Ми қыртысы асты дизартриясы – бұл бас ми қыртысының астындағы ядролардың зақымдануынан пайда болады. Ми қыртысы асты дизартриясы бұлшық еттер күш – қуатының ширығуының әсер етуінен және гиперкинезімен сипатталады. Гиперкинез дегеніміз баланың бақылауынсыз сөйлеу тілі мүшлеріндегі және мимкалық бұлшық еттерінің еріксіз күшпен қимылдауы. Бұндай қимылдар тыныш тұрған жағдайда байқалады, бірақ әдетте бұл қимылдар сөйлеген кезде күшейеді.
Бұлшық еттердің өзгертіп тұратынн ерекшелігі мен гиперкинездің бар болуы сөйлеу тілі мүшелеріндегі және дыбыстардың айтылуындағы кемістіктіктердің өзгешіліктермен байланысты. Бала ойнау барысында, жақвндарымен немесе көңіл – күйінің басқа жағдайда әсерленіп тұрғандағы әңгімелесу кезінде жеке дыбыстарды, сөздерді және қысқа сөйлемдерді дұрыс айтуы мүмкін, бірақ ізінше сол дыбыстардың біреуінде айта алмай қалатын жағдайға ұшырайды. Сөйлеу мүшелері құрысады, тілі тартылады дауысы үзілмелі болады. Кейде еріксіз айқайлап дыбыстардың көмейді бұзып – жарып шығатыны байқалады. Балалар сөзді, сөйлемді жылдамдатып тез – тез сөйлейді немесе керісінше сөздерін бөліп – бөліп айтады. Сөзінің анық естілуді ыбыстарды айтқан кезде сәйлеу тілі мүшелерінің бір қалыпты қимылай алмауынан, сонымен бірге дауысының күші мен саздылығының бұзылуынан болады.Ми қыртысы асты дизартриясы ерекшелігі сөйлеу тілінің шапшаңдығы, ырғағы, сарыны жағынан ұйқастығының бұзылыуымен сипатталады.Сөйлеу тілі мүшелерінің қозғауының бұзылуы дауысының және сөйлеуіндегі тыныс алуының бұзылуылармен сай келу баланың құбылмалы жағдайының көріністеріне байланысты дыбыстардың айтылуындағы ерекше бір ақаулықтардың шығуына себеп болады да, ол ең алдымен тіл қатынасы қызметінде әсерін тигізеді.Кейде ми қыртысы асты дизартриясы бар балалардың сөйлеу тіліндегі аақулықтардың асқынып кетуіне себеп болатын есту қабілетінің нашарлауы.
Достарыңызбен бөлісу: |