Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы. №48 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Мусагалиев Артур Васильевич Коучинг сессиясының тақырыбы: «Топтық жұмысты ұымдастыру»



бет1/3
Дата27.11.2019
өлшемі1,92 Mb.
#52476
  1   2   3
Байланысты:
Топтық жұмыс коучинг ГБ

Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы.

48 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры



Мусагалиев Артур Васильевич

Коучинг сессиясының тақырыбы: «Топтық жұмысты ұымдастыру»
Коучинг мақсаты: топтық жұмысты ұйымдастыру және оны жүргізу әдістерімен таныстыру.

Күтілетін нәтиже: мұғалімдер топтық жұмысты ұйымдастыра алатын болады және оны жүргізу әдістерін оқушылармен жұмыста қолдана алады.

Қамтылатын модульдер мен сұрақтар

Ресурстар

  1. Топтық жұмысты ұйымдастыру туралы

  2. Әлеуметтік өзара әрекеттестікті ұлғайту: топтық жұмыс жүргізу

Мұғалімдер:

  • Білім беруде оқушылар арасындағы ынтымақтастыққа көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әртүрлі топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыруға;

  • Оқу үдерісіне топтық жұмыс әдістерін енгізуге;

  • Сыныптағы топтық жұмысты бағалауға;

  • Сабаққа оқыту нысаны ретінде оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің бірі топта бірлесіп жұмыс жасауды, пікірлесуді енгізу және сабақта жұмыстың осы түрін пайдалану туралы мұғалімдер коучингісін

Үйреніп, қолданады.
Коучинг барысы
Кезеңдер

  1. Ұйымдатыру. Топқа бөлу. 5 мин

  2. Топтық жұмыс 15 мин

  3. Таныстырылым 20мин

  4. Сараптама тобының қорытынды жасауы 15 мин

  5. Кері байланыс 5 мин




  1. Ұйымдатыру. Топқа бөлу. «Қанша буын, сонша қимыл» әдісі. Мұғалімдерді 1-5 сандары арқылы 5 топқа бөліп, әр топ мүшелерінің есімдерінде қанша буын бар сонша қимылдщы топпен жасайды. Мақсаты – топпен жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдауға дағдыландыру.

  2. Топтық жұмыс.

-1-топ: Топтық жұмысты ұйымдастыру туралы (коллаж әдісімен)

-2-топ: Топтық жұмысты ұйымдастыру туралы (кластер әдісімен)

-3-топ: Әлеуметтік өзара әрекеттестікті ұлғайту: топтық жұмыс жүргізу (аялдама әдісімен)

-4-топ: Әлеуметтік өзара әрекеттестікті ұлғайту: топтық жұмыс жүргізу (схема әдісімен)

-5-топ: Сарапшы топ (бағалау критерийлерін дайындайды, бағалайды, марапаттайды)
Кері байланыс. 3Қ стратегиясы. Қиын, құнды, қызық.

Рефлексивті есеп

Коучингке мектептің 42 мұғалімі қатысты. Мұғалімдердің топпен жұмыс жасауға, топқа бөліну мақсатында, топ мүшелерін танып-білу мақсатында «Есіміңде қанша буын, сонша қимыл» тренингін өткіздім. Мұғалімдердің санына байланысты 5 топқа бөлінді. Барлық мұғалімдің ойы жинақталып, көңілдері көтеріліп, психологиялық дайындығы болды. Топпен жұмыстануға, кошбасшыны сайлап, соған бағынуға дағдыланды. Сол бөлінген топпен 5 топқа бөлініп, 2 топқа топтық жұмысты ұйымдастыру туралы тапсырма берілсе, қалған екі топқа топтық жұмысты жүргізу туралы тапсырма берілді. Әр топқа постерлерін дайындау моделі де алдын ала айттым: коллаж, кластер, маршрутная карта және тұдырымдамалық схема. 5-топ бағалау критерийлерін шығарып, 7 мин соң ілді. Бұл кідерісті әдейі берілді. Себебі сабақта да мұғалім бағалау критерийлерін бермесе, оқушы нақты қандай қадаммен жұмыстану керектігін және қандай критерийлерге сәйкес бағаланатынын білмейді. Сол уақытында берілмеген критерийлерді өз бойларынан өткізген мұғалімдер келесіде бағалау критерийлерді алдын ала береміз деп кері байланысты айтты. Сонымен қатар сарапшы топ бағалап, жеңіске жеткен топты марапаттау үшін диплом, медаль, тәж секілді ынталандыру әдістерін қолданды. Коучингте екі топқа бірдей тапсырма берілгендіктен тақырыптың бірінші топ ашпаған тұстарын екінші топ қайталап және толықтырғандықтан барлығына түсінікті болды. Коучинг соңында мұғалімдер кері байланыс беріп қиын болған, құнды болған, қызық болған тұстарын атап өтті.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет