Ббжб№2. 1-нұсқа 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті»



Дата08.02.2022
өлшемі18,87 Kb.
#119207
Байланысты:
15.02.21, 587090292, Маркетинг негіздері, Та ырыбы Ж рек гликозидтері орында АН амиралиева ж. Б, лабор 2к, vki

ББЖБ№2. 1-нұсқа
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті»


Оқу мақсаты 8.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде
деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру
Бағалау критерийі Білім алушы



Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут


ОҚЫЛЫМ
Тапсырма Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындаңдар.

Бабаларымыз ежелден «Өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерін аса жоғары бағалаған. Ақындар сөз сайысы кезінде жеңіске жетудің жолын іздеп, нақты дәлелдер келтіріп, сөзбен жеңген.


Айтыста ақындардың импровизациясы, логикасы мен дәлелінің күштілігі анық байқалуы тиіс. Сөз өнерінің, образды, көркем ойлардың тілдік көрінісін айтыс өлеңдерінен көреміз.
Ақындар тіліндегі көркем құралдарының бірі – мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдердің көпшілігі игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатында болады. Мақал-мәтелдердің ерекшелігі – мазмұны терең, аз сөзбен көп мағына береді және көпшілігі есте тез сақталады. Айтыс өлеңдеріндегі мақал-мәтелдер тілдің эстетикалық қызметін күшейтіп, өлең сөзді әсерлі етеді. Ал қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер әдеби тілімізді байытуға қосқан айтыс ақындарының үлесі екендігін көрсетеді.
ЖАЗЫЛЫМ


І. Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркестерін қойыңдар.
1) Ақындар сөз сайысы кезінде жеңіске жетудің жолын іздеп, ... ... келтіріп, сөзбен жеңген.
2) Сөз өнерінің, образды, көркем ойлардың тілдік көрінісін ... ... көреміз.
3) Мақал-мәтелдердің ерекшелігі – ... ... , аз сөзбен көп мағына береді және көпшілігі есте тез сақталады.
ІІ. Тест сұрақтарына жауап бер.
1.Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылған? (1 дұрыс жауап)
А)ақындар туралы
Ә) мақал-мәтелдер туралы
Б) бабаларымыз туралы
В) дәлелдер туралы
Г) ақынның қасиеттері туралы


2. Айтыста ақындардан нені анық байқауымыз керек? (3 дұрыс жауап)
А) импровизация
Ә) мақал-мәтел
Б) логика
В)дәлелдің күштілігі
Г)аз сөз


ІІІ. Айтыс туралы біліміңді қолданып, сөйлемдерді Қандай? сұрағына жауап болатындай етіп толықтырып жаз.

  1. Айтыс ..................................................... өнер.

  2. Мен ............................................................. айтыс түрлерін білемін.

  3. Айтыскер ақын .................................................. болу керек.




Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл




Білім алушы




  • Мәтіннің мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап береді




1

2


3



Мәтін бойынша көп нүктенің орнына тиісті сөз тіркесін қояды

1
1
1




1.Сұрақтың бір дұрыс жауабын табады

2.Сұрақтың үш дұрыс жауабын табады



1

1
1
1






Сөйлемдерді өз білімдері арқылы толықтырады

1
1
1













Барлығы

10


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет