Баяндама Қақтығыстың даму кезеңдері


Қатысушылар мен қозғаушы күштерінің қақтығысы, олардың қажеттіліктерін, мүдделері мен мақсаттары



бет2/5
Дата21.04.2020
өлшемі23,28 Kb.
#63173
1   2   3   4   5
Байланысты:
Психология БӨЖ.docx (копия)

2.Қатысушылар мен қозғаушы күштерінің қақтығысы, олардың қажеттіліктерін, мүдделері мен мақсаттары.

Ең бір күрделі деген жанжалдарды соғыссыз шешіп отырған, тарихтан белгілі Соломон патша секілді басқарушылардың есімдері әлемге әйгілі болды. 

Конфликтология қоғамдық өмірдің әр сферасында пайда болатын конфликтілердің себептерін, мәнін, динамикасы мен формаларын зерттеп, алдын-ала ескерту мен шешу жолдарын қарастыратын, қажетті деңгейде дамыған, көпсалалы дисциплинасымен ерекшеленетін ғылым саласы. Оның зерттеу объектісі - конфликт барлық формасында, ал зерттеу пәні - кез-келген әлеуметтік конфликтінің пайда болуы, дамуы мен аяқталуы туралы ой толғау.

«Өмір сүру - күресу деген сөз» Сенека 

Конфликт - күрделі және көпсалалы әлеуметтік феномен болып табылады. Мұнда бірнеше тараптан бір немесе бірнеше ортақ қызығушылықтармен біріккен қатысушылар болады: индивидтер, әлеуметтік топтар, ұлттық-этникалық топтар, мемлекеттер, мемлекеттер тобы. Конфликттер әр түрлі себептерге және мотивтерге байланысты болады, мысалы: психологиялық, экономикалық, саяси, құндылықты, діни және тағы да басқа. Онымен қоса әрбір тұлға іштей қарама-қайшылықтар мен стресстерге жақын келетінін де ескеруіміз керек. Мысалы, бірнәрсені бар ынтаңмен қалай тұра, олай жасауға болмайтын жағдайлар кімде болмайды? немесе жаңадан бастап өз ісіңмен айналысқың келеді, бірақ, барыңнан айрылып қалмаймын ба? немесе қолымнан келмей қалмайды ма? деген қорқыныш кімде болмайды? Маңыздылығы бойынша екі бірдей құндылықтың біреуін таңдау керек болады т.б.

Конфликттердің осындай негіздерінің, формаларының, кезеңдерінің, мақсаттарының көптүрлілігі әсерінен конфликт түсінігі мен оның типологиясын анықтауда қиындықтар туындайды.



«Конфликт - қызығушылықтары (қажеттіліктері, мақсаттары, идеалдары, түсініктері) мен көзқарастары қарама-қайшы келетін субъектілердің қатынасы әсерінен туындайтын әлеуметтік құбылыс»

Конфликтінің мәнін түсіну үшін оның пайда болу жағдайлары мен ерекшеліктерін анықтап алу керек. Конфликт әрқашан өзара қарама-қайшы келетін қызығушылықтар мен көзқарастардың әсерінен пайда болады. Конфликтінің пайда болуына әсер ететін жағдайлардың қатарына қарама-қайшылықтарды жатқызуға болады.

Конфликтіге бір-біріне өзара зақым(моральды, материалды, психологиялық) келтіру арқылы көрініс табатын әлеуметтік қарым-қатынас субъектілерінің күресі тән.

Әлеуметтік қарым-қатынас субъектілері арасында қарама-қайшы келетін көзқарастарының, қызығушылықтарының және келіспеушілік жағдайының болуы конфликтінің пайда болуына қажетті және жектілікті жағдай болып табылады.

Конфликтінің негізгі құрылымдық элементтері:

- конфликтіге түсуші жақтар- конфликтінің пәні;- конфликтілі жағдайдың кейпі;- конфликтінің мақсаттары;- конфликтіге түсуші жақтардың позициялары.



Конфликтіге түсуші жақтар деп тікелей қызығушылықтары бұзылған әлеуметтік қарым-қатынас субъектілері немесе ашық түрде конфликтіні қалап тұрған субъектілер есептеледі.

«Конфликтінің пәні - қарама-қарсы жақтардың арасындағы күрестің туындауына себепкер болатын объективті түрде бар немесе бар секілді болып көрінетін мәселе (билік, қарым-қатынас мәселелері, қызметкерлер арасындағы бәсекелестік және т.б.)»

Конфликтіге түсуші жақтардың позициялары - конфликт кезінде немесе келісім процесінде бір-біріне айтылатын нәрсе.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет