Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Өркен» қосымша білім беру орталығы



бет13/18
Дата15.09.2017
өлшемі4,7 Mb.
#32458
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Шағын футболдан ұлдар арасында: I орын – Орал гуманитарлық-техникалық колледжі; II орын – Ауылшаруашылық колледжі; III орын – Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі; ІҮ орын - Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі. Шағын футболдан қыздар арасында: I орын – Орал «Сервис» технологиялық колледжі; II орын – Орал гуманитарлық колледжі; III орын – Ауылшаруашылық колледжі; ІҮ орын - Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі.
Облыстық «Алтын ұя» отбасылық байқауы



Дәстүрлі отбасылық "Алтын ұя" байқауының облыстық кезеңі 28 қараша күні Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде өз мәресіне жетті. Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау, ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылықтарын дамытуды мақсат еткен байқауда қатысушыларымыз отбасының бірлігін татулығын көрсете білді. Бағдарламаға сай, шара «Отбасымыздың ыстық сәлемі» таныстыру байқауы, «Отбасы таланттары» шығармашылық үй тапсырмасы, «Ынтымақты отбасы» презентация байқауы, «Бақытты жанұя – бақытты ел» фотокөрме және «Менің елім - Қазақстан!» сурет акциясынан тұрды.

Барлық қатысушылар жақсы дайындықпен келгенін атап өтуге болады. Дегенмен "әттегенай" дегізер тұстарының да болғанын жасырмаймыз. Қазылар алқасының шешімімен төмендегідей орындар белгіленді.

Гран-при - Ермекқалиевтер отбасы Бөкей ордасы ауданы; І орын - Ерғалиевтер отбасы Сырым ауданы, ІІ орын - Құсайыновтар отбасы Шыңғырлау ауданы, ІІ орын - Мұқаналиевтер отбасы Зеленов ауданы, ІІІ орын - Кайыргужиндер отбасы Ақжайық ауданы, ІІІ орын - Түгелбаевтар отбасы Бөрлі ауданы, ІІІ орын - Әубәкіровтер отбасы Теректі ауданы
Қалған қатысушыларға арнайы аталымдар және барлық сурет салған балақайларға "Алғыс хаттар" берілді. Қатысқан барлық отбасыларға білім басқармасының атынан отбасына қажетті сыйлықтар табыс етілді.
Мектеп лигасы турнирі

Ағымдағы жылдың 28-30 қараша күндері Орал қаласының «Орал» спорт кешенінде мектеп лигасының шағын футболдан облыстық турнирі өткізілді. Турнирге 16 команда, 165 оқушы қамтылды.



«Шағын футбол» мектеп лигасы барысында командалардың мандаттық отырысқа кешігіп келуі, құжаттарының дұрыс жасалмауы ойынға кедергі келтіріп жатты. Келесі жылы осы кемшілік бойынша жұмыстанатын боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет