Баяғыда байдың қолында бір жетім қыз болыпты. Қыз байдың отын-суын тасып, тамағын асырапты



бет1/12
Дата27.05.2018
өлшемі1,82 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Есті қыз
Баяғыда байдың қолында бір жетім қыз болыпты. Қыз байдың отын-суын тасып, тамағын асырапты.

Бір күні аулдың қыздары отын әкелуге шығыпты.Қыздар терген отындырын арқанмен буып алыпты. Үйлеріне келе жатқанд, жаңбыр жауып кетеді. Үш қыз отындарын арқалап, үйлеріне қарай жүгіріпті.

Жетім қыз ескі шапанын шешіп алып, отынның үстіне жауып шешіп.

Алыстан келе жатқан салт атты жолаушы мұны көріп, кыздың қасына келеді де:

— Шырағым, ана балалар ауылға кетіп калды ғой. Сенің бұл отырысың не?—деп сұрайды. Сонда қыз былай дейді.

— Барса, бара берсін, менің нем кетеді? Олардың отындары да, киімдері де су болады.

Атты кісі ауылға барса, айтқанындай-ақ елдің көбісі отындары су болып, шай қайната алмай отыр екен.

— Жәміш деген қыз бала тұратын үй кайсы?— дейді жолаушы.

— Анау жотаның үстіндегі үй,— деп көрсетіп жібереді.

Жолаушы сол үйге барып түседі: Шайы қайнап, тамағы пісіп тұр екен. Бір-екі кісі келіп, құрғақ отыннан тамызық та сұрап алып жатады. Мұны көріп отырған қонақ жетім баланы шақырып алып:

— Қызым, сен ақылды бала екенсің, алдыннан жарылкасын!— деп батасын беріпті.
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Бұл мәтін не туралы, анықтаңыз?

А) Қазақтың ырымы туралы

В) Есті қыз туралы

С) Ертеден келе жатқан дәстүр туралы

D) Қыздардың әңгімесі туралы

Е) Жолаушы туралы

2.Мәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз

А) Жетім қыз байды кездестіріпті

В) Қыз байдын үйінде отын-суын тасып күнін көріпті

С) Қыздар орманға жидекке барады

D) Бай қызға күнде қиын жұмыс беріпті

Е) Қыздың отыны су болыпты

3.Мәтінге сәйкес емес ақпаратты табыңыз

А) Жетім қыз бай қолдына болыпты

В) Қыз байдың қолында тұрып, тамағын асырапты

С) Қыз отынға барыпты

D) Қыздар орманға жидек теруге барыпты

Е ) Қыз шапанымен отынды жауыпты

4. Мәтіндегі басты тірек сөздерді көрсетіңіз

А) Ақылды қыз, жолаушы ризалығы

В) Ақыл, ойын С) Тәрбие, жаңбыр

D) Отын, уақыт Е) Уакыт, ауыл, жалқаулық

5. Мәтін мазмұны бойыншы сөйлемді толықтырыңыз

«-Қызым, сен ... бала екенсің»

А) Қыздар В) Бай С) Көрікті D) Жақсы Е) Ақылды
Арал тенізі
Арал тенізі - Қазакстаныың інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын (сусарлар туысына жататын жыртқыш сүтқоректі аң) терісі игерілген.

Арал өңірінін тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Әмудария мен Сырдария екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі каркынды дамыды. Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23

метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Арал өңірі экологиялық апатқа ұшырады. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн.тонн тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:

-   жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

-   ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

-  суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

-  жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктср мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялык дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүниежүзіне белгілі болды.

Аралдың мұңы – қазақтың мұңына айналғаны қашан?! Арал өңірінде туындап отырған казіргі экологиялык апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шандар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60 %, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде.

Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халыктарын толғандыруда. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазакстанды ғана емес көптегсн Шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқу-шылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер. "Арал тағдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу, Аралды қалпына келтіру, аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.

(383сөз)

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1.Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз.

А) Арал теңізінің байлығы

В) Арал теңізі туралы

С) Арал апатына себеп болған факторлар

Д) Арал теңізінің тағдыры

Е) Арал теңізінің болашағы

2. Мәтіннің толық негізгі ойын беретін сөйлемді анықтаңыз.

А)Арал тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашарлады.

В) Аралды қалпына келтіру, аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.

С) Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде.

Д) Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды.

Е) Әмудария мен Сырдария екі өзен бойындағы шаруашылық жұмыстары.

3. Мәтінге сәйкес мақалды таңдаңыз.

А) Ел іші - алтын бесік.

В) Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті. 

С)Ерінен айрылған көмгенше жылайды. Елінен айрылған өлгенше жылайды.

Д) Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

Е) Тіл мәртебесі – ел мәртебесі.

4. Арал апатына себеп болған ең бастыфактісі:

А) Суды үнемді пайдаланбау

В) Ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау

С)Басқа да салаларды барынша дамыту

Д) Су желілерінің қалпынан шығуы

Е)Табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер.

5. Аралдың қазіргі жағдайы... .

А) нашар

В) жайлы

С) апатты

Д) жеткілікті

Е) қалпына келтірілуде

Ұстаз

Қазыкен апа 1930 жылы 8 наурызда Қостанай облысының Сарыкөл ауданы Найзакескен ауылында дүние есігін ашқан еді. Әкесі Рақымжан 1942 жылы қан майданға шақырылып, Сталинград шайқасында мерт болды. Бүлдіршін қыз сол сұрапыл соғыс жүріп жатқан 1943 жылы Меңдіқара педагогика училищесіне түсіп, оны 1946 жылы бітіріп шығады. Содан оның ұстаздық жолы басталып, мыңдаған жеткіншектердің сүйікті ұстазына айналады.

Еңбек жолын ауылдық мектептерде мұғалімдіктен бастады. Мектеп есігін алғаш ашқан бүлдіршіндерді оқытты. Тарыдай болып келіп, таудай болып шыққан талай түлектерге сәт сапар тіледі, үлкен өмірге жолдама берді.

Қазыкен Рақымжанқызының ізі Қазақстан жеті жылдық, Қараоба орта, Арыстанкөл сегіз жылдық, Жамбыл, Силантьев, Садовый орта мектептерінде сайрап жатыр. Осы білім ошақтарында ол Омар ағамен бірге тер төкті.

Асыл ана, білікті ұстаз үнемі қоғамдық жұмыстардың бел ортасында болды. Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан кезде елдегі сан алуан жұмыстарға араласып, тыл тауқыметін көтерген жандардың бірі де осы апамыз еді. Соған орай ол «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалдарімен марапатталып еді, кейін Ұлы Жеңістің 30, 40, 50, 55, 60 жылдығына шығарылған мерекелік медалдарды омырауына тақты.

Ұлы Жеңістің 55 жылдығы қарсаңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ұстаз-анаға құттықтау хат жолдады. Онда былай делінген: «Тәуелсіз Қазақстанның және бүкіл ТМД елдерінің мерекесі – Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіміздің 55 жылдығына орай шын жүректен жолдаған құттықтауымызды қабыл алыңыз». Дәл осындай құттықтауды Омар аға да алып еді. Бүкіл әлем таныған Елбасының жылы сөзі ерлі-зайыпты педагогтарды ерекше қуанышқа бөледі.

Иә, адал жар, ана, ұстаз дүниеден өтті. Бірақ оны алпыс жыл бойы отасқан жары Омар аға, өркен жайған ұрпағы, мыңдаған шәкірттері ұмытар емес. (243сөз)

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Мәтіннің бірінші абзацы не туралы, анықтаңыз.

А) Қазыкен апаның бастапқы өмір жолы туралы.

В) Қан майданға атануы.

С) Педагогика училищесінде оқуы.

Д) Ұстаздық жолы.

Е) Сүйікті ұстаз.

2. Қазыкен апа неше жылдық мектебінде жұмыс атқарды, анықтаңыз.

А)Он жылдық

В) Он бір жылдық

С) Тоғыз жылдық

Д) Жеті жылдық

Е) Бес жылдық

3. Қазыкен апа қандай медалімен марапатталды, көрсетіңіз.

А) «Еңбек ардагері»

В) «Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін»

С) «Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін»

Д) «Халық қаһарманы»

Е) «Білім беру ісінің құрметті қызметкері»

4. Ұлы Жеңістің 55 жылдығы қарсаңында Қазыкен апаның қуанышқа бөленуі.

А) Республика көлемінде медалдармен марапатталуы.

В) Қазақстан Президенті ұстаз-анаға құттықтау хат жолдады.

С) Облыс көлемінде медалдармен марапатталуы.

Д) Оқушылардың марапаттаулары

Е) Елінің бағалауы

5. Мәтінге лайық ат қойыңыз.

А) Қуанышты сәтВ) Реніш пен ызаС) Білікті ұстазД) Ақжарқын ана Е) Соғыс ардагер

Қазақ елі - менің Отаным

«Отан – от басынан басталады»,- дейді қазақ. Отан дегеніміз - адамның туып-өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.

Қазақ халқының атамекені - көне замандардан қалыптасқан жер көлемінің батыс жағы Каспийге, шығысы мен терістігі - Сібірге және Алтай тауларына, күнгейі Қырғызтан, Өзбекстан, Түркіменстан, республикаларына шектеседі. Көлемі бес Францияға, он екі Бельгияға пара-пар елдің жерінде алуан түрлі өсімдіктер, жан-жануарлар бар. Менделеев ашқан химиялық элементтер кестесінде көрсетілгендердің бәрі қазақ даласынан табылады.

Осындай жері үшін күрес, байлық үшін күрес қазақ халқын « мың өліп, мың тірілген» күйге әкелді, бірақ ешкімге мойынсұнған жоқ, тәуелсіздігі үшін, азаттығы үшін «ереуіл атқа ер салды».

Қазақ халқының басынан «ақтабан шұбырынды» заманы да өтті. Бұл заманның куәгері- Бұқар жырау, Абылай хан.

Абылай- халық арманын, халық мүддесін жүзеге асырған асқақ тұлға.

Қазақ халқы - патшалық Ресейдің отаршалдығына ең көп қарсыласқан, отарлық бұғауына бас имеген күрескер қауымдардың бірі. Осы наразылықтар қазақ тарихында көптеген батырлардың атын қалдырды: Сырым, Кенесары, Наурызбай, Қабанбай, Исатай, Амангелді, т.б.

М.Дулатұлы, А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов сынды зиялылар патша ісіне наразы бола отырап, өз өмірлерін сарп етті. Зиялы қауымынан, ақыл-ойынан айырылған халықты ұлтсыздандыру оңай деп ойлады. Бірақ осы қасіретті бастан кеше отырып, ұлттық намысынан, абыройынан, жігер-күшінен айырылған жоқ. 1986 жыл оқиғасы- осының дәлелі. Бұл тәуелсіздікке деген ел сенімін үдетті.

Сонымен 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан тәуілсіз республика болып жарияланды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президентін сайлау болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясы Республиканың Елтаңбасын, Мемлекеттік Туын және Әнұранын бекітті. 1995 жалы тамыздың 30-ында Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.

Дербес, тәуілсіз ел болу деген қандай бақыт! Елдің өз құқы өз қолында. Дүниежүзінің жүзден астам елі Қазақстанды тәуелсіз ел деп таныды. Қырықтан астам елмен жан-жақты қарым-қатынас жасап отыр. Көптеген мемлекеттерде Қазақстанның елшілігі бар. Қазақстан дүниежүзілік, халықаралық ұымдарға мүше болды. Соның ішіндегі ең беделдісі- Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Отан неден басталады, көрсетіңіз.

А) оттан

В) Қазақстаннан

С) елден

Д) анадан

Е) отбасынан

2. Қазақ халқының атамекені қай елдермен шектеседі, анықтаңыз.

А) Әзірбайжан, Ресей, Литва, Иран, Ауғанстан
B) Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай.
С) Түркіменстан, Әзірбайжан, Иран, Ауғанстан.
D) Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ауғанстан.
Е) Қытай, Ресей, Ирак, Ауғанстан.


3. «Ереуіл атқа ер салмай» кімнің шығармасы, анықтаңыз.

А) Мағжан Жұмабаев

В) Махамбет Өтемісұлы 

С) Ахмет Байтұрсынұлы

Д) Міржақып Дулатов

Е) Жүсіпбек Аймауытов

4. « Дербес» деген сөздің аудармасын көрсетіңіз.

А) самостоятельный, развитый

В) развитое, суверенное

С) независимый, национальный

Д) самостоятельный, суверенный

Е) независимое, многонациональное

5. Мәтінге лайық мақалды көрсетіңіз.

А) Ел болам десең, бесігіңді түзе.

В) Отан – елдің анасы. Ел – ердің анасы.

С) Отанды сүю – от басынан басталады

Д) Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Е) Жаңбыр жаумаса – жер жетім. Басшы болмаса – ел жетім.
 

Семей полигонының зардабы

1947 жылы 21 тамызда КСРО Үкіметінің арнайы қаулысымен «Семей - 21» деген шартты атаумен жаңа жасырын қала пайда болды. Қала әскери - өнеркәсіптік кешеннің мүлде жаңа құрылымына яғни ядролық сынақ полигонына толық қызмет етуге тиіс болды. Алға қойылған міндеттерін бұрын соңды көз көріп құлақ естімеген құрамы ескеріле отырып, ядролық сынақ полигонына жақын орналасқан жайылымдар, шабындықтар, таулы қыраттар есебінен 18 мың шаршы км - дей жер бөлініп берді. Ал 1949 жылы 29 тамызда тұп - тура таңғы сағат 7 - де Семей ядролық сынақ полигонында тұңғыш рет КСРО мемлекетінің ядролық қаруы сыналып, қуаты 20 килотонналық РДС - 1 плутоний заряды жер бетінде жарылды. Бұл қала бірде бір географиялық картада көрсетілмеген.

Өз жерінде мылтықсыз майданның құрбанына айналған халықтың денсаулығына іс жүзінде ешбір жәрдем көрсетілмеді. Оны айтусыз дәрігерлерге радиация әсерінен болған аурулардың дұрыс диагнозын қоюға тыйым салынды. Менің ата-мекенімнің маңдайына осындай қасірет таңбасы басылыпты. Тек 60 - сыншы жылдардан бері ғана бір ауылдан 500 - ден астам адам ядролық сынақтың кесірінен қыршынынан қиылса, 150 - ден астамы онкологиялық емханада жатып жарық дүниемен хош айтысты. Ал қаншама адам өз - өзіне қол жұмсау қасіретіне ұшырады.

Соңғы жылдары Семейдегі ядролық сынақтың салдарынан жүйке-психологиялық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1624-ке, ақыл-ойы кем адамдар 3105-тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692-ге көбейген. Ал сары ауру, іш ауруы, туберкулез сияқты ауру түрлері халықты әбден меңдеп, арасында көпшілігі нағыз тұқым қуалайтын дауасыз рак, паралич, анемия, лейкемия, жазылмайтын тері ауруларының алуан түрлеріне душар болып отыр. Сынақ зардаптары дәрі мен дәрігерлерді дәрменсіз етіп, адамзат баласында кездеспеген ауру-сырқаулардың «жаңа» түрлерін туындата бастаған, бірақ уақыт – емші, еліміз зардап шекен адамдарға жағдай жасайды деп үміттенеміз. (247 сөз)

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1. Мәтінде қозғалған мәселені анықтаңыз.

А) Адамзаттың өмірі

В) Жан-жануарлардың тіршілігі

С) Ядролық сынақтың жабылуы

Д) Сынақ зардаптары.

Е) Емдеу жолдары.

2. Мәтінге қатысы бар қатарды көрсетіңіз.

А) Жаңа жасырын қала пайда болмауы.

В) Ядролық сынақ полигонына жер бөлініп берілмеді.

С) Семей полигонының жақсы әсері.

Д) Сынақ зардаптары.

Е) Уақыт – емші, үміттенейік.

3. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.

А) Семей өңірінде жасырын қала пайда болуы.

В) Ядролық сынақ полигонына жер бөлініп берілуі.

С) Семей полигонының керектілігі.

Д) Ядролық полигонының жабылуы, адамдардың денсаулықтарының жақсаруы.

Е)Адамдарды емдеу жолдарының табылуы.

4. Ядролық полигонының жабылуына үлес қосқан ақын, анықтаңыз.

А) А. Байтұрсынов
В) М. Әуезов
С) О.Сүлейменов
Д) Б. Атшабаров 
Е) С. Мұқанов


5. Сынақ зардабынан жиі кездесетін аурудың түрі

А) анемияВ) лейкемияС) параличД) туберкулез Е) сары аур

Өмір
...Өмірдің өзі — тіршілік таласы, сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Адам таласып, бірін-бірі қыруға жаралған деген ой – негізсіз, өйткені барлық зат, оның ішінде адам жаратылыстағылардан өзге екені сөзсіз. Ары бар, ақылы бар, мейірімі бар, махаббаты бар адамның бірін-бірі жеп, талап, қырып өсуі мүмкін емес. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды. Шәкәрім – суреткер жазушы, атақты ақын. Бай да маңызды мұра қалдырған, өзіндік шығармашылық жолы сайрап жатқан сирек кездесер таланттың бірі. (Шәкәрім)

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

1«Тіршілік» деген сөзді сыңарымен сәйкестендіріңіз.

А) адамы

В) адамзаты

С) уақыты

Д) таласы

Е) ғасыры

2.

Мәтінге сәйкес тапсырмалар:

Каталог: download
download -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
download -> Зияткерлік мектеп оқушылары оқуы тиіс 100 кітап аясында қазақ әдебиетінен ұсынылатын шығармалар тізімі Негізгі мектеп
download -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
download -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
download -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
download -> Абылай хан
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу