6. Тегістеу және булау
Тегістеу операциясы – ол былғарының бетін түкті теріден тегіс бархат бетті бахтарма немесе бет алу. Тегістеу былғарының қалыңдығы бойынша кішкене тегіс емес жерін алады және оған жұмсақтық береді.
Тегістеу бөлінеді:
1) әдетте бахтарма жағымен жүргізілетін, былғарының әрленбеген жағын тегістеу (беттік хромды былғары және юфть үшін);
2) түкпен өңделген, былғарының әрленген жағын тегістеу; бұл жағдайда тегістеу сыртқы түрі мен былғары қасиетін анықтайтын негізгі әрлеу операциясы ьолып табылады;
3) бахтарма және беткі жағынан қатты ақауы жоқ жасанды бет қойылатын былғарының әрленген жағын тегістеу. Тегістеуде былғарының жұқа беттік қабатымен бірге, жасанды бет жапсыру үшін біртекті беттік қабатын дайындау үшін беткі ақаулары алынып тасталады. Бұл жағдайда қылшығы айтарлықтай қысқа болуы керек.
Әдетте хромды былғарыны рамада кептіргеннен кейін тегістейді, беттік былғарыны – кейде апператураны жаққаннан кейін тегістейді. Тегістеу үшін әртүрлі түйінді тегістелген түкті терілер қолданылады. («түйінді» - бұл түкті материалдардың түйін көлемінің көрсеткіші, тері нөмірі көп болған сайын, сондық түйін көлемі ірі болады).
Былғарыны тегістеу тегістеу айналымында немесе тегістеу машинасында жүргізіледі.
Бланширлеу – былғарының беттік қабатын жартылай немесе толықтай алып тастаудан тұратын операция.
Бланширлеу білікте орналасқан пышағында айырмашылығы бар сүргілегіш машина түріндегі бланширлеу машинасында жүргізіледі.
Шаңнан тазалау. Тегістегеннен кейін былғары міндетті түрде шаңнан тазалануы керек. Бұл үшін қалың щетка немесе щеткалы машина қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |