Баяндама
«Ағылшын тілі сабақтарында жаңа педагогикалық
технологияларды пайдаланудың тиімділігі»
Шет тілдерін үйрену, әсіресе ағылшын тілі қазіргі – заманның қажеттілігі.
Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республикалық білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ сьезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі – шығармашылық тұрғыдан бәсекелестікке сай үш тілді жетік меңгерген, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқытып – тәрбиелеу деп атап көрсетті. Бұл жерде негізгі ролді білім беру жүйесі алып отыр.
Қазіргі қоғам сұранысына сай білімді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып жетілдіре алатын жеке тұлға тәрбиелеуге аса назар аударылуда.
А. Байтұрсынов өзінің «Мектеп деректері» еңбегінде былай деп жазды: «….Мұғалім қандай болса, мектеп, пән сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».
Әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқыту төрт бағытты қамтиды. Олар мыналар:
Модельдік технологиясы
Рейтингтік жүйе
Дамыта оқыту технологиясы
Сын тұрғысынан ойлау
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалімдердің ізденісі арқылы оқушы қабілетіне қабылдау деңгейіне қарай іріктеліп қолданады. Технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін мен өзімнің алдымдағы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсат-мүддеме сай, өзімнің шеберлігіме орай таңдап алдым.
Ұстаз тұлғаның танымдық қабілеттерін дамытып өздеріне деген сенімін арттырып, істеген іс-әрекеттерінен жағымды эмоциялар алатындай дәрежеге жеткізуі керек. К.Роджерстің пікірінше, мұғалім:
Оқушыға сенім көрсету;
Оқушыға мақсаты мен міндетін белгілеуге көмектесу;
Оқушының шет тілін оқуға деген ішкі қызығущылығына мән беру;
Оқушы қиындыққа кездескенде кеңес беретіндей тұлға болу;
Оқушыға ұялмай өз пікірін айта алуға көмектесу;
Әрбір оқушының сезімі мен көңіл толқуларын түсініп, ыңғайлы жағдай жасау сияқты қағидаларды басшылыққа алуы тиіс.
Осы мақсаттарға жету жолында өзімнің сабақ беретін сыныптарымда біршама жұмыстар жасалды. Мысалы, оқушылардың бәрі үздік, екпінді оқушы емес. Ол кезде мен оқушылардың өз деңгейіне қарай тапсырмалар беріп отырдым. Соның арқасында сыныптағы барлық оқушы бағаланып, қатысып отырды.
І деңгейдегі оушыға проблемалық сұрақтар қою арқылы олардың ой-пікірімен есептесіп, ынталандыруды көздедім, ІІ деңгейге қиын сөздердің мағынасымен таныстыруды тапсырдым, ІІІ деңгейге мәтін не туралы, басты кейіпкерлер кім және т.б. сұрақтарға жауап беру сияқты жеңілдетілген тапсырмалар бердім.
Оқушының дарындылығының дамуы қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты.
Оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – оқушының шығармашылық, дарындылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны жетілдіру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.
Жаңашыл педагогтар оқушының жеке тұлғалық қасиетін барынша құрметтеп, оның шығармашылық қабілеттер мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамыта отырып, ағылшын тілін жетік меңгертуде. 2012 жылдан бастап «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технолгиясының стратегияларын сабақтарыма қолдана бастадым.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ақпаратты қабылдаудан басталып шешім қабылдаумен аяқталатын ойлаудың күрделі процесі.
Мақсаты: барлық жастағы оқушыға кез келген мазмұнға сәйкес сыни тұрғыдан қарап екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдап сапалы шешім қабылдап отыру. СТО – оқушылардың мәтінмен жұмыс дағдыларын дамытуға ауызша және жазбаша тілдің барлық түрін қарым-қатынас дағдыларын меңгертуге бағытталған технология. Сабақтың құрылымдық кезеңдері 3 кезеңнен тұрады:
І. Brainstorming (Ой қозғау)
Мен 6«а» сыныбында өткен «What do we know about the history of the USA» сабағымда ой қозғау мақсатында сұрақтар дайындадым. Өтілген сабақтар бойынша бәрі сұрақтарға дұрыс жауап берді. Бұрынғы білетін материалдарын жаңа ақпараттармен толықтырды.
ІІ. INSERT мағынаны тану барысында қолдандым.
«What do we know about the history of the USA?»
V – I know
- I don’tknow
+- It is new for me
-?- Itsurprised
America is a big, independent country. There are fifty states in the USA.
The history of Thanksgiving Day. Where came term. Native Americans.
The history of wild west and jeans.
Why do people wear jeans all over the world now? Today mane Americans still keep a gun in their houses.
III. Realization of the meaning ой толғаныс кезеңінде эссе жазу, «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасын» қолдандым. Мысалы 5 жолды өлеңді оқушылар былай жазды:
America
Independent, friendly, developed
To fight, to discover
America is a big country
The USA
Мақсатқа жету оқушылар арқылы жүзеге асады. Оқушы басты тұлғаға айналады, ал мұғалім білімді беруші ғана емес, танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырушы, баланың қабілетін, көзін ашушы тұлға.
Мен баланың білімге деген қызығушылығын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер ұйымдастыруға талпынамын. Ол жүйе мына төмендегідей:
Тақырыпқа байланысты хабарламалар;
Оқушылардың тақырыпқа, жаңа сөздерге, мәтіндерге байланысты қысқа әңгімелері;
Шығармашылықпен жұмыс істеуге бағытталған тапсырмалар (мәтіндерге, сөздерге байланысты қысқа әңгімелер, эсселер);
Жарыстар, сайыстар ұйымдастыру;
Әртүрлі танымдық ойындар ұйымдастыру;
Сабақтың әртүрлі формада өтуін қамту.
Оқыту білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – оқушыда білім, дағды, іскерлікті қалыптастыру. Ондай мүмкіндік тек сабақ арқылы беріледі. Сабақ – оқу үрдісінің ең негізгі формасы. Сабақтың мұндай міндеттен шығуы үшін оны психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыра білу қажет.
Сабақты психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру дегеніміз – оқушының ішкі жан дүниесіне терең үңілу, ойына ой қосу, қиялына қанат бітіру, білім алуға деген құлшынысын, қызығушылығын ояту. Ол үшін мұғалім барлық мүмкіншілігін пайдаланады. Өйткені жай сабақ құнарсыз тамақ секілді, адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп шәкірт жүрегінен орын алады.
Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияны пайдалану
Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс - тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?
Оқыту тілі өзге тілде жүргізілетін мектептерде тіл үйрету туралы жазылған әдістемелік және ғылыми материалдарды зерделей келе, ақпараттық технологияларды пайдалану туралы мәселеге тоқталуды жөн деп санап, осы тақырыпта жинақтаған іс - тәжірибемді ортаға салмақпын.
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық - коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.
Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық - технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан - жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.
Ағылшын тілі сабақтарында өзім қолданып жүрген компьютерлік бағдарламамен жұмыс істеу түрлерін атап өтер болсам:
Лексиканы меңгерту. Лексиканы меңгерту үшін түрлі әдіс - тәсілдер пайдаланылады. Нақты мағыналы сөздерді суреттер, зат, макет арқылы түсіндірген жөн.
Абстрактілі мағыналы сөзді түсіндіру үшін аударманы қолдану және тіл көрнекілігі арқылы түсіндіру қажет. Ал тіл көрнекілігі дегеніміз - сөздің мағынасын контекст арқылы, синонимдер мен антонимдер, сөздің құрамдас бөліктерін талдау арқылы түсіндіру.
Сөздің мағынасын түсіндіру үшін қолданылатын контекстке мынадай талаптар қолданылады. Контексттерге грамматикалық құрылым, ондағы жаңа сөзбен басқа сөздердің барлығы оқушыларға бұрыннан таныс болуы қажет. Сонда оқушының назары жаңа сөзге аударылады. Тіл көрнекілігінің тиімділігі сөздердің мағынасын сабақта тек шетел тілінде түсіндіріледі де жаңа сөзбен оның мағынасы арасында байланыс жасалады.
Сөйтіп сабақта шетел тілі атмосферасы жасалады. Бірақ бұл тәсілдің кемшілігі – оқушылар жаңа сөздің мағынасы ана тілінде оған балама тапқандай түсінеді, яғни оны бәрібір ана тілінде аударады. Мысалы, ағылшын тілі сабағында 7 - 11 сыныптар үшін арнайы электронды әдістемелік құралдың құрылымы мынадай: оқушы мектеп бағдарламасындағы «Саяхат», «Білім», «Денсаулық», «Қоршаған орта», « Жастар және уақыт» деген негізгі тараулармен жұмыс істеуіне мүмкіндігі бар. Әрбір тараудан оқушы мынадай мәліметтерді жеңіл және шұғыл түрде таба алады.
Тақырыпқа байланысты мәтіндер
Тақырыпқа қатысты суреттер мен сызбалар және компьютерлік анимация элементтері
Сөздік қорды толықтыруға жаттығулар
Грамматикалық тестер
Бұл оқулықтармен оқушылар белсенді жеке жұмыс атқарады. Мұғалім олардың өздік жұмысына бағыт беріп, оны бақылаушы, технологиялық аппаратты басқарушы болады да, оқушы белсенділігі артады. Уақытты пайдалануда тиімді.
«Ана тілін сабақта аластату мүмкін болғанымен оны оқушының сана – сезімінен аластату мүмкін емес»,- деп ғалым Л. В. Щерба өте дұрыс айтқан.
Мәтіндік лексиканың кіріспесінде және онымен жұмыс істеуде, мысалы, азық түлік, сауда, киім, т. б.
Сөйлеу жұмыстары:
Көптеген бағдарламаларда микрофонмен жұмыс істеуді қарастырады. Сөздер мен сөз тіркестері тыңдалғаннан кейін, оқушы оны қайталайды. Бұдан соң диктордың сөзді айту, яғни дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып, жеткіліксіз жақтарын аңғарып, оқушы оны түзетуге мүмкіндік алады.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым - қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп - тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету - оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. Коммуникативтіліктің жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ауызекі сөйлесу – жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал жауаптасуға дейінгі дайындық кезеңдерін былайша сараланады:
І кезең: диалогпен танысу;
ІІ кезең: диалогты жаттау;
ІІІ кезең: диалогты қойылымға айналдыру, яғни сөйлесім іс-әрекетін қойылым іс - әрекетімен ұштастыру;
Жазуды оқыту.
Жұмыстың бұл түрі сауатты жазу дағдыларымен, есте сақтау қабілеттерін дамытады, әрі пернетақтаны меңгеруге септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты жазу, әріптерді теру секілді үш іс - әрекетті бір уақытта біріктіреді.
Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық - грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио - визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді.
Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды - машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады. Ағылшын тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет.
Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.
Казіргі таңда еліміздің басшысы Н. Ә. Назарбаев алдымызға үш тұғырлы тіл; қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - қарым - қатынас тіл, ағылшын тілі - халықаралық тілді меңгеру жөнінде мақсат қойып отыр. Осыған байланысты қай тілді меңгерсек те оны әдемі, таза, шебер сөйлей білуміз керек. Ал мақал - мәтел дегеніміз қандай тіл болмасын, сол тілдің көркемдігін, нақышын беретін шұрайы. Сол себепті шет тілінде сөйлеуді меңгеріп қана қоймай сол тілде әдемі, шебер, көркем сөйлеу білуіміз керек. Мысалы белгілі бір грамматикалық тақырыпты өткен кезде жаттығулармен қатар үй тапсырмасы ретінде мақал - мәтелдерді беріп, одан бүгінгі өткен грамматикалық тақырыпты тауып қолдануын түсіндіріп орысша, қазақша аударып келуге берілсе, бұл әрі түсіндірілген грамматикалық тақырыпты пысықтайды, әрі іздендіреді және тәрбиелік құндылығы болады. Шет тілін оқыту үрдісін жандандыру, тіл дамыту жаттығуларын қолдану, жаңа әдіс - тәсілдерді енгізу бүгінгі күннің басты талабы. Біздің мақсатымыз рухани дүниесі бай, озық ойлы, айналадағы өмірге ғылыми көзқарасы қалыптасқан адамдар тәрбиелеу Мысалы; Ағылшын грамматикасында мақал мәтелдерді қолдануға болады.
The plural of nouns.
1. So many countries, so many customs. Что ни город, то народ. Әр елдіңсалты басқа, иті қара қасқа.
2. Many words cut more than swords. Злыеязыки - острыймеч.Сөзсүйектенөтеді.
Modal verb “Can”
I love learning English,
I can read,
I can write,
I can speak English too.
I love learning English
And what about you?
Достарыңызбен бөлісу: |