Әскери психология (Военная психология) — әскери қызмет жағдайындағы адам психикасының зандылықтарын (түйсік, қабылдау, ойлау, сезім және т.б.) зерттейтін психология саласы. Әскери психология әскери қызметшілердің психологиялық, қасиеттерінің қалыптасу зандылықтарын (қызығушылық, дағды, қабілет, мінез, темперамент және т.б.), сондай-ақ жауынгерлердің санасы мен эмоциясын зерттейді. Бұл зерттеулердің нәтижелері қарулы күштердің жеке құрамы бойында кажетті ерік сапаларын тәрбиелеу кезінде тәжірибелік тұрғыдан қолданылады.