Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың психологиялық негіздері Ш.Ә. Нұратаева



Дата27.12.2016
өлшемі67,49 Kb.
#5691
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың психологиялық негіздері
Ш.Ә.Нұратаева.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің гуманитарлық-педагогикалық интситутының ІІ курс магистранты



Ж.А.Абилхаирова

Педагогика ғылымдарының кандидаты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы


Аннотация. В статье рассматриваются психологические основы формирования культуры речи младших школьников.

Түйін сөздер: сөйлеу мәдениеті, сөйлеу мәдениетінің психологиялық негіздері, бастауыш сынып оқушылары.
Балаға ерте кезден бастап сөйлеу мәдениетін меңгертпеу, әдеби көркем шығармалармен қатар сөйлеу тілінде де көрініс табатын, туған халқының ғасырлар бойы жинақтаған асыл кені мәдениетінен, рухани тәжірибесінен сусындау мүмкіндігінен айырады. Тіл мәдениетіне үйретуді жалпы жеке тұлға болып қалыптасудың жалпы проблемаларымен байланыста қарастырғанда (білімді, мәдениетті жеке тұлға сапаларының бірі - тіл мәдениетін меңгеруі) бұл мәселені зерттеудің терең ізгілікті дәстүрлермен сабақтасып жатқандығын көруге болады. Бастауыш сынып оқушыларының тіл мәдениетінің көрсеткіші - айтылатын ойдың мақсатына сәйкес ана тіліміздің ойды жеткізудегі зор мүмкіндігін пайдалана алуы болып табылады.

Атадан мұра болып келе жатқан тіліміздің қалыптасқан заңдылығы, өзіне тән ерекшелігі, қандай ойды болмасын жеткізуге мүмкіндік беретін амал-тәсілдері бар. Сөйлеуде тілдің барлық байлығы, ойымызды көркем де мазмұнды, әсерлі берудің барлық мүмкіндігі пайдаланылады.

Сөз – тілдің қатысымдық қызметін іске асырушы әрекет жүйесі. Осыған орай оның: сөйлеу әрекеті, сөйлеу актісі деген синонимдік қолданыстары бар. Сөйлеу – сөйлеушінің (немесе жазушының) өзіндік әрекеті, басқа адамдарға әсер етумен қатар, жеке және қоғамдық қарым-қатынасын ұйымдастыру мақсатында, тіл арқылы өзінің ойын, сезімін, қалауын білдіру үдерісі. Тіл мен сөз адамның ішкі жан дүниесін жетілдіру және ойын жеткізудің, танымдық әрекетінің құралы және адамдардың қарым-қатынасына тікелей қатысты.

Тіл мен сөздің бір-бірінен басты айырмашылықтарына қарай ғалымдар тілді лингвистика ғылымы, ал сөзді психология ғылымы қарастырады, яғни адам қалай сөйлейді ол үшін қалай ойлайды, біреудің сөзін қалай түсінеді, қалай қабылдайды – мұның бәрінің табиғатын тек психологиялық тұрғыдан анықтауға болады деген тұжырымдар жасайды. Сөйлеу әрекет дейміз. Сөйлеу әрекеті дегеніміз – адамның қарым-қатынас жасау үдерісіндегі қоғамдық-қатысымдық қажеттілігін іске асыру тәсілі. Сөз бұл жағдайда ойды құрастырудың және жеткізудің құралы ретінде болады. Адам қандай ойы болмасын мәтін түрінде құрастыратыны (шағын, көлемді) белгілі. Ол мәтін жауап түрінде немесе келіспеу, келісу т.т. сипатында болуы мүмкін. Демек, сөйлеу әрекеті дегеніміз – «это деятельность текстовая, основанная на умении создавать и воспринимать высказывания (тексты) в процессе речевой коммуникации» [1]. Сөз – сөйлеу әрекетінің нәтижесі. Бұл орайда оған мәтін сөзі синоним бола алады.

Бастауыш сынып оқушысының ана тілін меңгеруі дискурс (мәтін) арқылы жүзеге асады. Дискурс - адамдардың әлеуметтік маңызы бар қарым-қатынас үдерісімен қатар жүретін объективті вербалды-таңбалы құрылым. Мұнда дискурстың интербелсенді табиғатын сызып көрсеткен дұрыс: ол өзара қатынасқа, диалогқа негізделеді.

Сөйлеу әрекеті әр түрлі формада, түрде болады. Тілдік тұлға нақты бір жағдаят шегінде сөйлеу әрекетіне қабілетті болады. Сөйлеу әрекетінің түрлерін ғалымдар адамның психофизиологиялық әрекетімен байланыстыра отырып екіге бөледі: продуктивті (айтылым және жазылым) және рецептивті (оқылым және тыңдалым). Мұнда мәтін құрастыруда және оны қабылдауда ең негізгі нәрсе – ойдың мағыналы болуы, түсінуге икем құрылуы. Мәтін қалай құрастырылады? Бұған жауап беру өте қиын. Өйткені ол әр оқушының жеке басының мүмкіншілігіне, ойлауына, ойын жеткізе білу қабілетіне байланысты.

Әрекеттің механизмі ми қабатында жұмыс істейді. Ал оның қандай кезеңдерден өтетіні туралы психолог-ғалымдар ғана шамалай алады. Ғалымдар ондай кезеңдерді 4-ке бөледі. Бірінші – мотивациялық кезең. Онда сөздің пайда болу мотиві туындайды. Соған орай адамды сөйлеуге итермелейтін жағдаят пайда болады. Адам жағдаяттың мотивіне қарай сөйлеуге қажетті тілдік белгілерді құрастыра бастайды. Осыған орай екінші – бағдарлау кезеңі іске қосылады. Бұл кезеңде сөйлеуші айтайын деген ойын жинақтайды, жоспарлайды, яғни коммуникативті міндеттерді орындайтын тілдік тәсілдерді ізденеді, оларды құрастырады. Осыдан келіп айтылымның іштей қаңқасы жасалады. Үшінші кезең – орындаушылық кезең. Онда ойдағы мәтін сыртқа шығады, дыбысталады. Яғни мәтін құрастырылып, ол ауызша не жазбаша формада тыңдаушысына жетеді. Соңғы төртінші кезеңде: айтылым тыңдаушысына түсінікті болды ма, айтушы өз мақсатына жетті ме деген сұрақтарға жауап ізделеді. Демек, сөйлеу әрекеті күрделі ақыл-ой әрекеті арқылы іске асады. Оның мәні адам айтылымның түсінікті болуы үшін дайын тілдік модельдерді пайдаланады. Ол модельдер арқылы құрастырылған айтылымдар алдымен іштей сөзге айналады. Іштей дайындалған сөз сыртқа шығуы үшін оған мынадай талаптар қойылады: біріншіден, адамның сөздік қоры жеткілікті және грамматикалық жақтан дұрыс тұлғалануы; екіншіден, қажетті сөз, сөз тіркестерін таңдауда өте ұқыптылықтың болуы, үшіншіден ойдың түсініктілігі талап етіледі. Ал мұндай қабілет адамның есте сақтау мүмкіншілігімен тікелей байланысты. Есте сақтауда ең маңызды мәселе антиципация механизмінің іске қосылуы. Яғни сөйлеуші не жазушы адамда болжай алу, тілдік сезім, көре білу қабілеттері болуы тиімді. Ғалым Л.П.Федоренко тілдік сезім деп - нормаға сай сөздерді дұрыс, орнымен қолдануды ішкі түйсік арқылы білуді айтады. Мұнда, Л.П.Федоренконың «тілдік сезім» және «тіл мәдениеті» ұғымдарын синоним деп есептейтіндігін атап кеткен жөн [2].

Ондай қабілеттері бар адамдар жағдаятқа қарай мәтіннің мазмұнын, оған қажетті тілдік бірліктердің қызметін, тіпті тыныс белгілеріне дейін шамалай, болжай алады. Ал мұндай қабілет бастауыш сынып оқушыларына өте қажет. Сондықтан сабақ үдерісінде мұғалім оқушыларға сөйлемнің, мәтіннің құрылымын, оны құрайтын мағыналық блоктардың орналасуын байқай білуге, кез келген жағдаятқа мәтін құрастыра алуға, әр сөздің мағыналық реңкін бағамдай алуға, яғни тілдік сезімталдыққа тәрбиелеуі, соған қалыптастыруы қажет. Бұл орайда оқушының есте сақтау қабілетінің жақсы дамуы қажет. Оқыған, естіген нәрсені бастауыш сынып оқушысы үшін бірден есте сақтау өте қиын. Ол үшін оқушылардың қызығушылығын ояту, материалды тартымды, көркем жеткізуге тырысу қажет. Мұғалім өзінің әр сөзіне мән беруі, оқушыға әсерлі болуына көңіл бөліп тұруы міндетті. Оқушының игерген материалды есінде сақтауында оны ақыл-ойынан өткізуі маңызды.

Ғалым Ш.А.Амонашвилидің пікірінше бала сөйлеуді ешқандай арнайы үйретусіз, аз ғана уақытта үйренеді [3]. Бала тілді айналасындағы адамдармен үздіксіз тілдік қатынаста болу арқылы, әрбір дені сау балада болатын тілдік функцияның көмегімен меңгереді. Сөйлеу функциялары орналасқан ми клеткаларында сөздер тасқыны күрделі өңдеуден, талдаудан өтеді. Сөйлеу функциясы тілдік нормаларды, жаңа сөздер табу әдістерін, ережелерін, айтылымдарды құрастыруды шешеді, тілдік сезімнің пайда болуына әсерін тиігізеді, артикуляциялық аппаратты өңдейді. Мектепке келгеннен бастап, баланың тілді өздігінен үйрену кезеңі аяқталады.

Бірінші сынып оқушысы ана тілін өзінің интеллектуалды қажеттілігіне қарай игереді. Оқушы сөзінде кемшіліктер өте көп болады, бұл кемшіліктерді үлкендер сөзіне еліктеу жолы арқылы ғана жоюға болмайды.

Мұнда «кері байланыс» қажет, яғни оқушының айтқан сөздерін бағалау және соған сәйкес сөздің толықтығы және жатықтығының автоматталған реттеу механизмін қалыптастыру және де жеке айтылымдардың логикалық байланысын, грамматикалық құрылысын, сөзді таңдап қолдануын бақылау керек.

Бастауыш сынып оқушыларын сөйлеу мәдениетіне үйрету барысында сөз тіркестерін, сөзді таңдауда сыни ойлауын қалыптастырып, мәтінге байланысты сөз мағынасының өзгеруіне байқағыштық қабілетін дамыту қажет. Мұғалім оқушыларға айтылар ойдың мақсатына сәйкес сөзді іздеп табуға үнемі түрткі жасап отыруы тиіс. Оқушының жеткілікті сөздік қоры болған жағдайда ғана, қажетті сөзді таңдап қолдану мүмкін болады.

Бастауыш сынып оқушыларын сөйлеу мәдениетіне үйретуде оқушы сөздігін сандық және сапалық тұрғыдан жетілдіру маңызды. Оқушының белсенді сөз қолданысына метафора, теңеу, бейнелі сөз тіркестері көптеп енеді. Тілдік тұлғаның қалыптаса бастауының басты ынталандырушысы және көрсеткіші тұтас сөздік туындылар жасай алу шеберлігі болып табылады.

Бастауыш сынып мұғалімі оқушыда түпкі ойдың мақсатына сәйкес әңгіме айтып беруге, мәтін құрастыруға қажеттілік туғызуы керек.

Оқушы сөзінің дұрыс болуы әңгіменің әрбір элементінің ішкі түрткісі (мотивация), яғни, тұтастығы арқылы реттеліп отырады. Тұтастық түпкі ойдан келіп шығады, ал түпкі ой бір идеяға, бір тезиске, бір ережеге алып келуі мүмкін. Бірден түпкі ойды айтып жеткізу қиын, сондықтан оқушыларға басты идеясы бар «жәшікті» өзі ашуға көмектесетін «кілттер» берілуі қажет. Мұны ол антиципациялар арқылы жасайды. Оқушылар әрі қарай не болатыны жөнінде өзінің болжамын айтуында тұтастық әрекеті жатыр. Алайда, әңгіме барысында оның болжамдарының дұрыс болмағаны анықталады, сол кезде ол өзінің жаңа болжамдарын айтады. Дәл осы әрекет әңгімеге, мәтін құрастыруға деген қызығушылықты туғызады.

Оқушыларды мәтінді тыңдауға және қайталап айтып беруге үйрету өте маңызды, осылайша тілдік талғамын қалыптастыра отырып, тілдік қабілеттерінің қалыптасуына көмектесу керек. Сөйлеу мәдениеті оқу сабақтарының барлық жүйесінен орын алуы қажет.



Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ипполитова Н.А., Князева О.Ю. и др. Русский язык и культура речи. – М.: Проспект, 2006.

2. Федоренко Л.П. Принцип развития чувства языка в обучении практическими методами. – Курск, 1994.



3. Амонашвили Ш.А. Размышления о Гуманной Педагогике. – М.: Издательский дом Шалвы Амонашвили, 2001.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет