Баяндама Қақтығыстың даму кезеңдері



бет3/5
Дата21.04.2020
өлшемі23,28 Kb.
#63173
1   2   3   4   5
Байланысты:
Психология БӨЖ.docx (копия)

3.Функциялық қақтығыс салдары.

Әлеуметтік қақтығыстар - әлеуметтік іс-әрекет барысында қарсы жақтардың мүдделерінің, мақсаттарының, жеке тұлғалар мен топтардың қажеттіліктерінің қайшылыққа ұшырауы, күресі. Әлеуметтануда және саяси теорияда бұл ұғымды түсіндірудің әртүрлі әдістемелік қырлары бар. Солардың бірі - мінез-құлықтық (бихевиористік) - қақтығысты жеке адам немесе тұлға өз мақсатына, мүдделеріне жетуді көздеп, оған ұқсас немесе бірдей мақсат пен мүддені көздеген қарсы жақты ығыстыру не бағындыруға талпынатын әлеуметтік процесс ретінде бейнелейді. Қақтығыс, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы, бірақ, оны жүзеге асыруда бірдей құралдар қолданатын топтардың арасында да болуы мүмкін. Қақтығыста қашан да қарсыластың бар екендігін түйсіну бар, екі жақтың да діттегендері мен мақсаттары анық белгіленген. Қақтығыстар өзге құндылықтар жүйе- сін қабылдамау, қарсыласқа жағымсыз қатынастардың ымырасыз қайшылығы негізінде туады. Бұл ұғымның ең танымал түсіндірмесі американ әлеуметтанушысы Л.Козерге тиесілі. Оның пікірінше, қақтығыс - қарсыласушы жақтардың арасында жетіспейтін ресурстар үшін күрес туғызып, бәсекелесті қарусыздандырып, залалын тигізіп, тіпті шеттетуге дейін баратын мінез-құлық. Күрес ретіндегі қақтығыс анықтамасында ашық қарсылыққа көшетін субъектердің өзара қатынасының ширығуы ерекше көңіл аударуды талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет