Баяндамашы: Досмагамбетова Сауле Амангельдиновна



бет1/5
Дата10.10.2024
өлшемі109,47 Kb.
#206107
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Авторлық бағдарлама


ПЕДАГОГТАРДЫҢ АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ЖАЗУЛАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК
«Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім
бөлімі Қорғалжын ауылының Ақтан Төлеубаев атындағы жалпы орта
білім беретін мектебі» КММ
Баяндамашы:Досмагамбетова Сауле Амангельдиновна
Қорғалжын, 2024 жыл
Оқушылардың білімге деген түрлі сұраныстарына байланысты мұғалімдер оқу бағдарламаларын құрастыруға немесе типтік оқу бағдарламаларын өзгертуге ниет білдіреді. Оқу бағдарламасы – нормативтік құжат,сондықтан автордың жоғар білікті маман болуын талап етеді.
Педагогикалық бағдарламалардың негізгі екі бағыты болады. Олар білімдік және сауықтыру. Білімділік –негізгі қызмет түрі танымдық. Сауықтыру – негізгі қызмет түрі ойын, спорт.
Білімділік бағдарламаларының негізгі типтері:
  • типтік (үлгілі) бағдарлама;
  • тәжірибе-сынақ (эксперименттік) бағдарламасы;
  • авторлықбағдарлама.

ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Типтік (үлгілі) бағдарлама ол:
  • білім министрлігі бекітеді және қосымша білім беру басқармалары ұсынады (ғылми орталықтар);
  • Әр жеке пәнге байланысты білім,икем,дағды көрсетілген нормативтік құжат. Оқытылуға тиісті тақырып, әр тақырыпқа мерзім, жыл беріледі. Бағдарлама талабын толық меңгеру – оқу үрдісінің табыстылығы, тиімділігі межесі.
  • Оқу пәніне сәйкес оқу курсының мазмұнды негізін, мақсатты талаптарын, оқыту технологиясын таңдау принципі, бақылау әдісін көрсететін құжат.
  • Білім, тәрбие,дамыту мақсаттарын орындайтындай білім беру процесі құрамын анықтайтын қысқаша жүйелі баяндалған ақпарат.

  • Тәжірибе-сынақ (эксперименттік) бағдарламасы. Бұл бағдарлама типтік бағдарламасы негізінде жасалынады. Мазмұнына өзгеріс енгізіледі, толықтырылады. Мысалы: тақырыпты оқыту реті,сағат саны, оқыту түрі т.б.
    Авторлық бағдарлама педагог немесе педагогтер ұжымы толығымен дайындайды және оған (олараға) зияткерлік құқығы беріледі. Бұл – не алғаш рет еңгізілетін курсты, не автордың дәстүрлі тақырыпты өзіндік тәсілмен оқыту бағдарламасы. Мұндай бағдарлама мазмұны – жаңашылдығымен және өзектілігімен ерекшеленетін білім беру проблемаларын шешуге ұсынылған құралдар жиынтығы. Авторлық бағдарлама эксперименттік те болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде жаңалығы мен авторлығы құжат бойынша дәлелді болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет