СЛАЙД 21).
Іле өзенінің сужинау алабының жер үсті суларының сапасын бағалау үшін «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (РМК) «Қазақстан Республикасының жер үсті суларының сапасы туралы жылдық деректер» анықтамасының және Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Балқаш-Алакөл су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі бассейндік инспекциясы» мекемесінің , яғни Добын, Қапшағай ГЭС-нен 164 км жоғары, Қапшағай шатқалы және Үшжарма ауылының тұсындағы гидрологиялық бекеттерінің ұзақ мерзімді ақпараттық-талдамалық мәліметтері пайдаланылды (СЛАЙД 22)
Іле өзенінің сужинау алабының жер үсті ағын суларының сапалық сипатамасын кеңістік – уақыт масштабында бағалау судың ластану белгісі ( ), ластанудың шектелген көрсеткішін ( ) және ластанудың шектелген-мүмкіншілік көрсеткішінің ( ) бойынша балық шаруашылығының суды пайдалануының шартты мөлшерлері мен салыстыру негізінде жүргізілді (СЛАЙД 22-23)
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының шекарасында орналасқан Добын гидрологиялық бекетінде қарастырылып отырылған 1995-2020 жылдар аралығындағы судың ластану белгісі ( ) «ластанған» (IV) судың класына жатады, ластанудың шектелген көрсеткішін ( ) - «орташа ластанған» (III) және ластанудың шектелген-мүмкіншілік көрсеткішінің ( ) бойынша «ластанудан», «тазаға» өзгереді (СЛАЙД 22).
Іле өзенінің сужинау алабының аймағындағы Добын және Қапшағай ГЭС-нен 164 км жоғары орналасқан гидрологиялық бекеттің аралығындағы қарастырылып отырылған 1995-2020 жылдар кезеңінде судың ластану белгісі ( ) «қалыпты ластанған» (III) судың класына жатады, ластанудың шектелген көрсеткішін ( ) - «қалыпты ластанған» (III) және ластанудың шектелген-мүмкіншілік көрстекішінің ( ) бойынша «қалыпты ластанудан» «ластануға» дейін өзгереді (СЛАЙД 23).
Іле өзеннің сужинау алабындағы Қапшағай шатқалының тұсындағы гидрологиялық бекеттен Балқаш көліне (Үшжарма гидрологиялық бекеті) аралығанда қарастырылып отырылған 1995-2020 жылдар кезеңінде судың ластану белгісі ( ) «қалыпты ластанған» (III) судың класына жатады, ластанудың шектелген көрсеткішін ( ) - «қалыпты ластанған» (III) және ластанудың шектелген-мүмкіншілік көрсеткішінің ( ) бойынша «тазадан» «қалыпты ластануға» дейін өзгереді(