— Өсімдікке не қажет? (ертегі құрастыру)
V слайд
Венн диаграммасы (кез-келген екі затты салыстыру)
VI слайд
ББҮ кестесі (кез келген тақырып)
Не білемін?
|
Не білгім келеді?
|
Не үйрендім?
|
|
|
|
Нәтижесінде қоғамымызда табиғатты сүйе білетін, қайырымды, мейрімді, өзін-өзі тани алатын, байқағыш, үнемді, табиғат құндылығын түсіне білетін тұлға тәрбиеленеді.
Әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымызда қолданамыз:
Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.
Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
Мәтін бойынша мақал құрастыру.
Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.
Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.
Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)
Өлең, мақалдар құрастыру.
Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.
Кейіпкерге мінездеме беру.
Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу.
Рөлге бөліп оқыту.
Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)
Диалог-ертегі.
Образға кіру.
Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіземіз. Енді осы шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейік. Олар: образға кіру, талдау және қиялдау, суырыпсалма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру.
І тапсырма «Образға кіру»
Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғызу. 1 оқушының әңгімесі: Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, мұғалімдеріне бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды. Мені адамдар төрге қояды. Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адамдар жақсы көреді. Мен ешкімге жамандық істемеймін. Осы арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері дамиды.
ІІ тапсырма «Талдау және қиялдау»
Бастауыш сынып оқушыларының ой-санасын, қабілетін, шығармашылығын дамытуда шығарманы, көркем әдебиет үлгілерін талдаудың әсері мол. Талданбаған шығарма бала жүрегіне жетіп, оны тебірентпейді. 3-сыныптың «Қамқорлық» әңгімесінде балалармен талданып, сұрақ-жауап алынады.
— Әңгіме кім жайында? (қайырымды, мейірімді бала жайында)
— Екі бала жайында не айтасыңдар?
Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары, айырмашылықтары, ортақ қасиеттері айтылады.
Жантас
Мейірімсіз, қатыгез, жаман,
әдепсіз, ешкімді аямайды,
балапанды азаптады
Қожа
Қайырымды, мейірімді,қамқорлы,
жақсы, әдепті, жаны ашитын
Осы әңгімедегі балапан торғайдың халін бір ғана сөзбен қалай суреттеуге болады?
— Осыны оқи отыра қандай көңіл-күйді бастан кешірдіңдер? (Жантасқа ызаландық, ренжідік т.б.)
— Балапанды аядық, көмектескіміз келді.
— Қожаның ісіне қуандық.
— Енді осы кейіпкерлердің қайсысымен кездескілерің келеді?
— Кездескенде не деп айтар едіңдер?
— Мәтінді басқаша қалай аяқтар едіңдер?
— Осы бойынша қандай мақал-мәтелдер айтар едіңдер?
— Қандай сурет салар едіңдер?
— Қалай мүсіндер едіңдер?
Осы арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетінің құмарту, қиялдау, идеяның жарқ етуі, шабыт сияқты кезеңдерін бастан кешетіндей жағдайға әкелуге болады.
ІІІ тапсырма «Суырыпсалма ақын»
Бастауыш сыныптарда шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған жөн. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдауы мен шығармашылық ойлауы қалыптасып дамиды.
Мысалы «Жаңбыр ойыны»
Іс-әрекет жасаудың маңызы ерекше. «Жаңбыр» ойыны кезінде мұғалімнің айтқан құбылыстарын оқушылар сол сәтте, әрқайсысы өз беттерінше найзағай ойнады, жаңбыр тамшылады, жел күшейді, нөсерлеп құйып жауды, жел бәсеңдеді іс-әрекет арқылы көрсетеді. Осылайша оқушыларды сергіте отырып, қызығушылықтарын туғызған соң «Жаңбыр» өлеңіне сай суырыпсалмалықтың ең алғашқы сатысын орындатуға болады. Ол үшін тірек-сөздер қолданамыз:жаңбыр, дала, тау, қала, бау, ауыл.
Мұғалім
|
Оқушы
|
Жаңбыр жауды
|
Далаға
|
Жаңбыр жауды
|
Қалаға
|
Жаңбыр жауды
|
Ауылға
|
Жаңбыр жауды
|
бауға да
|
Көктемгі кез, жазғы мезгіл, күзде бәрі, қыста бәрі, көрікті, жаңаша, әдемі, тамаша. (өлең шығарады)
ІҮ тапсырма «Диалог-ертегі»
Шарты: мұғалім не оқушы ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме-ертегіні бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Мысалы, былай бастайды: «Ертеде бір байдың ерке ұлы болыпты…» 1-оқушы: «Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп, адасып кетіпті…» десе, 2-оқушы: «Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті…» — міне осылай ертегі жалғаса береді. Ең соңғы оқушы ертегіні ұшқыр шешіммен аяқтауы тиіс.
Ү тапсырма «Жұмбақтар, мақалдар құрастыру» арқылы оқушылардың ой-өрісі дамиды.
Суреті бар, хабарлайды,
Жәшікте тұрып жыбырлайды.
Ән салады, би билейді,
Көңіліңді көтереді. (теледидар)
Жерге түсірсең, секіреді. (доп)
Бізге жарық береді,
Бассаң, жоқ болып кетеді. (электр шамы)
Өзі әдемі, иісі жұпар,
Оны туған күніне сыйлар. (гүл)
Өзі гүл сияқты,
Күн көзін сүйер.
Ішінде дәні бар,
Балалар оны шағып жер. (күнбағыс)
Мақалдар
Еріншек болсаң,
Наның жоқ.
Еңбекқор болсаң,
Қарның тоқ.
Еңбексіз нан жоқ,
Нансыз өмір жоқ.
Бір сәттік бақытқа,
Алланы ұмытпа.
Қазақ тілі сабағында қолданылатын шығармашылық тапсырмалар
Су түбінде асыл тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде асыл сөз,
Шер толқытса шығады.
Асан Қайғы
|
Тәрбиелеп отырған жас ұрпақтарымыз еліміздің ертеңгі өмірінде білімді, білікті азамат, саналы қайраткер болып қалыптасу үшін, өмірден дұрыс жол таба білу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы шешім қабылдай білуге үйренуі қажет. Осы мәселені шешу үшін оқыту мазмұнында әдіс… тәсілдердің де озығын пайдалану керек деп ойлаймыз. Өз іс-тәжірибемізде дамыта оқыту және сын тұрғысынан ойлау арқылы төменгі сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлеміз. Шығармашылық іс-әрекеттер алға қойған проблемамен бетпе… бет келген кезде жүзеге асады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстарын қазақ тілі сабағында қалай іске асыратыныма тоқталып өтейік.
Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру мақсатымен әр сабақта сөздік диктант жүргізіледі. Ол сөздердің дұрыс жазылуын меңгертіп қана қоймай, осы сөздер бойынша мәтін құрастыруға тапсырма берілді. Мысалы: қансонар, сәресі, электр, аппақ, қыстыгүні, эвкалипт, күн құрғатпай деген сөздер бойынша Байзақова Альмираның құрастырған мәтіні: Менің атам мен әжем ауылда тұрады. Қыстыгүні демалыста ауылға баруды ұнатамын. Әжем үйінің алдында үлкен эвкалипт ағашы өсіп тұр. Сол ағаштың қасында биік төбешікке ауылдағы достарым күн құрғатпай келіп тұрады. Бәріміз шанамен сырғанақ тебеміз. Кейде кешке электр жарығымен де сырғанақ тебе береміз. Маған әсіресе әжеммен таңертең сәресін ішу өте ұнайды. Атам қансонарда аңға шығады. Аң аулаудан келген соң, атам маған қызықты әңгімелер айтады. Демалыс біткенде атам мен әжеммен қимай қоштасамын.
Мәтіннен үзінді оқып беріп, ары қарай өздерің аяқтаңдар деген тапсырманы оқушылар қызығушылықпен орындайды. Пән аралық байланысты жүзеге асыру да сабақ барысында жүргізіліп отырады. «Қыз Жібек» жырымен танысқан соң, жырдағы теңеу сөздерді қатыстырып, қазақ тілі сабағында ертегі құрастырдық. Саттарова Сабина деген оқушының «Кедей» деген тақырыпқа құрастырған ертегісі: Ерте, ерте, ертеде бір уыздай жас жігіт болыпты. Өзі сондай кедей екен. Ол ханның қызын ұнатыпты. Ханның қызы да жас екен. Қызы сондай сұлу болған. Қыздың беті наурыздың ақша қарындай, бетінің қызылы тауықтың қанындай кебісінің өкшесі бұхардың гауһар тасындай, басында алтын шашбау, білегі айбалтаның сабындай, өзі сымнан жіңішке болыпты.
Бір күні кедей таңертең орманға келіпті. Орман өте әдемі, ауасы таза болған.Ол жерден бір таяқ тауып алады. Таяқшаның бір шетінде жазу бар екен: кімде…кім осы таяқты жерден көтерсе, оның үш тілегін орындаймын. Қуанышы қойнына сыймаған кедей өзінің бірінші тілегі… ханның қызы мені ұнатса екен деген. Кедей ханның қызына келеді. Қыз жүгіріп алдынан шығып, жігіттің маңдайынан сүйеді де, тез кетуін сұрайды. Таң қалған кедей неге екенін сұрайды. Қыз: Әкем бізді көрсе өлтіреді, — дейді. Жігіт: Екеуіміз бірге қашайық, — дейді. Қашпақшы болғанда ханның уәзірі байқап қалып, ханға айтып қояды. Хан уәзірлеріне кедейді алып келуге бұйрық береді. Кедейді өлтірмекші болады, қызын өз бөлмесіне қамап тастайды. Кедей қолындағы таяққа тез өзінің екінші тілегін айтады: «Хан мен уәзірлері тасқа айналып кетсін» дегенде бәрі тас болып қалады.
Кедей ханның қызын ертіп келе жатып, үшінші тілегін айтады: «Менің әдемі үйім, қасында үлкен бағы болсын», — дейді. Қараса, аспанында ақша бұлттар көшкен, бақшаның іші жұпар иісі аңқыған, бал татыған өріктері, қып… қызыл алмалары нарттай болып піскен, көкорай шалғын жайқалып, домбыра сазы құйқылжыған бақ пайда болады. Олар қуанып, осы бақтың ішінде бақытты, ұзақ өмір сүрген екен. «Халықтың тәжірибесінсіз педагогика да жоқ, педагог та жоқ» — деген болатын ұлы педагогтарымыздың бірі — К.Д. Ушинский. Халқымыз баланы кішкентай кезінен дұрыс та айқын сөйлеуге үйретіп, тіліндегі кемістікті жоюды да ойластырған. Соған орай жаңылтпаштар шығарған. Жаңылтпаштарды жаттау арқылы бала ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйреніп, сөз қадірін түсініп, ой… қиялы дамиды, тәлім алады, тілі ширайды, есте сақтау қабілеті дамиды.
Сабақта жаңылтпашты құрғақ жаттатпай, шығармашылыққа баулу жұмыстарын іске асырамын. Мысалы:
Бұл… піл, бұл ірі піл.
Шеше, шеше,
Неше кесе Сынды кеше?
Осы екі жаңылтпашты қатыстыра отырып мәтін құрастыруға тапсырма берілді. Байжиенова Ақмаралдың құрастырған мәтіні. Айдардың шешесі ас үйде кеселерді жуып тұрды. Бір кезде үйге дәу піл кіріп келді. Қасында тұрған Айдар қорқып кетті де, қатты жылап жіберді. Шешесі қолындағы кесесін жерге түсіріп алды. Кесе сынып қалды.Шешесі оған:
— Айдар, жылама, қорықпа! Бұл — піл, бұл —ірі піл ғой. Ол саған тиіспейді, — деді. — Шеше, шеше, неше кесе, сынды кеше?, — деп сұрады. Шешесі күлімсіреді де, ұлының басынан сипады.
Халқымыз мақал–мәтелдерді тәрбие құралы ретінде пайдаланған. Адамгершілікке, адалдыққа, еңбекке, отанын сүюге т. б. қасиеттерді тәрбиелеуде мақал… мәтелдердің орны ерекше. Мақал мәтелдерді орынды пайдалана білуді үйрету мақсатымен сабақта мынандай тапсырмалар жүргіздім. Тақтаға әр түрлі жабайы құстардың, жануарлардың суреттері ілінді де, бұлардың ертегі кейіпкерлері болатындығыескертіліп, әр жануардың қасына:
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Отансыз адам… ормансыз бұлбұл.
Қорқақ мың өледі, ер бір рет өледі.
Ел іші… алтын бесік.
Отан… оттан да ыстық.
Бірлік түбі… береке
Ертегілердің қалай басталатыны, ертегінің кейіпкерлері, олардың өмір сүру орталары туралы сұрақтар берілді. Мақалдың мағынасын ашқаннан соң, оқушылар тапсырманы орындауға кірісті. Ахметова Айнұр деген оқушының құрастырған ертегісі:
Ерте, ерте, ертеде бір аңшы болыпты. Ол қайырымсыз екен. Аң–құстардың бәрін ата берген. Атпағандарын торға қамап ұстаған екен. Бір күні ол торға түлкі, аю, қоян, торғайларды, қасқырды қамап тастапты. Түлкі өзінің қулығымен, аю өзінің күшімен құтылмақ болса да, одан ештеңе шықпапты. Әбден жаурап, мазасы кеткен түлкі қайғырып:
— Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық болады екен, — дейді. Сонда аю айтады:
— Иә, түлкіжан, ел іші… алтын бесік деген рас екен. Енді қалай құтыламыз өз орманымызға қалай жетеміз деп одан сайын қайғыра түсіпті. Торғайлар:
— Отансыз адам… ормансыз бұлбұл. Біз де өз орман… тоғайымызды қатты сағындық деп шиқылдайды.
— Отан… оттан да ыстық қой. Мен өз даламды сағынғаным сондай, ішім өртеніп бара жатқандай. Осылай өлетін шығармыз,— деп қасқыр аспанға қарап ұли бастады. Сол кезде қоян ортаға шығып:
— Осылай қайғырғаннан түк болмайды! Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі демей ме? Қане, бәріміз бірігіп, құтылуға тырысайық! Торғайлар торды оларды босатады. Қайырымды жолбарысқа бәрі өте риза болып, бостандыққа шыққандарына қатты қуанады. Міне, бірлік түбі… береке деген осы.
Осындай шығарма, әңгіме, ойдан жазу сияқты шығармашылық тапсырмалар сауатты жазуға, байланыстырып сөйлеуге үйретумен бірге нәтижелі ойлау процесін қалыптастырады. Тіл дамыту сияқты проблемаларды да шешуге көмегін тигізеді, шығармашылыққа баулиды. Сондай…ақ ережелерді де, құр жаттатпай өздері саналы түрде түсінетіндей жағдай туғызу арқылы беріп отырамын. Айт, кес, жаз, жүз +— қыш, кіш, —ғыш, —гіш = туынды сын есім. Көрнекілік арқылы болымды етістікке жұрнақ жалғану арқылы туынды сын есімнің жасалуы туралы ережені оқушылар өздері қорытындылап шығарады. Сабақ сайын осындай ережелерді өздері түйіндеу, қорытынды шығара білуге үйрету арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулумен қатар жеңіл әлеуметтенуі қамтамамасыз етіледі.
Оқытудың жаңаша мазмұны барлық пәндерде қолданылатын көрнекі құралдарға, олармен жұмыс істеуге де жаңаша талаптар қояды. «Соңғы алма» сюжетті суреті бойынша әңгіме құрастырып жазуға тапсырма бердім. Мұрат бақтың ішімен келе жатып, ағашта қалып қойған бір жалғыз алманы көріп қалды…
Ары қарай не болуы мүмкін? Оны өздерің аяқтап жазыңдар», — деген проблеманы алдарына қойдым. «Соңғы алма» тақырыбына оқушылардың жазған әңгімелері Күздің соңғы айы еді. Айдар бақты аралап жүрді. Ол алма ағашында қалып қойған бір жалғыз алманы көрді. Ол қолын созып, алманы алды. Соны көрген аш кірпі Айдарға аш көзімен қарады. Бала оны аяп, алманы соған берді де, кірпіні үйіне алып келіп асырады. Аш жануарларға Айдар сияқты көмек беру керек деп ойлаймын. (Тобылов Әділ) Күздің екінші айы еді. Айдар бақтың ішін аралап жүрді. Ол алма ағашында өсіп тұрған жалғыз… ақ алманы көрді. Оны алып жейін деп еді, қолы жетпеді. Сол кезде шешесі оны іздеп, үйге тамақ ішуге шақырды. Тамақ ішіп болған соң қайтадан келсе, ағаштағы алма жоқ. Ол алма жел соққанда үзіліп түсіп, оны кірпі үйіне алып кеткен еді. (Ахметова Айнұр) СҚО ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
Күз айы. Адамдар бақшадағы алмаларды жинап алды. Ағашта бір алма қалып қойыпты. Айдар алманы жұлып алуға қолы жетпеді. Бір кезде бақшаға бір бала келіп қалды. Айдар оны иығына мінгізіп көтерді де, бала алманы жұлып алды. Ол алманы баламен бөлісіп жеді. (Саян Ермек)
Күздің екінші айы еді. Айдар бақтың ішін аралап жүрген. Ол алма ағашында қалып қойған бір алманы байқап қалды. Ол үйіне барып баспалдақ алып келіп,оны ағашқа тіреді. Баспалдақпен көтеріліп, алманы алды. (Рахмалинов Ермек)
Күз айы. Айдар бақта қыдырып жүрді. Алма ағашындағы жалғыз алманы көрді. Ол алманы алып, үйіне апарып жеді. Алма сондай тәтті екен. (Аушақ Самат). Оқушыларды шығармашылыққа баулу, білім деңгейін жетілдіру — ұзақ әрі жүйелілікті қажет ететін процесс. Оқушының дамуы біртіндеп жаңа сапаға көтеріле береді.
Қорытынды: өзіміздің іс… тәжірбиемізді қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады.
Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.
Оқушылардың білім сапасы көтерілді.
Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке қабілеті артты.
Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата… аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.
Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын.
Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата… аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.
Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын.
Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата… аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.
Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын.
Осы жұмысты өткізу барысында бақылау нәтижесімен ата… аналар таныстырылып, оларға ақыл кеңес берілді.
Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата… аналармен ынтымақтасуға, оқытуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз.
Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.
Қолданылған әдебиеттер:
Ұстаздық шығармашылық Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 2007 ж.
Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 1999 ж.
Математикадан қызықты тапсырмалар Ш.Х. Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаева, Р.Қ. Өміртаева
Бастауыш білім журналы № , 2004 ж.
Математиканы оқытудағы методикалық көмек М. Сәтімбаева
Бастауыш сыныпта оқыту журналы № 1, 2, 2008 ж.
Мен және бәрі, бәрі, бәрі Алматы, «Аруна», 2006 ж.
Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері, Алматы, 2004 ж.
Бастауыш мектеп журналы, № 1, 2006 ж.
Что такое развивающее обучение Н.В. Репкина «Пеленг», 1993
Педогогическая риторика Пермь, 1995
Оқушыларға тіліді меңгерту жолдары Алматы «Ана тілі», 1997 ж.
Шешендік сөздер С. Негимов Алматы, «Ана тілі» 1997 ж
БАЯНДАМА
Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру
Мектептегі оқыту процесі сауат ашудан басталатыны белгілі.Сондықтан оның балаға ана тілін оқытып үйретуде алатын орны да ерекше. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – балаға хат таныту, яғни оған оқу мен жазуды үйрету.Сонымен қатар , сауат ашу барысында оқушылардың тілі мен ой –өрісін жетілдіруге де баса назар аударылады.Соның нәтижесінде жас ұрпаққа тиісінше жалпы білім негіздерін меңгертіп, адамгершілік, патриоттық тәрбие беруге негіз қаланады
.Демек, сауат ашу білім мен тәрбие алудың кілті іспеттес. Сауат ашудың негізгі мақсаты-болашақ ұрпаққа терең білім мен өнегелі тәрбие беру, сол арқылы оларды өмірге , өз Отанын , ел – жұртын шексіз сүйе білуге тәрбиелеу, білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын негізгі талаптардың ішіндегі аса күрделісі – алты жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі.Өйткені мектеп есігін алғаш ашқан баланы оқытудың өзіндік қиындықтары бар. Ол қиындықтар балалардың физиологиялық – психологиялық өзгешеліктеріне байланысты .Себебі сауат ашу жұмысы оқушылардың оқуға , ой еңбегіне қажет белгілі бір қабілет бейімділікті талап етеді.
Жалпы сауат ашудың нәтижелі болуы даярлық кезеңінде жүргізілетін жұмыстардың мейілінше сапалы болуына байланысты.Демек, сауат ашуға даярлық жұмыстарын дұрыс ұйымдастырып, ұқыпты жүргізуге баса назар аударылады.
Сауатты жазуға үйрену жұмысы граматикаға сүйенеді.Олай болса белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын граматикалық құбылыстар сапалы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет.
Дұрыс , сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына , буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге , әріп алмастырып алмауға бір сыпыра көмектеседі.Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын балаларға ережені түсіндіргенде де , жаттығулар жүргізгенде де , олардың жазуларынағы қателерді түзеткенде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп.
Сауат ашу кезінде оқу мен жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста болады.Жақсы оқи алатын бала таза да сауатты жаза біледі, ал , жазуды жақсы меңгерген оқушы оқуды жеңіл меңгереді.Бір сабақтың өзінде оқу қызметі мен жазу жұмысы бірін-бірі алмастырып және бірін меңгеруге екіншісінің көмегі тиіп отырады.
Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу – қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарты бастауышта қаланады. Мектеп табалдырығын аттаған балаға бірінші сыныптан бастап дұрыс сөйлету үшін сөздердің дыбыстық жағы, дұрыс айтылуы қадағаланады.
Оқушының орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы – бастауыш сынып мұғалімінің маңдай терінің жемісі. Бастауыш сыныпта бағдарламаға сәйкес жоғарыда көрсетілген білім-білік дағдылары қалыптасқан оқушылар сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады. Осы арқылы жазуын ғана емес, сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре алады. Таза жазу дағдысының алғашқы бастамасы әріптің әрбір бөлігін дұрыс сызып көруі арқылы қалыптасады. Әдетте, мұғалім тарапынан оқушыға әдемі, сауатты жаздыру ғана емес, оқушының бүкшимей, басын тым төмен салбыратпай, денесін тік ұстап, өзін дұрыс игеруіне қатты көңіл бөлінеді. Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына жазуға төмендегі талаптар қойылады, және бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс:
· әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
· әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы қылмай, тегіс, бірдей жазу;
· әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай сәл көлбете жазу;
· әріптердің, сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап отыру, бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.
· түрлі диктанттар жаздыру, әсіресе, сөздік диктантының маңызы зор.
· сөздікпен жұмыс істету.
· тақырыпқа байланысты орындау шарты әртүрлі болып келген жаттығуларды орындату;
· сөзді, сөйлемді тақтадан, кітаптан дұрыс көшіріп жазуға мән беру
Ғалымдар зерттеуі іскерлік ойындардың оқушылардың оқу үлгеріміне жақсы әсер ететін дәлелдеп отыр.Мен өз сабақтарымда іскерлік ойындарды оқытудың тиімді, үнемді, негізгі әдістерінің бірі ретінде қолданамын. Олар оқушыны қысым жасамай оқытуға мүмкіндік береді, оқушының оқиғаны терең толғаныстармен түсінуіне себепші болатынын байқадым.
Алуан түрлі ребустар, сөзжұмбақтар, құпияхаттар, сөзтуымдар, логикалық есептер білім береді және оқушыларды ынталандырады. Математикада "Кім жылдам", "Ең үздік есепші", "Хоккей" ойындары тез санауға үйретеді. "Бағдаршам", "Дым білмес"ойындары арқылы жол жүру ережелері қайталанады. Ал "ғарышкерлер" ойыны ғылым жетістіктерімен, "Футбол", "Хоккей" ойындары еліміздің спорт шеберлерінің жетістіктерімен таныстырады. "Ағашты кім тез отырғызады" ойыны табиғатты күтіп ұстауға тәрбиелейді. Іскерлік ойындар ойнағанда бала нақты оқиғалардың куәгері болып еңбек етуге отбасылық өмірге, қоғамдық қатынастарға әзірленеді.
Идеялар банкі. Бұл әдіс ой майданы деп аталады. Топтық алдына бір міндет қойылады, осы міндетті шешу үшін топ мүмкіндігінше жаңа, тың ұсыныстар айту керек. Барлық ұсыныстарды топ жинап алып, оларға баға береді. Бұл әдіс арқылы проблемалық жағдаят жасалып, оны шешу туралы ұсыныстар айтылып, ол ұсыныстар тексеріліп, бағаланады және ең жақсы ұсыныстар таңдалып алынады.
Мұғалімнің алдында тұрған ең басты міндеті- оқушыларды сабаққа ынталандыра білу, сол арқылы тақырыпты білу, жете меңгеру.ана тілі , дүниетану сабақтарын қызықты, тартымды өткізу үшін сабақтың әртүрлі әдіс- тәсілдерін орынды қолдануға тырысамын. Жаңа технологияларды пайдалана отырып сабақта қолданылатын ойындарды мына төмендегі түрде қолданамын:
1) Оқыта үйрету ойындары. Бұл ойындарды сабақта да, сабақтын тыс шараларда да пайдалануға болады.
2) Тілдік ойындар: Ауызша сөйлеу және жазу машықтарын дамытуға арналған.
3) Драмалық, рөльдік ойындар. Қарым-қатынастарын жақсарту, ауызша сөйлеу, оқушы білімдерін әртүрлі жағдайларда қолдану машықтарын дамыту.
4) Психологиялық ойындар.
5) Грамматикалық ойындар т.б
Сонымен бірге ұлттық ойын түрлерін де кезектестіре, сабақ тақырыбына байланысты пайдаланамын. Жаңа материалдарды түсіндіру кезінде «Бәйге», «Көкпар», «Асық» секілді ойындарды ойнатамын.
Қорыта келе айтарым баланың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізілген жұмыстар осындай жұмыстар
Оқушылардың сауаттылығын қамтамасыз етуге, олардың сауаттылық деңгейін тексере отырып,білімдегі кемшіліктерді жоюға;
Оқушының тіл байлығын арттыра отырып , ойлау қабілетін, байқампаздығын дамытуға.
Тіл дамыту сабағында оқушының шығармашылық даму кезігдегі қалыптасатын дағдылары
Өз ойын-пікірін жеткізе білуге;
Ізденгіштікке ұмтылуға;
Құбылыстарды шынайы бағалай білуге;
Толық фантазиялық еркіндікке;
Орфографиялық сауаттылықты нығайту оң әсерін тигізіп, жақсы нәтиже береді
Достарыңызбен бөлісу: |