Баяндама томас Хельм Баяндама Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы



Pdf көрінісі
бет33/48
Дата07.02.2022
өлшемі14,74 Mb.
#97667
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48
Байланысты:
KAZ Fin

Протоиерей Александр: Жалпы алғанда, сіз дұрыс айтып отырсыз.
2011 жылдан бастап Қазақстан заңнамасында айтарлықтай өзгерістер 
болғанын білесіз. 1992 жылғы қаңтардан бастап күшіне енген алғашқы 
дін туралы заң 2011 жылы жаңа заңмен ауыстырылды. Мұның себебі 
неде? Біріншіден, бұл мемлекеттің радикалды исламдық ағымдардан 
сескенуіне байланысты. Атап айтқанда, Ақтаудағы оқиғалар осы құбы-
лысқа себеп болды. Елде заң күшейтілді. Бұл іспен шенеунік, дипломат, 
осы саладағы ведомствоны басқарған Лама Шариф айналыса бастады. 
Ол кезде бұл ведомство – Дін істері комитеті деп аталды. Біз бірден не 
жоғалттық? Алғашқы шешімдердің бірі түрмелердегі барлық діни ғима-
ратты жауып тастау болды, бұл типтік шіркеу ғимараттары ма, намаз 
оқу бөлмелері ме, ол жағы еш маңызды емес болды. Атап айтқанда, осы 
кезеңде біз 50 приходтан айырылдық. Сонымен қатар, колония аумағында 
салынған бірнеше ғибадатхана қиратылды. Біз оларды салу үшін қан-
шама тер төккен болатынбыз. Сізге ақпарат үшін айта кетейін, техника-
лық қызметтерде жұмыс істейтін біздің ғибадатхананың бірнеше қыз-
меткері біздің ғибадатхананың көмегімен түрмелерден түзеліп шықты, 
бірақ одан бері 10 жылдан астам уақыт өтті. Ал қазір ондай мүмкіндік 
жоқ. Енді сотталғандарға бару үшін, ниет білдірушілерден өтініш керек, 
яғни дін қызметкері нақты адамдарға ғана келеді және тек белгілі бір 


47
Қосымша
адамдармен сөйлесе алады. Осылайша, түзеу мекемелеріндегі жұмыс-
тарымыздың 90 проценті тоқтатылды. Онда ислам дінбасылары қандай 
проблемалар тудырды дегенді айту қиын, бірақ бұл мәселенің кілті ислам 
мен христиандықтың құрылымында. Мәселе мынада: христиан дінінде, 
атап айтқанда, православиеде және католик шіркеуінде нақты иерар-
хиялық құрылым бар, яғни діни қызметші әрдайым діни қызметші болып 
қала береді. Исламда мұндай дінбасылар деген ұғым жоқ, бір имамның 
орнына мүлде басқа адам имамның міндеттерін орындай беруі мүмкін. 
Бұл тағайындалатын лауазымдар. Менің ойымша, салафиттік көзқарас-
тары бар адам бұл жүйеге енуі мүмкін болғандықтан, бұл мемлекеттің 
қорқынышын туындатады. Билік өкілдерімен жеке сөйлесу барысында 
маған «жігіттер, сіздерге қарсы нақты кінәрат- талабым жоқ, бірақ біз 
заңның аражігін ажыратып тастай алмаймыз – заң бәріне бірдей болуы 
керек» деді. Бұл екінші кезең. Осыдан екі жыл бұрын президенттің мем-
лекеттің зайырлылығын нығайту және дінді қоғамдық өмірден барынша 
алыстату туралы бағыты пайда болды. Бұдан біз қорықпаймыз, өйткені 
Қазақстан жағдайында бізде ешқашан да осы қоғамның өміріне әсер 
ету ниетіміз немесе мүмкіндігіміз болған емес. Сонымен қатар, көршілес 
Ресейге қарасаңыз, менің ойымша миссионерлік жоспар тұрғысынан 
қоғамның шамадан тыс клерикализациясы, діннің қоғамдық өмірге шек-
тен шыққан әсері керісінше нәтижелерге алып келеді деген ойдамын. Мен 
Қазақстан туралы пікіріме қайта оралайын. Осыдан 2 жыл бұрын Парла-
мент Мәжілісінің депутаттары дінге қатысты әртүрлі заңдарға өзгерістер 
әзірлей бастады, сол кезде біздің бәріміз елеңдей бастадық, өйткені аталған 
түзетулер қоғамдағы елеулі бұрмалауларға алып келуі мүмкін еді. Атап 
айтқанда, православие шіркеуінде нақты тіркелген мүшелік жоқ. Ғиба-
датхана ашық және кез келген, әрі әртүрлі адамдар ғибадат етуге келеді, 
олар ғибадат етеді және шіркеудің рәсімдеріне қатыса алады. Біз оларды 
тіркемейміз, аттарын жазбаймыз және біз тек өзіміз үшін ғана осындай 
статистика жүргіземіз. Бұл статистикада сәйкесінше аты-жөндері тіркел-
мейді, алайда жаңа түзетулерге сәйкес, мысалы, егер 14 жасқа толмаған 
бала, тіпті бастапқыда 16 жасқа дейінгі балалар болған, ғибадатханаға 
келсе және әлдеқандай бақылаушы орган кенеттен осыған назар ауда-
ратын болса, мұндай жағдайда діни бірлестік алдымен айыппұл түрінде 
ескерту алуға мәжбүр болатын. Осыдан 2 жыл бұрын, православиелік діни 
қызметші Оңтүстік Қазақстан облысындағы православие шіркеуі діни 


48
Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы
қауымы мүшелерінің балаларына арналған жазғы лагерьде ата-анала-
рының жазбаша қолхаттарын жинап алып, осының негізінде тауға барған 
кезде олардың дұға оқыған жағдайы болған. Мұны жергілікті билік қыз-
меткерлері тіркеп, қоғамдық жерде діни іс-әрекеттерді жасағаны үшін оған 
қарсы әкімшілік іс қозғалды. Тауды қоғамдық орын деп атауға бола ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет