26
Қазақстандағы
діни сенім бостандығы туралы
тарихынан терең білім алады.
54
Алматыдағы Әулие Вознесенск правосла-
виелік шіркеуінің діни қызметкері Александр Суворов өзінің 2019 жылдың
2 наурызында берген сұхбатында
55
осы оқу мекемесінің маңыздылығын
атап көрсетті. Өйткені шетелдік діни оқу орындарына түсуге белгілі шек-
теулер қойылған, сондықтан Қазақстаннан тыс жерлерде салмақты діни
білімді шамалы ғана адам алуы мүмкін. Оның айтуынша, православиелік
шіркеу келушілермен діни оқу өткізуімен шектелмей, демалыс күндері
балаларды мектепке дайындау сабақтарын жүргізеді. Онда оларға оқуды,
есепті және жазуды үйретеді.
Кейінгі жылдары мұсылман ұйымдары үшін көптеген жаңа мешіттер бой
көтерді. Әсіресе екі ірі жоба ерекшеленеді. Астанадағы 2012 жылы есігін
ашқан Әзірет Сұлтан мешітінің күмбезінің биіктігі 51 метр және ені 28
метр, әрқайсысының биіктігі 77 метр болатын 4 мұнарасы бар. Мұнда
10 000 адам сыяды деп жоспарланған. Бұл Орталық Азиядағы ірі мешіт
туралы қоғамда қызу пікірталастар өтті. Оны Сауд Аравиясы қаржылан-
дырды дегендей пікірлер орын алды және оның құрылысы Қазақстанда
ваххабизмді алға бастыру ниетімен байланыстырылды. Алайда, бастау-
шылар өз мақсаттарына жете алмады және Қазақстан Республикасында
исламның өздері жоспарлаған түрін бекіте алған жоқ. Исламды әсіре
дәстүршілдік көзқараспен түсіндіретін ваххабизм діні Сауд Арабиясы
Корольдігінде басымдыққа ие.
Қазіргі уақытта Сауд Арабиясының қаржысына мешітке қарама қарсы
жерде діни мектеп салып жатыр. Роман Подопригора үкімет мұндай
қаржыландырудың артында не тұрғанын сезеді және бұл жағдайды
бақылауында ұстап отыр деп үміттенеді.
Мұсылман ұйымдары үшін Нұр- Астана мешітінің үлкен маңызы бар. Оның
құрылысы 2008 жылы біткен болатын, оның күмбезінің биіктігі 40 метр
және әр мұнарасы 63 метрден. Мешітте бір уақытта 5000-ге дейін адам
жайғаса алады және сыртында тағы 2000 адам құлшылық етеді. Нұр- Астана
мешіті сол кездегі Катар әмірі Халифа бин Хамад әл-Танидің сыйы еді.
56
54
Балпанов, 26-бет (20-сілтеме).
55
Қосымшаны қараңыз.
56
URL: https://ru.sputniknews.kz/Astana_20years/20180620/6105421/stroitelstvo- astana-
dengi.html (қараған күні: 15.05.2019).
27
Діни
сенім бостандығы
Шетелдік қаржылай көмек берушілердің белсенділігі білім саласында
да байқалады. 2001 жылы Мысыр үкіметінің қаржылай қолдауының
арқасында ислам мәдениетінің университеті «Нұр–Мүбарак» ашылған
болатын.
57
Ол Қазақстанда имамдар білім алатын бірінші университет
болды.
58
2008 жылы онда 500-ден астам студент оқыды, олар арабтану,
ағылшын тілі, салыстырмалы исламтану мамандықтарын және педагогика
бакалавры мен магистрі болу үшін оқыды. Білім министрі исламды зерт-
теу курсын ашуға аккредитация бермеді, себебі Қазақстанның зайырлы
мемлекетке жататынын ескерген еді.
59
Сондай-ақ, Мысыр Алматыдағы Ислам институтын қаржыландырды.
Институт Қазақстан мұсылмандары үшін «Иман» журналын шығарады,
сонымен қатар қазақ тілінде Құранды басып шығарады, ислами білімді
қолдайды және Қазақстанның тарихы мен этнологиялық мұрасына
арналған «Ислам шапағаты» журналын шығарады. Араб қорларының
Шымкентте «Отырар» қазақ-араб университеті және Қазақ- Кувейт гума-
нитарлық академиясы құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: