Баяндама тақырыбы: «Қазақ тілін оқытуды кіріктірілген сабақтардың маңызы» Мектебі



бет1/10
Дата06.02.2022
өлшемі445,77 Kb.
#79919
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Баяндма Айзат



Түркістан облысы


Арыс қаласы
БАЯНДАМА


Тақырыбы: «Қазақ тілін оқытуды кіріктірілген сабақтардың маңызы»


Мектебі: С. Ерубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі.
Қызметі: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Орындаған: Найманбаева Айзат Кадиркуловна
2020-2021 оқу жылы
«Бой жарыстыратын заман емес,
ой жарыстыратын заман».
Н. Ә. Назарбаев


І. Кіріспе
Еліміз өркениетті елдер қатарына қосыламыз деп қарыштап қадам басып жатқан тұста, білім жүйесіне де тың өзгерістер енуде. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» делінген. Осы бағытта жұмыстану үшін білім сапасын арттыру ісіне ерекше мән беру қажеттілігі артады. Сапалы білім беру педагогтардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Ал педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамытуда жаңа технологияны қолданудың маңыздылығы зор. Оқытудың жаңа технологиясы — оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануды, оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын біріктіруді, оқу материалын тиімді пайдалануды, оқудың сапасына білім мен біліктілікті жүйелеуді жүзеге асырады.
Қазақ тілінің жаңа оқыту әдістері арқылы біз білім деңгейі, ой өрісі дамыған, тіл арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелейміз. Оқушылар оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыра отырып, еркін қарым-қатынас жасауға, сын тұрғысынан көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланады. Қазақ тілінде берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады. Әрбір оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің құралы болып табылады.Тілді кіріктірілген бағдарлама арқылы оқытудың негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін ( айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым ) меңгерте білу.
Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы соның ішінде кіріктірілген сабақтар — оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады.
Кіріктірілген білім бағдарламасының алға қойған мақсаты айқын, бағдары жүйелі. Зиялы азаматты – сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеуге ұмтылады. Аталмыш білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет