, ол ұйықтап кетіпті. Біраздан соң құстың қанатының даусынан оянып кетеді. Қараса, қаршыға жемтігін аулаған екен. Сөйтіп келесі бір төбешікке барып жейін деп жатыр екен. Оны көрген бүркіт қатты ашуланады да қаршыға отырған төбешікке барып, қаршығаны шұқып тастауға аз қалады. Қаршыға қорықпастан:
- Бүркіт, саған не болған дікеңдеп? Дұрыстап сұрасаң саған да беремін ғой еттен, - дейді. Сонда бүркіт:
- Маған сенің қонақжайлылығың керек емес. Жай сенің өліп қалған аңды қалай жейтініңді көрейін деп келдім, - дейді. Бірақ етті көріп көзі қызып барады.
Оның сөзіне қаршыға күледі де:
- Егер бұл аң өліп қалған болса, онда сен күні бойы не қарап отырдың?- дейді. Бұл сұраққа көңіл-күйі түсіп кеткен бүркіт:
- Мен бұл аңды көрмедім. Мен бұны емес, бір көзіммен қоянды, екінші көзіммен елікті аңдып отырған едім. Сен олардың етін жей алмайсың ғой. Же алдыңдағы етті, сасып кетпесін, - деп жауап қайырады.
Бүркіт пен қаршыға бір-бірімен қатты ұрысып қалады. Екеуінің шуын естіп қалған барлық құстар жиналады. Құстар Құстандың занын сайлауды ойластырады. Сол хан ұрысты шешіп беруі керек болады.
Құстар шықылдап, шулап кетеді. Барлығының хан болғысы келеді. Сол кезде Бүркіт алға шығып:
- Мен сендерге хан болу керекпін. Менен де биікте самғап ұшатын ешкім жоқ, - дейді. Бірақ оған құстар келіспей: “Жоқ, керек емес! Сен өте тәкәппарсың. Сол себептен де биік құзда өмір сүресің”, - деп қарсы болады.
Жарқанат шығып:
- Менің хан болғым келеді. Менің қанатым сендердікіндей жүннен емес, теріден. Алыстағыны естіп қоямын, - дейді. Бұған көкек келіспей қояды:
- Жарқанаттың хан болуы мүмкін емес. Құстарға ҚҰСПЫН дейді, аңдарға АҢМЫН дейді. Оның үстіне түні бойы ұйықтамай ұшып жүреді де, бізге ұйқы бермейді. Сендер үшін менен жақсы хан болмайды. Менің салған әніммен бүкіл жер беті және жасыл желек құлпырады.
Көкектің де сөзіне құстар келіспей қояды да, былай дейді: “Көкек бізге хан болмайды. Ол өзінің балапандарына қарамай тастап кетеді”.
Осы кезде құстар арасында үлкен айтыс-тартыс туды. Әрбір құс өзін хан қылып сайлауды ұсынды. Құстар қатты шулап кетеді. Мұны естіп жоғарыда талдың басында сиқыршы қара қарға отырады. Ол:
- Ақыры бір-біріңмен тіл табыса алмайды екенсіңдер, онда сөйлемей-ақ қойыңдар. Барлығының хан болғысы келеді, - дейді. Сол кезден бастап құстар адам сияқты сөйлеуден қалады.
Міне, құстардың ауызбіршілігі болмағандықтан, барлығы бірдей сөйлей алмай қалыпты.
(389сөз)