Математикалық жұмбақтар.
1 Сөредегі кітаптар
Үш дос сөреде тұрған кітаптар санын болжамдап айтады: 43, 34, 41. Барлығы қате айтады. Біреуі 6 санға, біреуі, 3 санға, ал біреуі 1 санға жаңылысады. Сөреде қанша кітап тұрғанын таба аласыз ба? Жауабы 40 кітап
2 Екі бүтін сан табыңыз олардың көбейтіндісі бірлік сан, ал қосындысы ондық сан болсын. Жауабы 1 және 9
3 Төмендегі теңдеудің сол жағындағы 6-лардың арасына +, -, х, :, (қосу, алу, көбейту, бөлу) таңбаларын қойып, қажет болса жақша қолданып оң жағындағы нәтижені шығара аласыз ба?
6 6 6 6 = 5
6 6 6 6 = 6
6 6 6 6 = 8
6 6 6 6 = 24
6 6 6 6 = 30
6 6 6 6 = 48
6 6 6 6 = 66
6 6 6 6 = 180
жауабы
[ ( 6 x 6 ) - 6 ] : 6 = 5
6 + [ ( 6 - 6 ) x 6 ] = 6
6 + [ ( 6 + 6 ) : 6 ] = 8
[ 6 - ( 6 : 6) ] x 6 = 30
( 6 x 6 ) - 6 - 6 = 24
( 6 x 6 ) + 6 + 6 = 48
( 6 + 6 ) x 6 - 6 = 66
( 6 x 6 - 6 ) x 6 = 180
4. 1) Бір сан ойлаңыз!
2) Бұл санды 4-ке көбейтіңіз!
3) Оған 18-ді қосыңыз!
4) Шыққан санды 2-ге бөліңіз!
5) Нәтижеден 7-ні алыңыз!
6) 3-ке көбейтіңіз!
7) 6-ға бөліңіз!
8) Баста ойлаған санды алып тастаңыз!
Жауабы: Нәтиже үнемі 1 шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |