31
Діни
сенім бостандығы
Диалогтың мемлекеттік түрімен қатар, жекелеген діни қауымдастықтар-
дың бастамасы ұсынылды. Қазақстан мұсылмандарының діни басқар-
масы (ҚМДБ) елдегі мұсылмандардың атынан сөз ұстайды. Мұсылман-
дар өздерінің жариялы шараларын ұдайы негізде жүргізеді. Дінаралық
семинарлар өзара түсінікті ұлғайтуға бағытталады.
«Мицва» еврей ұйымдары қауымдастығының президенті, Қазақстанның
Халық ассамблеясы
68
кеңесінің мүшесі Александр Барон өзінің 2019 жыл-
дың 28 сәуірінде Алматыда берген сұхбатында
69
раввиндер мен имамдар-
дың 2000 жылы өткен бірінші кездесуінің өзінде-ақ бейбіт және үйлесімді
қатар өмір сүрудің негізгі қаланғанын атап көрсетті.
Әртүрлі бастамалардың өкілдері экстремистік және исламның фунда-
менталистік ілімінен өздерін алыс ұстап, рухани идеологияға емес, әлеу-
меттік салада қатар өмір сүруге басты назар аударады.
70
Православ шіркеуі де дінаралық диалогтың бастамаларына өте бел-
сенді түрде қатысады және өздерін әріптестіктің бейбіт жолын қолдаушы
ретінде көрсетеді. Православ шіркеуі мемлекеттің сенімді әріптесі болды
және бейбітшілік пен тұрақтылыққа шақырды. Мысалы, ол ұлттық Нау-
рыз мерекесінің өтуін қолдайды.
Католик шіркеуі де, әрине, бұл диалогқа өз үлесін қосады. Католик дінінің
өкілдері конференциялар мен дөңгелек үстелдердің аясында діндер ара-
сында басқа конфессиялардың өкілдерімен кездесу және олардың діни
сенімдеріне түсіністікпен қарауға тырысу арқылы бейбітшілік пен келісімді
орнатуға шақырады. Елемеушілік пен эгоцентризм төзбеушілікке әкеледі.
Қазақстанның католик шіркеуінің есімін көрсеткісі келмеген бір үлкен
өкілінің айтуынша, католик шіркеуі де Заңнамаға өзгеріс енгізуге шақырды.
Мысалы, 16 жасқа дейінгі жеткіншіктер діни салтанат пен құдайға сиыну
рәсімдеріне әке-шешесінің бірдей келісімінсіз қатыса алмайтын болды.
Бірақ та жалғызбасты әйел немесе әке болған жағдайда бұл мәселені
қалай шешу керектігі нақты анықталмаған. Көптеген талқылаудан кейін
68
Қазақстан Халқының Ассамблеясы (ҚХА) 1995 жылы
тұңғыш Президент Нұрсұлтан
Назарбаевтың Жарлығымен құрылды. Оның мақсаты – этникалық және діни жанжалдар
мен қайшылықтарды бәсеңдету және келіссөздер арқылы шешім табу. 2007
жылы ҚХА
конституциялық статус алды. Бұл оның қоғамдық- саяси ролін айтарлықтай көтерді.
69
Қосымшаны қара.
70
Балпанов, 24-бет (20-сілтеме).
32
Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы
әке-шешесінің біреуінен, туысынан немесе қамқоршысынан анықтама
берілсе, жеткілікті болады деген ымыраға келді.
Әдеттегідей, басты діни қоғамдардың өкілдері бір-бірін Жаңа жыл, Рожде-
ство, Құрбан
айт мерекелерімен құттықтап, бақыт тілейді.
Қорыта айтқанда, барлық ірі діни қоғамдар бейбіт диалогқа шақырады.
Олар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған
Әлемдік діндер конференциясының ажырамас бөлігі болып саналады.
Бірақ, солай бола тұрса да, олар кездесулер ұйымдастыру үшін өздерінің
шараларын өткізеді.
Фридом Хаус немесе Ослодағы Бостандық Форумы сияқты халықаралық
деңгейде танымал ұйымдар даму барысының оң тұстары мен келеңсіз
жақтарын ғылыми стандарттарға сәйкестендіріп анықтайды. Қазақстанда
басқа да мемлекеттік емес субьектілер қызмет атқарады және олар
өздерінің жеке бастамаларымен диалогқа ықпал жасайды. Мысалы,
Қазақстандағы ОБСЕ-нің зерттеу орталығы, сондай-ақ Қырғызстан
мен Тәжікстанда мемлекеттік ұйымдардың өкілдері мен қызығушылық
танытқан жұртшылық үшін бір-біріне деген сенімді нығайтуға арналған
шаралар ұйымдастырды.
Конрад Аденауэр атындағы қор да бейбітшілік пен өзара түсіністікті
нығайту ісіне белсенді қатысады. Германияның саяси Қоры 2017 жыл-
дың қазан айында Қазақстанның халық Ассамблеясымен өзара түсіністік
туралы меморандумға қол қойды. Ол Қазақстандағы этникалық топтар-
дың жанжалсыз қатар өмір сүруді қамтамасыз ету мақсатындағы ынты-
мақтастықты білдіреді. Бұл ынтымақтастықта діни мәселелер де белгілі
рөл атқарады.