Баяндама іле өзенінің сужинау алабының экономикалық белсенділік және климаттың өзгеруін ескере отырып, өзен ағынының өзгергіштігін бағалау іс жүзінде маңызды



бет6/9
Дата29.06.2024
өлшемі31,6 Kb.
#203499
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
БАЯНДАМА- РЫСКУЛБЕКОВА Л.М. (2)

СЛАЙД 15)
Олар негізінен, Іле өзенінің сужинау алабының аймағының гидрологиялық сипатамасының жалпы, біртекті табиғи және антропогендік уақыт аралығындағы жоғарғы және төменгі мәндерін анықтау, табиғи дәлелдемелердің және антропогендік қызметтің кеңістік-уақыт масштабындағы әсерін бағалау және климаттық көрсеткіштердің уақыттық қатарының статистикалық біртектілігін бағалаудың нәтижесі бойынша көретілген (СЛАЙД 15) , яғни 1970 жылдарға дейін су ағынының өзгеруі табиғи жағдайға, ал 1970 жылдан кейін антропогендік жағдайға байланысты.
Іле өзенінің сужинау алабының аймағының антропогендік жүктемесін бағалау, текілей және жанама жүктемелерді бағалаудың қолданбалы желісі құрылған (СЛАЙД 16).
А.Г.Исаченко, А.И. Шикломанов және В.и. Данилов-Данильягн ұсынған су ресурстарын пайдалану көрсеткішінің ( ), аймақтың меншікті сумен қамтамасыз етілу көрсеткіші ( ) және «су стрессі» немесе «өзеннің су ағынын алу көрсеткіші» ( ), табиғаттың суды тұтыну қажеттілігін өтеу үшін өзеннің арнасында транзиттік ағын түрінде қалатынды экологиялық ағынды ескермейтін болғандықтан, оны ескеретін бұл көсреткіштердің жетілдірілген математикалық модельдері ұсынылған (16 СЛАЙД).
Іле өзенінің сужинау алабының экономика саласын су ресурстарымен қамтамасыз ету деңгейін сушаруашылық бөлімшелері бойынша нақтылау үшін 2002-2019 жылдар аралығындағы нақты су ресурсы, қайтарымсыз суды тұтыну және экологиялық ағын туралы мәліметтерді пайдаланып аймақтың меншікті сумен қамтамасыз етілу көрсеткіші ( ) және «су стрессі» немесе «өзеннің су ағынын алу көрсеткіші» ( ) анықталған (СЛАЙД 17-18).
Іле өзенінің сужинау алабында қарасырылып отырылған 2002-2019 жылдар аралығында өзенінің жоғарғы сужинау алабында меншікті су ресурстарымен қамтамасыз етудің экологиялық көрсеткіштерінің , оның сандық мәні 4,579-дан 15,627-ға дейін және «су стрессі» көрсеткіші 8,132-ден 30,30-ға дейін өзгереетін болғандықтан төменнен жоғары деңгейдегі сумен қамтамасыз етудің мәніне сәйкес келеді, ал өзенінің төменгі сужинау алабында меншікті су ресурстарымен қамтамасыз етудің экологиялық көрсеткіштері 29,541-ден 84,619-дың аралығында және «су стрессі» көрсеткіші 4,21-ден 9,06 -ға дейін болғандықтан өте жоғары сумен қамтамасыз ету деңгейін көрсетеді.
Іле өзені сужинау алабының аймағының кеңістік-уақыт масштабындағы техногендік (жанама) жүктемесін бағалау үшін, Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Балқаш-Алакөл алабының су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау инспекциясы» және Алматы облысының статистика департаментінің 1995-2020 жылдар аралығындағы демографиялық, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы және өнеркәсіптік құрастырушыларының көпжылдық ақпараттық-талдау мәліметтері пайдаланылды және оның негізінде өзеннің сужинау алабының жанама антропогендік жүктемесін анықтауға арналған әдістемелік нұсқаның есептеуге арналған реттік жолының желісі құрылды (

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет