Бастауыш сыныптар апталығының қорытынды есебі
18-28 ақпан аралығында мектебімізде бастауыш сыныптар апталығы болып өтті. Апталыққа мектеп алды даярлық тобынан 4-сыныпқа дейінгі барлық сыныптар ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар көрсетіп, белсене қатысты.
Апталық салтанатты жиынмен ашылды.ӘБ жетекшісі Б.Турсунбаева оқушыларды апталық жоспарымен таныстырды. Қабырға газеті мен сөзжұмбақ, ребустар ілінді.
Апталықта өткізілген мұғалімдердің ашық сабақтарына тоқталсақ:
Б.Турсунбаева 3 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Етістік» , Б.Закариянова 1«А» сыныбында сауат ашудан «Ж дыбысы мен әрпі» , М.Жапарова
4 «А» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Ана» , А.Сарманова 2 «А» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Әдеп» тақырыптарыда ашық сабақтар өтті.
Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін шебер қолдана білді.. Әсіресе бағалаудың ерекше жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың қабілетіне сай іс –әрекет жасауына жағдай жасалды. Оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі формалары: ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлерін кеңінен пайдаланды. Заман талабына сай ақпараттық технологияны пайдалану мақсатында интерактивті тақтамен өткізген сабақтар жоғары бағаланды.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Жас жеткіншектерді шығармашылық және танымдылық қабілеттерін арттыру мақсатында 3-4 сыныптар арасында өткізген «Мақал сөздің мәйегі» тақырыбындағы сыныптан тыс жұмысы да жоғары дәрежеде өтті.
2-3 сыныптар арасында М. Саъдуллаев ұйымдастырылған ұлттық ойындар және «Көңілді старт» эстафеталық жарысы оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулиды. А. Кузембаеваның ұйымдастыруымен өнерпаз оқушыларымыз өз өнерлерін ортаға салды.
Достарыңызбен бөлісу: |