Бастауыш сыныпты ќазаќ тілі сабаќтарында



бет10/16
Дата20.01.2023
өлшемі314,5 Kb.
#165976
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
Ана тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі
2.1, Курс жұмыс тақырыптары (2), Ана тілін дебат технологиясы арқылы оқытудың ерекшелігі, Документ Microsoft Word (2) (30), Ана тілін оқыту формалары мен түрлері
Қосымша жаттығу үлгілері.
№1. Әңгімені оқыңдар. Кісі аттарын тауып бөлек көшіріп жазыңдар. Оларға сұрақ қойыңдар.
Нұрбол Досанұлы – біздің сынып жетекшіміз. Ол жиналыс өткізді. Жиналыста Асан сөйледі. Асан – менің досым.
№2. Көп нүктенің орнына өз қалауларыңмен кісі аттарын қойыңдар. Ол қандай сұраққа жауап береді?

  1. … - менің жақсы көретін жазушым. 2. Біздің сынып жетекшіміздің есімі - ….

3. … сабақты жақсы оқиды.
ІІІ. Туыстықты білдіретін сөздерді үйрету. Бұл жұмыс та жаттығуларды орындату арқылы жүзеге асырылады.
Жаттығу үлгілері:
№1. Әңгімені оқыңдар. Туыстықты білдіретін сөздерді тауып көшіріп жазыңдар, оларға сұрақ қойыңдар.
Менің әкем – құрылысшы. Құрылыста көп ағалар жұмыс істейді. Атам да құрылысшы болған. Үйде екі інім, бір қарымдасым бар. Әпкем үлкен қалада оқиды.
№2. Берліген сөздер арасынан туыстықты білдіретін сөздерді табыңдар. Жанына сұрақтарын қойып көшіріңдер.
Жиен қуаныш тал
Жирен қарындас тәте
Намыс ана көмек
Нағашы шеше көке
Осы үлгідегі үлестірме қима қағаздарды сабақ соңынан таратып, оқушылардың түсінігін тексеруге болады.
ІҮ. Қорытынды: Үйге тапсырма – 161-жаттығу.
Тақырыбы:
Кім?сұрағына жауап беретін сөздер.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың кім?кімдер?деген сұрақтарға жауап беретін сөздер туралы өткен сабақта алған түсінігін пысықтау және кеңейту. Мамандықты, қызмет түрлерін білдіретін сөздер туралы түсінік беру. Адамға байланысты айтылатын басқа да сөздердің бар екенін аңғарту.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, суреттер, үлестірме қима қағаздар.
Сабақтың барысы: 1. Оқушылардың кім? кімдер? Деген сұрақтарға жауап беретін сөздер туралы өткен сабақта алған түсінігін пысықтау және кеңейту.
өткен сабақ материалдарын пысықтау оқушыларды назарын аударудан басталады.

Кім? (кімдер?) деген сұрақтарға жауап беретін сөздер

Кісі аттары

Мұрат, Ержан, Дәулетұлы, Жамал, Айгүл т.б.

Туыстықты білдіретін сөздер

Ата, апа, әже, аға, іні, қарындас т.б.

Мамадықты, жұмыс түрін білдіретін сөздер

Қойшы, ұста, жүргізуші, сауыншы, етікші, оқушы т. б.

Адамға байланысты айтылатын сөздер

Адам, кісі, бала, қыз, дос, бөбек т.б.

Кім? (кімдер?) деген сұраққа жауап беретін сөздердің тек адамдарға қатыты болатыны айтылып өтілген соң, бұл сөздердің түрлерін шартты түрде топ-топқа бөлуге болатындығы қайта түсіндіріледі. Соның бірі – мына кестеде көрсетілген сөз топтары.


Мұғалім мынадай сұрақ қояды:

  • Өткен сабақта осы топтардың қайсысын талдадық?

  • Кісі аттарын.

  • Туыстықты біліретін сөздерді.

Осыдан кейін оқушылардың үйден орындап келген жазба жұмыстары тексеріледі. Өткен сабақ материалдарының толық игерілгеніне нақтырақ көз жеткізу үшін төмендегідей жаттығу үлгісін орындау қажет. Бұл жаттығу оқушылардың орфографиялық сауатттылығын тексеру үшін де қажет.
Оқушылар жазу дәптеріне екі бағанаға былай деп жазып, мұғалімнің айтуын тыңдайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет