Баяндама томас Хельм Баяндама Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы



Pdf көрінісі
бет7/48
Дата07.02.2022
өлшемі14,74 Mb.
#97667
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48
Байланысты:
KAZ Fin

Діни сенім бостандығының бұзылуы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы «Діни қызмет және діни 
бірлестіктер туралы» жаңа заңы
2011 жылы еліміздің кейбір аудандарында радикалдық қылмыстық топ-
тар тарапынан террористік актілер жиі орын алды. Қарулы шабуыл-
дар, лаңкес- жанкештілердің шабуылы және Алматы, Шымкент, Ақтөбе 
мен Астанада орын алған атыстар жұртты қатты шошытты. Жекелеген 
адамдардың бақылаудан тыс радикалданғанынан қауіптенген Прези-
дент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 13 қазан 2011 жылы «Діни қызмет 
және діни бірлестіктер» туралы заң қабылдады. Бұл кешіктірместен қар-
сылық толқынын тудырды. Мысалы: «Халифат сарбаздары» (Джунд аль- 
Хилифа) діни рәсімдерді өткізуге қойылған шектеулерді, жұмыс орнында 
намаз оқуға салынған тыйымды алып тастауды талап етті, бұлай бол-
маған жағдайда, терактілер ұйымдастырамыз деп қоқан-лоқы жасады. 
Мысалы, «Халифат сарбаздары» 2011 жылғы 12 қарашада Таразда болған 
38
URL: http://www.forum18.org/archive.php?article_id=2448 (қараған күні: 15.04.2020).


21
Діни сенім бостандығы
кісі өлімдерін өз жауапкершілігіне алды. Бұл оқиғаның салдарынан поли-
цияның бес қызметкері мен екі бейбіт тұрғын қаза болды.
39
Жаңа заңды халықаралық ұйымдар да сынға алды. Діни сенім бостан-
дығын қорғау жағдайының нашарлағанын Европалық Одақ қана емес, 
сонымен қатар Фридом Хаус индексі немесе Бертельсманның трансфор-
мациялау индексі де көрсетті. Олар Қазақстанда болған оқиғаларға тиісті 
құжаттар толтырды.
Діни топтарға қайта тіркеуден өтуді міндеттеу жаңа заң орнатқан маңызы 
үлкен шектеулердің бірі болды. Осы заң қабылданған соң көп кешікпей 
78 ұжым өздерінің қиын жағдайға ұшырағанын мәлімдеді және заңның 
қолдану шарттарын әділетсіз деп бағалады. Бұл тұжырыммен демокра-
тиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі ОБСЕ бюросы мен 
Фридом Хаус келісті.
40
Дегенмен де Қазақстан үкіметі елдегі тіркелген бар-
лық діни топтарға тексеріс жүргізді. Жаңа стандарттарға сәйкес, жергілікті 
бірлестіктердің мүшелері 50-ден кем болмауы керек, аумақтағылардың 
саны 500-ден, ал ұлттық бірлестіктердің мүшелері 5000-нан кем болмауы 
тиіс. Соның нәтижесінде шағын қауымдар мен секталардың осы процес-
тен өтуі мен қайта тіркелуінің мүмкіндігі аз болды.
41
Каспий қоғамдық университетінің профессоры және діндер туралы эксперт 
Роман Подопригора 2 наурыз 2019 жылы берген сұхбатында 
42
бұл жаңа 
талаптардың іске асуы өте қиын екенін айтты, әсіресе ауылдық жерлер-
дегі жағдайдың тіпті қиын екенін атап көрсетті. Бұл жерлерде діни ұйым-
дар қажетті 50 мүшені қабылдау үшін көмекті көршілерінен, достарынан 
немесе отбасыларынан сұрайды. Тіпті ресми критерийлерге сай жұмыс 
жүргізгеннің өзінде оны шенеуліктер тіркеуден өткізбеуі мүмкін. Подо-
пригора мысал ретінде Қазақстандағы саентология қозғалысын алады. 
39
Логвинов, Михаил. Сарбаздар мен олардың Халифаты. Жихадшылар назарындағы 
Қазақстан: Орталық Азияны талдау: Қазақстандағы исламшылдық. Қазақстандағы парла-
менттік сайлаудың қорытындылары, № 49 (2012). Б.3. URL: http://www.laender- analysen.de/
zentralasien/archiv.php (қараған күні: 11.06.2019).
40
Волошин, Георгий. Қазақстандағы діндер туралы жаңа заңды мұсылмандар мен 
үкіметтік емес ұйымдар сынады: Орталық Азия мен Кавказ бойынша талдаушы 
(19.10.2011). URL: http://www.cacianalyst.org/publications/field- reports/item/12379-field- 
reports-caci-analyst-2011–10–19-art-12379.html (қараған күні: 20.05.2019).
41
Сонда.
42
Қосымшаны қараңыз.


22
Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы
Ғалым, сонымен қатар, мұсылман ұйымдарының тіркелуіне көніл аударады. 
Бұл қауымдар Қазақстан Діни басқармасынан (ҚДБ) тыс жұмыс жүргізе 
алмайды. ҚДБ-на кіруден бас тартқандардың тіркелуге мүмкіншілігі бол-
майды. Қазақстанда татар- башқұрт мешіті ондаған жылдар бойы жұмыс 
істеп тұрған еді, алайда 2011 жылы қабылданған жаңа заңның талапта-
рын орындамағандықтан, тіркеуден өте алмады. Соның салдарынан өз 
ғимараты мен жер телімінен айырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет