Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Өркен» қосымша білім беру орталығы



бет3/18
Дата15.09.2017
өлшемі4,7 Mb.
#32458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
«Қуан сәби» акциясы

30 наурыз күні City Center кешені «Funky Town» ойын-сауық орталығында қоғамның назарын жетімдік мәселелеріне аудару, патронаттық отбасы тәрбие желісін дамыту, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында өмір сүру, тәрбиелену құқығын іске асыру мақсатында «Қуан сәби» атты акция оздырылды.

Акцияға облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының, облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері және облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері қатысқан болатын.
Акция аясында облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының және облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған ойын-сауық бағдарлама, концерт және флеш-моб ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, акция аясында патронаттық тәрбиешілердің қатарын көбейту мақсатында қала тұрғындары арасында жаднамалар таратылды.

Облыстық «Мен-Чемпион» эстафеталық жарысы

1-2 сәуір күндері Орал қаласының №47 жалпы орта білім беретін мектептебінің спорт залында «Мен-Чемпион» спорттық ойыны өткізілді. Жарысқа 8 команда 96 оқушы қатысты. Ойын нәтижесінде: I орын – Тасқала ауданы ЖОББ Шежін мектеп-балабақшасы; II орын – Жәнібек ауданы №1 ЖОББМ; III орын – Жаңақала ауданы Жаңақала мектеп-гимназиясы.



«Мен-Чемпион» балалар спорттық теледидарлық ойыны өткізілді. Жарыстың кемшілігі телевизиялық түсірілім болмады, келесі жылы телевизиялық шоу ретінде өткізіп жаңа кезеңдер қосып жарыстың қызығушылығын арттыру жоспарда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет