Базальды қабат



бет55/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

Йодтің токсидермиясы йодтың түзын немесе түнба- сын ішкенде пайда болады.
Сынаптық токсидермиялар. Сынаптың кішкене мөлшерін инъекция арқылы немесе сынаптың, әсіресе сұр сьнаптын майын сіңірудің нәтижесінде пайда болады. Кейде сынап жарым-жартылай бу түрінде өкпе арқылы организмге енеді.
Дәрілік токсидермияның өзгеше түрі “Лайелдың токсикалық эпидермалдық некролизі”. Ауру күтпеген жерден жедел басталып, теріде, шырышты кабатта кызғылт немесе қоңыр-кызыл, әр түрлі көлемді, дактар түзілуімен ерекшеленеді. Оның үстіңде бос ірі көпіршіктер шығады немесе эпителий түгелдей аршылып, пайда болтан үлкен эрозия ошақтары күйіктің П дәрежесіне үксап кетеді. Аурулардың жалпы жағдайы тез нашарлайды, дене қызуы 39—40'-ка дейін көтеріледі, әлсірейді, коматоздық жағдай дамып, көбінесе 3—4 күн ішінде өлім қауіпі туады.
62. Псориаз.Заманауи этиология және патогенез
теориясы
Псориаз (қабыршақты теміреткіpsoriasis vulgaris) – әр түрлі мүшелер мен жүйелердегі өзгерістермен, дермадағы қабыну процессі мен кератинизация процессінің бұзылысымен, эпидермальды клеткалардың гиперпролиферациясымен жүретін созылмалы қайталамалы дерматоз.
Этиологиясы мен патогенезі.
Мұнда генетикалық факторлардың орны бар, бұған жанұялық аурулар мен егіздердің бірдей ауыруы мен HLA жүйесімен болатын белгілі бір корреляциялық байланыстар дәлел болады.
В13 және В17 антигендері псориаздың тек терілік көріністері бар науқастарда, ал В17, В27, В33, В40 – терілік зақымдалуларымен қоса артриті бар науқастарда кездеседі. HLA жүйесінен бөлек псориаздың тағы бір маңызды генетикалық маркері анықталған: псориаздың доминантты формаларының 17 хромосомасының дистальды​бөліктерімен​тіркесуі.
Псориаз элементтерінің пайда болуының негізінде кератиноциттердің шамадан тыс пролиферациясы, эпителиоциттер бөлінуінің бұзылысы, энергетикалық балансқа байланысты метаболикалық процесстердің жоғары белсенділігі, кератогиалиннің синтезінің жетіспеушілігі жатыр.
Псориаздың дамуында маңызды орынды иммунды бұзылыстар алады: Т-супрессорлардың мүкістігі фонында Т- хелперлердің белсенділігінің жоғары болуы, иммунды кешендер санының жоғарылауы мен ДНК-ға аутоантиденелердің титрінің жоғарылауы. 
Псориаз тек қана иммунды бұзылыстары ғана емес, сонымен қоса кейбір мүшелер мен жүйелердің морфологиялық және функциялық бұзылыстары бар науқастарда да кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет