Бауыржан Момышұлы атындағы
Алматы республикалық
«Жас ұлан» мектебі бастығының
(тәрбие және идеология жұмыстары жөніндегі)
орынбасары – басқарма бастығы
подполковник__________Қ. Қамалұлы
«___»_____________2017ж.
11 «Д» сыныбында өткізілетін тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ел қорғансыз, ер Отансыз болмас»
«Ежелден ел тілегі – ер тірегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.»
Бауыржан Момышұлы.
Сабақтың мақсаты :
Ойлау қабілеттерін дамыту, ой –өрістерін кеңейту, ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру арқылы сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік мәні: Отанды сүюге баулу, туған – жерді аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Қазақстан картасы, нақыл сөздер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
«Отан» -деген сөздің мағынасы «Қазақ тілі сөздігінде» былай аударылған:
1/ туған ел,өскен жер.
2/ үй-іші, отбасы.
Отан адамның туып - өскен жері.Біздің Отанымыз,атамекеніміз- Қазақстан Республикасы.
Ең алдымен, Қазақстан Республикасының картасына шолу жасайық.
Достарыңызбен бөлісу: |