21-МӘТІН.
Қымызмұрындық – бие байлап, алғашқы қымыз ішу тойы. Құлын байлап, бие сауылып оның сүті қорланып ашытылған соң екі-үш күн бойы жиналған қымызға ақсақалдар мен көрші-көлемдер «қымызмұрындыққа» шақырылған. Яғни алғашқы қымыз адамдарға салтанатпен ұсынылып, «көпке бұйырсын» деген тілекпен беріледі. Ақсақалдар үй иесіне рахмет айтып, батасын береді. Халықтың бұл дәстүрі де қонақжайлықты, жомарттық пен мәрттікті, бірлікті меңзейді. Қымыз ашыту – үлкен өнер. Жаңа сауылған биенің сүтін сүзіп, жылы кезінде күбідегі немесе сабадағы қорға немесе ашытқының үстіне құяды да, бір сағатқа жақын піседі. Қымызды неғұрлым көп піссе, соғұрлым жақсы болады. Мұндағы қор – күбінің немесе сабаның түбінде бұрынғы қымыздан қалған дегенді білдіреді. Халқымыз жыл маусымына қарай уыз қымыз (мамыр қымызы), жазғы қымыз, күзгі қымыз (сірге қияр), қысқы қымыз (қысырақ қымызы) деп те атаған.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/mangilik_el/shanyirak/salt-dastur/41952/
1-тапсырма.Мәтін не туралы? Дұрыс жауапты табыңыз.
А) Қонақ күту туралы
Ә) Қазақтың салт-дәстүрі туралы
Б) Ас мәзірі туралы
2-тапсырма.Мәтінге қандай атау қояр едің? (2-3 нұсқа дайында)
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3-тапсырма.Кестені толтыр.
|
дұрыс
|
бұрыс
|
Мәтінде мұндай ақпарат жоқ
|
Ақсақалдар «Қымызмұрындыққа» шақырылған.
|
|
|
|
Жаңа сауылған биенің сүті екі сағатқа жақын піседі.
|
|
|
|
Құнан қымыз үш тәулік бойы ашытылады.
|
|
|
|
«Көпке бұйырсын» деген тілек айтады.
|
|
|
|
Мұрындық– түйенің, өгіздің танауы арасындағы мұрын шеміршегін тесіп, көлденең өткізілетін жіңішке таяқша.
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |