Дәптерлердің сыртын біркелкі толтыру:
сыныптың дәптерін мұғалім толтырады. Дәптердің сырты қапталмайды.
3-4 сыныптың дәптерін мұғалімнің бақылауымен оқушылар өздері толтырады .
Дәптердің сыртын каллиграфиялық дұрыс ,ұқыпты жазумен толтыру керек .
Жалпы білім беретін
№___ орта мектептің
2 «Ә» сынып оқушысы
Болатов Әділдің
қазақ тілі дәптері.
(математика дәптері, дүниетану дәптері, диктант дәптері, шығарма дәптері, т.б.с.,с.)
Дәптердің сыртындағы сандар араб сандарымен толтырылады .
Аты-жөні ілік септігінде жазылады. Балалардың сауаттылығын ашу мақсатында қатемен жұмыс дәптерлеріне жүйелі түрде өтуі керек .
Бастауыш сыныпта жұмыс дәптерлері міндетті түрде күнделікті тексерілуі тиіс .Бақылау жұмыстарының тексерілуі ертеңгі күні дайын болуы керек .
№3 бақылау дәптерлері уақытында тексеріліп ,ата-анаға үйге беріледі. Бірақ сыныпта оқу жылының аяғына дейін сақталады.
Балалар жұмысы қызыл түсті (қаламмен ) тексеріледі.Бағалау ережесіне сай бағаланады.
Қатемен жұмыс жұмыс дәптеріне орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |