Баяндама тақырыбы: «Халқына қалқан болған Би Боранбай Дайындаған: Дүйсен Досымжан Мамандығы: 1504000 «Ферма шаруашылығы»



Дата07.02.2022
өлшемі24,74 Kb.
#83606
Байланысты:
баяндама Дуйсен Досымжан


Баяндама тақырыбы: «Халқына қалқан болған Би Боранбай"
Дайындаған: Дүйсен Досымжан
Мамандығы: 1504000 «Ферма шаруашылығы»
Біліктілігі: 150406 2 «Ауылшаруашылық өндірісіндегі тракторшы - машинист»
Жетекшісі: Дугалиева Балнур Шаймураткызы
Тарих пәнінің оқытушысы,
«Тарбағатай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ халқының ұғымында туған жерден қасиетті ешнәрсе жоқ. Туған жердің тұнық суын ішіп, жұпар ауасын жұтқан әр бір адамның туған топырағына деген сезімі ерекше болса керекті. Қазақ халқы ел болып бірігуі, ұлт болып ұйысу жолында талай белестерден өтті. Қазақ халқы қаншама миллион адамынан, ата – бабамыз ат үстінде жүріп қасық қаны қанғанша қорғап алып берген кең - байтақ жеріміздің үштен бірінен, зиялы азаматтарынан айырылып, жер қойнауындағы байлығы талапын ғажайып төл тума мәдениеті жер қойнауындағы байлығы таланып ғажайып төл тума мәдениеті көмескіленіп, тілі мен діні тоқырап, есепсіз мехнат – азаптарды бастан өткеріп – өазіргі күні тәуелсіздікке қол жеткізді. [1]


Біздің өңірде елім, жерім деп ел бірлігі дегенде, ет жүрегі елжіреп соққан, келер ұрпақ қамын ойлап, халқына қалқан болып, жауына семсер сермеген бабалар есімі баршылық. Ата-баба аманатын абыроймен арқалағандардың бірі - есімін аруақ қып сиынған, аты еліне ұран болған Боранбай Қалқаманұлының 30 жылдай жаумен соғысып, 14 рет жекпе-жекте жеңіп, ақыры біртіндеп азаттық жолындағы атақты батыр қолбасшылардың ақылшысы, жауды жеңген соң, ұлы Абылайханның жақын серіктестеріне айналғандығы тарихтан белгілі. Халық атын атамай Бибабам деп атап кеткен Қалқаманұлы Боранбай өзінің жаужүрек батылдығымен, әділдігімен және қайырымдылығымен ерекше көзге түскен. Зерттеушілердің шамалауынша Боранбай би 1709 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданындағы Қызылкесік ауылында туып ержеткен. Батырдың руы-Найман ішінде Байыс, Байыстан-Сарымырза, Сарымырзадан - Жолымбай, одан Ажығұл, одан Мырзас, Мырзастан Қалқаман, Қалқаманнан Боранбай би. Кейбір зерттеушілер еңбектерінде Қабанбай батырдың сәйгүлігі «Қубас ат» Боранбай бабамыздың жылқысынан шыққан текті жануар екені айтылады. Боранбай би Қалқаманұлы жас күнінен бастап жоңғар шапқыншылығына қарсы халқымыздың жүргізген азаттық күресінің басы-қасында болады. Батырдың есімі сол кездедегі оқиғаларға арналған ерлік дастандарында жиі кездеседі. Көзі тірісінде ұранға айналған билер Қаз дауысты Қазыбек пен Боранбай би Халық бағасын берген, рудың ұранына айналған Боранбай батыр жаужүректілігімен ғана емес, бір рудың қабырғалы биі болғанында ұмытпағанымыз абзал. Қазақта көзі тірісінде ұранға айналған билердің бірі Қаз дауысты Қазыбек би болса, екіншісі батыр Боранбай би. [2]
Би Боранбай туралы басқа жердегілерден гөрі дәл білуге тиіс оның ұрпақтары, мекен етіп отырған қазіргі Ақсуат, оның ішінде өз атындағы ауылдың көнекөз қарттарынан естуімізше, Боранбай Қабанбайдан 14 жас кіші екен деседі. Қабекең 1691 жылы туған деп жүрміз. Қабекеңнен 14 жас кіші болған. Бибабамды 1705 жылы туған деп шамалаймыз. Ақсуатта тұратын шежіре Кәрібасұлы Мәуліт ақсақал: "1948 ж. Қытайда қайтыс болған, руы - қосмұрат (Мұрын ішінде), көпті білетін шежіресі Əубәкірдің айтуы бойынша Қабанбай алғаш қол жинағанда, Боранбай 18 жаста екен", - дейді.[3]
Сонда ол кезде Қабанбай 32 жаста болады екен. Бұл да айтқан болжамды бекіте түседі. Ал "Ұш ғасыр ішінде" атты ғылыми мақалада (ә. Хасенов, "қазақ әдебиеті", 7 ақпан, 1993 ж.) Бибабамды 1739 - 1740 жж. Соғыста даңқы шыққан жас батыр деп көрсетілген. Жігіттің күш қайратының нағыз толысуы 25-30 жас екені белгілі. Сонда Боранбай баба 1739 ж. 24 жаста болады екен. Бұл да ол кісінің 1705 ж. туды деген пікірімізді бекітеді. Би Боранбайдың туған жері жөнінде нақты мәлімет жоқ. Алайда, 1705 ж. Сарыарқаның төрінде дүниеге келді деп шамалаймыз
Би Боранбай өз заманының ірі мемлекет қайраткері де болған. Бұл пікірімізді дәлелдеу үшін мына бір тарихи құжатқа назар аударайық. 1748 ж. қазанда Кіші жүздің ханын сайлау жөніндегі съезге қатысып, әрі Нұралыны Кіші жүздің ханы етіп сайлау туралы Орынбордың сол кездегі губернаторы Неплюевтың атына жазған хатқа Жәнібек тархан бастаған қазақтың ең беделді сегіз биінің бірі ретінде Қалқаманұлы Боранбай би қол қойған. "Би боранбай Орта жүзден Кіші жүзге барып, Хан сайлауына қалай қатысты?" - деген сауалға былай жауап бере аламыз. Орта жүздің көптеген рулары секілді Наймандар сол кезде Сарыарқаны жайлап, бір шеті Кіші жүзге - Елек өзені бойына дейін алып жатқан көрінеді. Мәселен, 1742 ж. маусым айында қарақалпақтарға кетіп бара жатқан ағылшын көпесі Гок Орынбор маңындағы Елек өзенінің бойында отырған бура Қонақай батырдың ауылында қонақ болғандығын жазып кеткен. Тарбағатай ауданының Қызылкесік деген ауылынан Ақсуатқа шығатын үлкен жол Қубас асуының үстімен өтеді. Қубас ат – Қабанбай бабамыздың ең аяулы тұлпары болған жылқы. Бұл атты тай күнінде мырзасы Боранбай би туған жиені Қабанбай батырға өз бауы­ры Төлебайдың жылқысының ішінен таңдап мінгізген. Біз бұдан би Боранбай бабамыздың мың жылқының ішінен шын тұлпарды тани білетін ат сыншысы болғанын да анық аңғарамыз Боранбай батыр жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысты ұйымдастырушы қолбасшысы, Қаракерей Қабанбай батырдың сенімді серігі, Найман елінің қабырғалы биі.[4]
Боранбай би Қалқаманұлы жас күнінен бастап жоңғар шапқыншылығына қарсы халқымыздың жүргізген азаттық күресінің басы-қасында болады. Батырдың есімі сол кездедегі оқиғаларға арналған ерлік дастандарында жиі кездеседі. Көзі тірісінде ұранға айналған билер Қаз дауысты Қазыбек пен Боранбай би Халық бағасын берген, рудың ұранына айналған Боранбай батыр жаужүректілігімен ғана емес, бір рудың қабырғалы биі болғанында ұмытпағанымыз абзал. Боранбай Қалқаманұлы Орта жүз құрамындағы Найман тайпасынан шыққан, қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы қатысқан батыр, белгілі би. Жас кезінде Түркістанда ескіше оқыған. Тарихи деректерде Боранбай мен Қаракерей Қабанбайдың есімі қатар жүреді. Ол қазақ хандығының тәуелсіздігі мен ел бірлігі жолында Абылай хан жүргізген саясатты жүзеге асыру ісіне үлкен үлес қосқан. В. В. Вельяминов-Зерновтың еңбектерінде Кіші жүздің қаза тапқан ханы Әбілқайырдың орнына таққа оның ұлы Нұралыны отырғызуға мұрындық болып, Орынборға барып айтқан сегіз бидің бірі осы Боранбай екендігі айтылады. Кезінде Арғын - Найман арасындағы жер дауының әділ шешілуіне ықпал еткен. Боранбай биді Бұхар жырау, Көкбай ақын жақсы таныған
1748 жылы Әбілхайыр ханды Барақ сұлтанның өлтіруіне байланысты құрылған Көкшетаудағы билер сотында ханның құнын жоқтап, Барақты айыптаған сөздің тізгінін Шекті Сырлыбай ұстаса, Барақты ақтайтын сөздің бұйдасын Боранбай ұстаған деген сөз бар. Билер сотына сайланған жеті бидің бірі. Боранбай би атағына жастай ие болыпты. Кезінде Арғын - Найман арасындағы жер дауының әділ шешілуіне ықпал еткен. Боранбай биді Бұхар жырау, Көкбай ақын жақсы таныған. Оның көсемдігі мен шешендігі, батырлығы барлығын тәнті қылған. Халық жадында «Кім ұқпас Наймандағы Боранбайды, Бес байыс Боранбайлап ұрандайды...» немесе
«Найманға би Боранбай билік айтып,
Артына аруақты болған ұран.
Тұсында Абылайдың ақылшы боп,
Серік боп ордасында қызмет қылған»
деген сияқты өлең-жырлар қалған. Боранбай биге Қазақстан халық ақыны жармалық Қалихан Алтынбаев өзінің «Соңғы айқас» атты дастанын арнаған. Бұдан би бабам Боранбай қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі және ел бірлігі жолында Абылай жүргізген кеменгерлік саясатты белгілеу және асырау ісіне Қабанбай, Бөгенбай, Малай сарыларымен қатар сүбелі үлес қосқан ірі мемлекет қайраткері болғанына да көз жеткіземіз. Боранбай биден қалған кесімді сөз Боранбайдың Мәмбет дейтін, өзі ерке өскен тентек інісі болады. Ол әрбір топ-жиын сайын ұрыс, жанжал шығарып, оның айып-бодауын ағасы төлеп жүреді еккен. Бір елдің тойына барар алдында ол інісін шақырып алып: «Сен осы жолы жанжал шығармай тыныш жүр. Мен той тарқаған соң саған ат мінгізіп, шапан жабамын» дейді. мәмбет мақұл деп ағасына уәде береді. Той жанжалсыз өтеді. Мәмбет сыйлы, сыпайы қонақ боп тыныш жүреді. Той тарқайды. [5]
Мәмбет ағасына келіп: - Көке, айтқаныңызды орындадым, ат, шапанымды бер! – дейді. Боранбай: - Мен саған ат та, шапан да бердім емес пе? – дейді. - Қайдағы? Қашан? - Сен түсін. Егер мен саған той алдында ескертпесем, сен тағы жанжал шығарып, елді дүрліктірер едің. Айып төлеп, тағы да шығынданар едің. Ат, шапаның жаныңда қалды емес пе? Бұл менің бергенім емес немене?! – депті. Сонда інісі: «Қап, мұндай айлаңды білгенде көнбес едім. Талай қызыл кеңірдектер кетті-ау бекерге!» - деп, басындағы тымағын жерге бір-ақ ұрыпты. Халқына қорған болып, қабырғалы бір ру елді билеген Боранбай Қалқаманұлы 1807 жылы 98 жасында дүние салған. Зиратын 1980 жылы Жарма, Аякөз, Ақсуат ауданындағы ұрпақтары кірпіштен тұрғызған. Ұлт болашағын өз тағдырынан биік қойған, қазақ халқының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен Боранбай батырдың тұлғалық деңгейі тәуелсіздік алған уақыттан бастап көтеріле бастады. Алдымен Боранбай би туралы зерделі зерттеулер жүйеленіп, туған ауылына есімі берілді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында Би Боранбай Қалқаманұлына туған ауылында ескерткіші тұрғызылды. Қазақ тарихында жаугершілік заманда қаһармандық ерлік көрсеткен, немесе осы тарихи оқиғаларды басқарған, ұйымдастырушы болған немесе асқан ерлік көрсеткен азаматтар – халық батырлары атанған. Ұлттың тұлғалары атанған. Би Боранбай Қалқаманұлы да халық батыры, ұлттың қаһарман тұлғасы. Халық жадында мәңгі сақталар ұлы есім деп білеміз.[6]
Бұрынғы Қызылкесік ауылы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы)" Би Боранбай" ауылы деп аталады. 
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Дарабоз романы» Қабдеш Жұмаділов

  2. «Тағылым» Қарпық Егізбаев

  3. «Даулет» журналы

  4. «Қазақ тарихы» журналы

  5. Қазақ Энциклопедиясы”, II-том

  6.  Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет