Баяндама тақырыбым: «Заманауи әдіс-тәсілдер мен тиімді педагогиалық технологияларды қолдану»



Дата04.03.2020
өлшемі15,46 Mb.
#59543
Байланысты:
баяндама әдіс тәсіл


Баяндама тақырыбым:

«Заманауи әдіс-тәсілдер мен тиімді педагогиалық технологияларды қолдану»



Оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. 

Мақсатым:

1. Мектепте тек қана бір мақсат- білім беру,

Мұғалімде тек қана бір мақсат – сапалы сабақ.

Ағылшын ағартушысы-Уильям Уорд

2. Жәй мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады.

Ағылшын ағартушысы-Уильям Уорд

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында және достық қарым-қатынастары артуы үшін сабақты бірінші «Ынтымақтастық» атмосферасын құрудан бастадым.

Нәтижесінде оқушылар тың ойымен жаңа сабаққа кіріседі.

Топқа бөлу

“Түймедақ гүлі”

Түймедақ гүлінің артында жасырылған сандар бойынша топқа бөлінеді

Жаңа сабақ « Сиқырлы сұрақ» арқылы

«Сиқырлы сұрақ» әдісі бойынша интерактивті тақтадан төрт суретті көрсеттім. Суретте глобус, карта, кітап және аққан жұлдыздың суреті бар болатын. Оқушыларға екі минут уақыт ойлануға уақыт беріп оны дәптерлерлеріне жазып, кейін топта талқылап, кейін ойларын ортаға салуын өтіндім. оқушылар сиқырлы сұрақтарға жауап беріп жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Түрлі жастағы балаларда сипатталатын ойлау деңгейі балалардың жас шамасына бейімделген.

Қоржындағы сұрақ



«Қоржындағы сұрақ» бойынша 1 топ «Суретші Шоқан» тақырыбында тапсырма алса келесі топ «Әдебиетші Шоқан» тақырыбында топ болып бірлесіп жұмыстар атқарды. Екі топта өздеріне берілген тапсырмаларды зор қызығушылықпен орындады. Постермен жұмыс жасап қорғады . Бұл сабақта әр топтың алдында ғаламтор жүйесіне қосылған компьютер және ұялы телефондар тиімді қолданылды . Мен бұрын ғаламтор материалдарын өзім таратып беретін едім . енді оқушылар тапқан мәліметтерін топ бойынша қорғады Оқушылар топ бойынша жұмыс жасай отырып бір –бірін тыңдады, оқып үйренді. Тақырып мазмұнын ашты. Тақырып мазмұнын әр топ дөңгелек стол әдісі арқылы қорғады. Жаңа тақырыпты оқушылар өз бетімен меңгеруге бағытталып, жұптық әрі топтық талдау жасау арқылы түсінді. Сабақты бекіту кезеңінде оқушылар өздерінің нені меңгерді,нені меңгермегенін анықтау мақсатында «Жедел жауап»сайысы арқылы өз білімдерін тексерді.

Кері байланыс: «SMS хабарлама»
  • Бүгінгі сабақта мен түсіндім......
  • Мен өзімді бүгінгі сабақта.......мақтар едім
  • Маған ерекше ұнағаны............
  • Бүгінгі сабақта мен жасай алдым.......
  • ........Қызықты болды
  • Мені таңқалдырды.................

2. Оқушы сабақта алған білімін бағалайды

3. Мұғалім оқушыны жеке бағалайды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет