Ббк 84 қаз 7-5 б 45 б 45 Т. Бердалина «Нұр рауаны»


Бұлбұлым. Әсем үнді бұлбұлым, Есенбісің, жұлдызым, Қайда жүрсің күн қызым, Сайра, сайра, бұлбұлым ! Күнім



бет2/14
Дата20.06.2018
өлшемі392,72 Kb.
#43781
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Бұлбұлым.
Әсем үнді бұлбұлым,

Есенбісің, жұлдызым,

Қайда жүрсің күн қызым,

Сайра, сайра, бұлбұлым !


Күнім.

Күнім, күнім, күншегім ,

Саған қарап күлемін

Қытықтайсың көзімді

Тауыстың ғой төзімді.

Шырша
Кішкене ғана шырша,

Қыстың әнін жырла.

Сенің үйің орман ғой,

Орман саған қорған ғой


Жұпар иіс

Күн қызарып батады

Тұнық кеш жерді жабады.

Кешкі самал тербеліп,

Жұпар исін шашады.
Өрік
Өрік , өрік , өрік-ті

Өрікті бала теріпті.

Құрбысына, досына

Бір - бір уыс беріпті
Қауын.

Күз түсе пісті қауын,

Қызығып, таңдадым дәуін

Көтере алмай, ұялдым,

Ауырын - ай, ауырын.
Қарбыз.

Мен қарбыз деймін,

Әжем дарбыз дейді.

Жасыл жолақ сырты,

Қызыл тәтті іші.
Жүзім.

Өзбектер үзім дейді,

Бір бірлеп үзіп жейді.

Біз жүзім дейміз,

Бір сәтте жүзін жейміз.
Бірде төрт ауылдан келе жатқан төрт жолаушы кездесіп, достасып та үлгеріпті.

Шөлдедік қой, үзім жейік, -дейді өзбек.

Ангур ғой, - дейді араб,

Анфур, - деңдер дейді парсы.

Жүзім ғой бұл, - дейді қазақ.

Сонда төртеуінің айтып тұрғаны бір тағам екен.
Қызанақ.
Доп домалақ қызанақ,

Қызыл гүлдей қызғалдақ.

Неткен өзі дәмді

Дастарқанда сәнді.
Ана

Ана — әсем сөз әлемде


Ана, - деп , әндетсем
Күн көзі күледі.

Ана, - деп , жыр төксем


Гүлдер де бұраңдап ,

түледі.


Жел қағып әйнекті
Шегіртке секіріп ,
Құмырсқа шабады.
Көңілді көбелек
Айналып ебелек
Барлығы қуанып күледі.
Гүлзарда гүл раушан
Бас изеп құлпырды.
Сайрайды Аққұстар
Әніме қосылып,

Ән салды жарысып.

Көк аспан, шуақ күн,
Алтын Ай, сам Жұлдыз,
Жершары жар салды ;
Ана, ана, ана! – деп

Тіршілік ән салды.

Ана, - деп Туған жер ,

Ана, - деп Байтақ ел ,

Ана, - деп Әлемім
Жар салды.
Іренжітпе, ананы.

Бала - ана жүрегі


Бала - гүлі ананың.

Айтқан тілін аламын,

Жұмсаса анам барамын.

Іренжітпей анамды,

Ыдыстарды жуамын.

Ауланы да сыпырып,

Үйді жинап қоямын.

Торғай мен бұлбұл
– Түймедей ғана торғайсың,
Шырылдап мүлде қоймайсың.
Шенейсің мені не деп, сен
Бәрібір мендей болмайсың.

–Болмасам, мейлі, болмайын


Ешқашан қыста тоңбаймын.
Естиміз сені, тек, жазда,

Ал мен күнде жырлаймын.

–Шырылдан басқа тілің жоқ,
Шымшық-ау, сенде білім жоқ.
Бағаңды өзің білмейсің,

Жұрттан нені тілейсің ?

–Таласпаймын ешкіммен

Шырылдаймын күнімен,

Кішкене ғана торғаймын,

Әніммен елді қорғаймын.

–Мені қалқым бұлбұл дер,

Бағамды дұрыс ел берер.

Тамылжи шыққан нәзік жыр,

Ғашықты талай сүйсінтер.

–Түймедей ғана торғаймын,

Әнімді мәңгі қоймаймын.

Тамылжыған әніңнің,

Қайырмасын жолдаймын.


Балық неге ән салмайды
Қимылы басым, қылық бар

Жүзеді ылғи тұнықта

Көзі -де бар, тірлік көп

Топтасады ұжым боп.

Ауызын ашып жабады

Бірақ әнге салмайды.

Болсада өлеңнен ойы

Құлақ - аузы суға толы.

Қораз бен қаз
Қораз көрші,

Несіне қоқиасың?

Қызарып алқымың

Бәрібір шоқисың

Ол -пұлын қорданың, - деді Қаз.

Бұрқ етіп,

Шақырды ашуын:

Сақтасын сендейден

Су жалдап, құм жеген.

Мен жеймін дәннің асылын,-деп,

мақтанды Қораз.
Тайқардай
Тайқардай -ау, тайқардай,

Анау жатқан Тайқарбай.

Жатыр жалқау жамбастап,

Ұйқысы бір қанбастан.

Тайқар - есек айғыры,

Кежегесі кейін тартып,

Жүреді ылғи артқа тартып. 2004
Аққайың
Аққайың, аққайың,

Күз келгенін білдірдің,

Жапырағыңды күлдірдің.

Айналып ұшып біреуі,

Жерге асықпай түседі,

Сірә, күздің белгісі



Ертең суық түседі.
Ақ мысық
Біздің үйдің төрінде

Ақ мысығым керілді.

Келе ғой деп, шақырсам

Келуге ол ерінді.

Мішім, мішім, мішім - ай

Саған берем сүт пен май

Десем де ол сенбеді

Көзін қысып, келмеді.

Міне, саған сүт пен ет

Дегенім сол, керемет,

Қасыма келді жүгіріп,

Салды етке тұмсығын.

Көпжасаңыз, рахмет, -деп,

Бұлаңдатты құйрығын.

Қарлығаш

/Н.М.Рубцовтан/
Қолайсыз бір жай болып,

Қарлығаш сонша шулады.

Балапаны құлап ұядан

Қарлығаш мұңлық жылады.

Мұны естіп балалар,

Шауып, шауып қиядан

Келді бәрі көмекке.

Амал қанша...

Басқа енді не шара,

Жарықшағын тауып алып

темірдің

Балапанды көмді жерге

арулап.

Не болғанын біле алмай

Шырылдайды қарлығаш

Зарлап ұшып ұзамайды

Әлі ұшып жүр сол маңда

Түсінді ме не болғанын,

алайда,

Қарлығашым, айналдым,

Ұқыптырақ қарасаңшы.

Балаңа бол ықтият,

Өзің салған ұяңа

Болшы өзің мұқият.

Көк төсінде самғайсың

Ауыл маңын шарлайсың.

Не тіршілік,

Балапанды, ұяңды

Өзің қорғай алмайсаң.
Іс тіктім

Он ойланып,

Тоғыз толғанып,

Іс тігуге кірістім.

Сегіз мәрте сыздым

Жеті рет өлшеп,

Алты рет аударып,

Бес рет бүктеп,

Төрт рет көктеп,

Үш рет ұштап,

Екі қолды алмай

Шаршап талмай

Қайта , қайта қарап

Бір рет тіктім,

Осымен мәнді

Бір киім болды сәнді.
Боламын

Мынау, ел Мынау, жер

Менің байтақ отаным,

Үздік білім,

Тоқып ілім,

Үлкен маман боламын.

Өнеріммен Өміріммен

Қадірлі қарт боламын. 2004
Қос қарлығаш

Қос қарлығаш қақпадан

Ұшып кірді аулаға.

Балалар жүр қуанып

Жүгірісті даурыға.

Қос қарлығаш қасықтай

Қонды шатыр қасына

Балаларға қарайды

Асықпай шәшін тарайды.
Төлдер

Лақтан серкеш болады

Тауға тасқа шығады.

Бұзау тана момақан

Ат деп, мінбе балақан.

Қозы тоқты толысты

Өріс іздер қонысты.

Құлын тайы арғымақ

Келеді, әне, шапқылап.

Бота тайлақ атанар

Мөлдіреп көзі ойнақтар.

Төлдер атын біліп ал

Үйрет оны шақырып:

Ауһау, ауһау танашым

Моп-момақан қарашы

Шөре, шөре лағым

Шұнаңдаған шырағым.

Соф, соф менің боташым

Еркелейді ботасы.

Құроу, құроу кұлыншақ

Арғымақ боп өседі.

Төлді сипап мақтап,

Мал өсірем баптап.


Қазақ малсақ

Малсақ қазақ

Шақырады малдарын

Атап - атап:

Құроу - құроу, құраулайды,

Ауһау - ауһау, ауһаулайды,

Шөре-шөре, шөрелейді,

Шөп - шөп, - дейді,

Көс - көс , - дейді

соф-соф , - дейді - ау

Басқа елде жоқ мұндай атау

Көз салып бір ойланайық,

Қасиетті сөз - ақ

Аудармасыз, дара сөзді

Ойлап тапқан қазақ.


Балара
Ұшып келіп ара

Амандасты гүлге

Амансың ба, тәттім,

Қыстай дем алып жаттым.

Сенің исің аңқып

Ойатты -ау мені жақсым,

Деді де , келіп сүйді

Аймалады күлді

Ұшып қонып жүрді

Мыңшұңқырға барып

Тәтті балын үйді


Бұртиады бала
Бұлт түзеді көшін,

Айдың көрді көзін

Тынышталды дала

Тәтті ұйқыда бала

Оянғанда Айды іздеп

Бұртыйады бала


Қамыс
Қамыс көлге иіліп,

Сыр айтуға түйінді.

Суда сырын ұққандай,

Қамысын сүйіп, сүйсінді.
Орман
Орман қандай тамаша,

Сүмбіл шаштар өрілген,

Ғажап сурет тау-тасы,

Әлемгүлдер керілген.
Тамашаға таңырқап,

Тамсанамын, таңғалам.

Жақпартастың санынан,

Ой оздырдым сан қадам.
Күз

Күзгі аспан күрсініп,

Күн қызуы азайды.

Күн биіктеп алысқа

Түн мезгілі молайды.

Далаға түсті көк тұман

Қоңырлап жер де сарғайды,

Қоштасып аққу, тырна, қаз

Тоғай, дала мұңайды.
Әппақ, әппақ, әппағым
Әппақ, әппақ ақ сезімдер,

Әппақ, әппақ ақ көңілдер,

Ақжаулықты анамдайсың.

Әппәқ сезім ажарымсың,

Әппәқ көңіл базарымсың

Ақша қардай еркелейсің.

Сарыарқаның сары аязы

Қыс қаһары әл баяғы

Салып сурет өрнектеген

Әппәқ аяз, әппақ қырау.

Қыс қабағын түйді тым-ау

Бір ақиық сәт құрып.

Ақ бүркеніп дала жатыр
Үлфіл сезім балаң батыр
Ойым сенен қорықпау.

Күн күледі жаз шығады


Жөңки ағар тау бұлағы
Сұлу өзен қалыспас.

Айдын көлге аққу қонар,

Көл жағасы үнге толар
Ән қанаты қалықтап.

Айна көлге қаздар қонып

Баяғы сұлу күндей болы

Табиғат сәні толысар.

Әппәқ , әппәқ ақ көңіл,

Аса нәзік ақ сезіммен


Сұлулықты жырлайды ән.
Шырша жыры
Далам әппәқ, қалам әппәқ

Қар жауып тұр тынбастан

Қалың орман қар жамылып

Маужырайды көк аспан.

Алақай- ау,Қыдыр ата

Келе жатыр алыстан.

Ән салайық, би билейік

Қарша қыздан қалыспай.

Аяз қартта әнге салды

Балбөбекке қосып сән.

Құтты болсын, құтты болсын!

Шырша тойы- мереке,

Елге келсін береке.
Боран
Қарлы боран, әппәқ аспан

Көктен жерге жол салған

Қыс бораны дауырығып

Орман, тоғай ән салған.

Қысқы боран қарлы құйын

Орманды әнмен тербеткен

Қарағайлар қалғып әннен

Ақ қайыңдар селт еткен.

Ақ бұрқақтан аспан мүлгіп

Кейде өрши ұлиды

Іздегендей төркіндерін

Кәрі бұлттар жөңкиді.

Ақ боранда әппәқ қарда

Балалықпен жарысқам

Ақ жүзімді аяз қарып,

Жасғығыммен табысқам



Көктем келді
Мінеки күй күлді,

Нәуірзек гүл жайнап.

Маң дала құлпырды.

Мал төлдеп,

Жер жәннәт түледі

Бәйшешек күлімдеп

Гүл сезім сыйлайды.

Самалмен тербелген

Гүл майса ырғалып,

Бар Әлем жырлайды


Ұя
Орман толы ұя бар,

Ұяға құс ұялар.

Балапанын өсіріп,

Көктеміне үн қосар.
Күншуақ

Күншуақ самалды.

Күн сұлу ажарлы

Нұр төкті әділет

Күн көктем қыдырып

Гүл шашу шашты көп.
Ақ қоян

Көп қоян

Әппәқ қардай

Ақ қоян

Көзі ғана

Қап-қара

Жасырды көзін жасқана

Әй, пәле-ай!
Екі қаз

Әжемнің үйінде

Бар еді екі қаз

Екі қаз үнемі

Жүреді бір бөлек

Бірі ала, бірі ақ

Барлық қазға

Бастық – ақ



Сұр көжек

Жүгір, секір сұр көжек

Жаздай тойын тоғайда

Қыс күніңді оңайла.



Үкі

Үкі, үкі, үкім

Қартаймашы шөкім,

Қауырсының мамық

Сүйем сені анық.
Кокек

Көкек, көкек, көкек,

Шақырмадың көптен.

Неге жаттың үндемей

Көкек айын тостың ба,

Әніңе ән қостың ба?


Шар

Ақ шар, қызыл, көк шар,

Аспанға ұшты топ шар.
Шындық

Шындық биік шыңнан да,

Шындық терең құздан да

Теңізден кең айдыны

Шындық деген сұлу ән

Шындық сөзі шекер бал.

Айдай анық шындық бар

Шыншыл жүрек жайнасын,

Шындық ардың айнасы

Шындықтың көп пайдасы.



Тапқыр қоян

(Ертегі өлең)
Арыстан патша бір күні

Жариялап бәйгіні,

Орманға жарнама жасапты
«Бір қазан ыстық, қайнаған

Суды ішкен аңдарға


Сыйлығым бар жайнаған».

Аңдар түгел келеді,

Олай бұлай жүреді,

Қайнаған су қазанда


Бұрқырап буы тебеді.

Ыстық суды іше алмай


Патшадан сыйлық ала алмай

Суға кетіп салдары


Томсырайып, соқиды,

Айла таппай қоқиды.

Аңқылдаған аққоян
Келді жетіп қазанға
Тік көтеріп алды да,

Тізіліп тұрған аңдарды

Жағалады жайымен
Деді, міне, қараңдар,

Ыстық қазан, ыстық су

Жаным жақсы көреді
Аязда ішсем ыстық су,

Терім жылдам кебеді,

Болғанша қоян аралап.

Қазанда су да, суыды


Сіміріп салып тапқырың
Патшаға келіп жүгінді,

Ұзын құлағы бүгілді.

Сөзінде тұрып арыстан
Көп сыйлығын ұсынды.

Шошынған аңдар таң қалып,



Аузын, ашып көз жұмды.

Аңқау, аңғал аңдарды

Тапқыр қоян алдады.
Кішкентай ертегі
Көлеңкесін тоғайдың

Саялайды құс пен аң

Жиналады кеңеске

Мақтанады кезекпен

– Кім сұлу, кім жүйрік? – деп

Есек тұрды есінеп,

Арыстан тұр ақырып.

Уақытты меңзеумен

Әтеш отыр шақырып.

Түкең келді түстікке

Бас көз болып бар іске.

Қоңыр қонжық бақырып,

Таба алмай жүр апанын.

Жар басында жапалақ,

Айтпай отыр көргенін.

Ақ сауысқан алаңдап,

Жан жағына қарайды.

Екі шоқып бір қарап,

Жаңбыр құртта бар ойы.

Барды жоқты байқамай

Қаскең келді жалаңдап.

Зытып кетті көк таушан,

Ал жетіп көр нар ноян.

– Кеңесті бұзған, бұл кім?-деп,

Гүр етті орман патшасы

Үрейі ұшқан сұр көкжал

Артын қысып тымпиды.

Кішкентай бөбек, көркемім,

Осымен бітті ертегім.

*Жаңбырқұрт немесе шылаушын

*Таушан - кішкентай дала қояны.
Жалқау

Аспан жылап, нөсерлеп,

Су болды жалқау малшынып

Зорға жетіп үйіне

Лақтырды бөрік, күртесін.

Бәтеңкесі батпақ боп,

Қалды төрдің алдында,

Киімдерін лақтырып,

Құлады сұлап диванға.

Ұйықтап жатыр пысылдап.

Сөйлеп те қояды былдырлап.

Сөйтсе, жалқау түс көріп,

Түсінде бөркі қашыпты

Бәтеңкесі быттыйып,

Саздан қорқып, бақырып,

Жүгіріпті өзенге.

Жалқауға не тиеді,

Ертең несін киеді?

Қашты бәрі жан жаққа,

Түсінде қуып жете алмай

Оянды жалқау шошынып.

Мектепке қалай барам деп,

Уайымдап, өкінді

Сабақ болды түсі

Тазалады, сүртті,

Бәрін жинап, күтті.

Киімдері кешіріп,

Қайтадан болды досы
Доп

Доп, доп, топылдайды доп,

Теуіп қалдым допты,

Домалады, жүгірді,

Жоғалады-ау, қап, қап,

Тез, қуып жет, тап, тап.
Алақай

Қыс келді, алақай,

Шаңғы теп, балақай,

Өзенде су қатса,

Сайлап қой шанаңды.

Айнала әппәқ қар

Соғайық аққала,

Жасайық сырғанақ,

Отырып шанаға,

Ал, зула, ал, зула!
Қыс

Қар жамылды кең дала,

Өзен көлді мұз басты.

Сары аязы ақпанның

Терезеге гүл салды.
Аю қыста неге ұйықтайды?
Ертеде бір күні...

Аязды қыс еді,

Орман ішін аралап,

Апанына аяңдап,

Келе жатты бір аю.

Үстінде жылы тоны бар

Ақ қарға салған жолы бар

Өткелден аттай бергенде,

Ебедейсіз қорбаңдап,

Түлкінің басты құйрығын.

Түлкішек салды айқайға,

Шулатып ішін орманның.

Зәресі ұшып айқайдан

Қарағайға шықты аю.

Шыршада отыр тоқылдақ,

Тиынға үй сап, тақылдап,

Аюды шенеп сөз айтты:

Оу, аю-ау, қорбаңдамай,

Жүрсеңші ордаңдамай,

Қарасаңшы астына аяғыңның.

Содан ба? Аю ойланды,

Ойланып, көп толғанды.

Сүрлеумен енді қыдырмай,

Ешнәрсеге қам жемей,

Ұйқының ойлан мән-жайын,

Табанның жалап көк майын,

Қарлы шатыр астында,

Өзі ойлап тапқан апанда,

Кетті тәтті ұйқыға.

Түлкінің құйрығын баспайды,

Ұзақ-ұзақ ұйықтайды.

Өзінің құйрықсыз болғанын

Тегін емес- ау, деп болжайды.

А.Коваленкодан аударма (Почему медведь зимой спит?).
Неше аяқ бар кірпіде?

Міне, біздің бақшада

Бір кірпі жүр қыдырып.

Оңашада келеді,

Құйған сүтті ішеді,

Ақылды өзі керемет.

Бізді көрсе қашады

Топ топ етіп жүгіріп.

Аяғын оның көрмейміз.

Үстінде толған инесі,

Санауға ерік бермейді,

Тонында, әсте, шешпейді.

Таянсаң болды - ақ ,

Домаланып доп болып,

Ұстасаң инесін түйрейді.

Ұстамақ боп ұмтылып,

Немерелер гулейді.

Әрі-бері ойланып...

Айдана мен Адина,

Айгерім мен Айзере,

Әлібек, Шаһон дауласты...

Шешуін таппай болды әуре.

Білгілері келеді

Неше аяқ барын кірпіде,

Сегіз - дейді Айдана,

Алтау - дейді Адина,

Төртеу - дейді

Айгерім мен Айзере

Жүгіреді адамдай

Екеу - дейді Әлібек

Аяғы жоқ, доп сияқты,- дейді Шаһон.

Мүмкін, әлде, қырық,

Көруге бермейді ырық.

Айтыңдаршы сендер,

Кім дұрыс, кім бұрыс?

Ай мен Ажар

Ажар шықты далаға,

Аспан ашық, тамаша.

Ілулі тұр «қолорақ»,

Ай екен ғой қараса.

Ажар жүрді бақылап,

Бес күн өтті ақырындап.

Жетінші күн қараса

«Кимешекті әжесі»

Отыр күтіп аспанда.

Он төртінші күн болды,

Дөңгелек боп Ай толды.

Сүттей әппәқ сәулесі

Күлсе, ол да күледі,

Жүгірсе, ол да жүгіріп,

Жүрсе бірге жүреді.

Мәшинеде зырласа,

Ай да бірге зырғиды,

Мәшине жүрсе жүреді,

Тоқтаса Ай да тоқтайды.

Секпіл беті нұрланып,

Көзін қысып қарайды.

Жиырма күндей болғанда

Айдың нұры азайды...

Көңілі пәс, күлмейді,

Жүгірседе жүрмейді,

Әппәқ жүзі бозарып,

Өңі жүдеп барады.

Енді шықсам бір күні

Төменде тұр Айым,

Нашарлапты ау жайы,

Бірде жоқ боп кетті.

Әжесінен сұрады:

– Енді, Ай қайда тұрады?

– Табиғаты солай...

Шаршаған ғой жолдан,

Ай отырып, туады

Бір жетіде қайтадан

Айың туып оңыңнан,

Жұлдыздар туады соңынан,

Деді әжем ақылман.

Табиғаттың сырын ол

Өз әжесінен тоқыған.


Тісің нешеу?

Көз, құлағың - төртеу.

Тісің, сонда нешеу
Дәлдейік

Көз көреді, мұрын сезеді,

Тіс шайнайды, тіл дәмдейді,

Бас бәрін дәлелдейді.
Санамақ

Бір, -дегенім білім,

Екі, - дегенім еңбек,

Үш, - дегенде үйрен,

Төрт, -дегенде түрлен.



Бес саусақ жайлы әңгімем,

сіздерге айтам, немерем.

Бес саусақ,

Өзі сау, өзі сақ,

Жақтырмасаң қақ,

Ұстасаң бол сақ.

Бес саусақ бар оң қолда,

Бес саусақ бар сол қолда

Аттары оның тамаша:

Бас бармақ.Балаң үйрек.Ортан терек.

Шылдыр шүмек.Кішкене бөбек.

Он саусағым он бұтақ

Қос теректің бойында

Өсіп тұрған секілді.

Түп тамыры бекіген

Бес саусағым бес бұтақ.

Ең үлкені бас бармақ

Тұрған соң қолдың басында,

Бас дейміз оны

Басқарады бәрін өзі.

Балаң үйрек- сұқ саусақ,

Сұқыңдамай тек тұршы.

Ортан терек ортаңғы

Бәрінен бойшаң аңғарлы,

Ортан қолдай ағалар

Елімізде дерлік бар.

Шылдыр шүмек шидей,

Өзі ешкімге тимей,

Жұмысты да сүймей,

Тұрады не істерін білмей.

Кішкене бөбек шынашақ

Өзі бар ғой ұрыншақ,

Құлақ, мұрынға сұғыншақ.

Бес бармақ

Бар істі бірге басқармақ.

Бабына қарайды

Жақсы істі қалаулы

Бас бармаққа балайды!

Сұқ саусақ сиқырлы

Іс қылар мың түрлі

Түртініп жүреді,

Шаң көрсе сүреді.

Кітаптың беттерін

Бір бірлеп түреді.

Білмейтінін, білгенін

Түртіп те көреді

Түгелдеп те біледі,

Санауды да біледі.

Білмей қалсаң

Сұқ саусағын шошайтып,

Байқа, бала, -деп күледі.

Ортаң қол маңғаз

Ортан қолдай ағаларым бар,-деп

Мен боламын мәз.

Шылдыр шүмек - аты жоқ

Өзімен өзі жүреді,

Жұдырыққа бірігіп,

Жұмылғанды біледі,

Жұдырықтың арасына кіреді.

Кішкене бөбек ұшқалақ

Көмегі де мүшкіл -ақ.

Бес саусағың біріксе

Жұмыл ұстар үлкен

Бақ Алақанды аялап,

Жұмыла жұмыс жасайды

Бақыт, Бірлік, Білімді

Бес саусақтай білу һақ!

Бес саусақ неге бірдей емес

(әфсана)

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкентай бөбек, (ертегіден)
Бесеуі бес түрлі. Бірі жуан, бірі ұзын, бірі қысқа, бірі мыртық. Олар қазақша Бармақ, Сұқсаусақ, Ортанқол, Атыжоқ және Шынашақ, - деп аталады. Әр саусақтың өздері атқаратын қызметі бар. Ал бесеуі бірігіп жақсы іс тындыра алады.

Әу баста бес саусақ бірдей болып жаратылған деседі. Бір күні олардың басы қосыла қалады да, әңгіме-кеңес құрады...

Бесбармақ:

– Ұрлық қылайық! – деп,ой тастайды төртеуіне.

– Қылсақ қылайық! – дейді қостап, Сұқ саусақ. Ортан қолдың өзгелерге қарағанда иманы болса керек, әлгі екеуінің әңгімесіне қосыла кетпей.

Құдайды қайтеміз?- дейді, сұраулы жүзбен.

Е, Құдай неқылады дейсің?- дейді, тәкаббарлана Аты жоқ саусақ.Төртеуінің сөзін түгел естіп тұрған Шынашақ, ұрлықы мал алдында тұрғандай,шыдамсыздана:

Әкел бермен, қара қойды сояйық, қан-жынына тояйық! – деп шырылдаған даусымен әндете жөнеліпті.

Бесеудің пәтуасы Жаратқанның құлағына жетіпті. Сол себептен олардың әрқайсысының бойын өз ниеттеріне қарай өзгертіпті.

Ал қылмыс жасауға итермелеген Бармақты өзге төртеуінен оқшаулап, бөлек орналастырыпты. Шынашақты шипитіп қауқарсыз етіп қойыпты, мұрын мен құлақты шұқып тазалаудан басқа амалы қалмапты. Иманды Ортаңғы саусақты бәрінен бойшаң жасап Ортанқол деп атапты.

Осы әңгімеге орай болар, қазақта біраз мақал-мәтелдер де бар. «Бес саусақ бірдей емес», иәки дүниедегі бар жағдай бірдей, бір қалыпта емес дегені. «Ортанқол азамат», дейді, иәки жақсы, иманды дегенді мезгейді. «Өзі бір шынашақтай шілтиген неме», дейді, иәки нашар, қауқарсыз, көкірек дегенге саяды.

Ал Басбармақ болса, өзінің оқшау қалғанын сезініп, санасы оянып, тек жақсылықты көруге тырысады. Сондықтан болар, жақсы іске жайы рақаттанған жан жұмысты басбармағымен бағалайтын болыпты. Бес саусақ бірігіп жұмылса, төртеуінің үстінен Басбармақ басып тұрады, дегенмен атына лайықты болғысы кегені-ау.

Бұл, тек, әфсана, дегенмен «жақсыдан үйреніп, жаманнан
жиренетіндей» әңгіме, әркімге Аллаһм берсін Бақ, ана!


Менің досым он

Бірінші досым – Бақыт

Жүрегіме тым жақын;

Екінші досым - Еңбек
Еңбекпен өмір өнбек;


Үшінші досым - Үміт

Үмітке жетсін күнім;

Төртінші досым — Тағат

Тағатты ақыл бағад;

Бесінші досым — Берік

Жөнсізге берме ерік;

Алтыншы досым - Ақыл

Жақсыға ол жақын;

Жетінші досым - Жомарт

Адамға ол жарасад;

Сегізінші досым - Сенім

Сенімге сенер сезім;

Тоғызыншы досым — Талап

Талаптыға нұр жауад;

Оныншы досым - Отан

Отан болсын аман

Он досымда он түрлі...

Мақсат пенен мүдде бір

Осы онның тілегі:

Ар, Ұят, Парасат-тірегі.
Он жерде оным...

«Бір» дегенім: Береке, Бірлік, Бақыт

«Бес» дегенім: Бекем, Берік, Бейбіт

«Жеті» дегенім: Жеті жақсы, жеті ата, жеті жұрт.

«Тоғыз» дегенім: табиғат және таһиһат

«Он екі»десем, бір мүшел толық туған бел..

«Он бес» - деген, өрім толған өнеге

«Он сегіз» - деген, өрім жас , әрнәрсеге көңіл мас.

«Жиырма» - деген, жастық шақ, ақылдыға қонар бақ

«Жиырма бес» -деген, жалын кез, орда бұзар жігіт кез

«Отыз бесте»- дегенім, өнерді тасқа егедің

«Қырық» -деген қызықты, қамал алар қылықты

«Қырық бесте» қылшылда, қалтайды жұмыс қылқылдап.

«Елу» дегенде елеңдеп, алды артыңды ойлайсың

«Алпыс»- деген, албасты ден саулыққа жармасты
«Алпыс бесте»- ақыл көп, жан-жағыңда тақыр көп,


Әрнәрсені ойлайсың, ақылыңа бойлайсың.

«Жетпіс»- деген жетесіз, бір күн сау, бір күн не етерсіз.

«Сексен» деген сезімсіз, Сегіз сері төзімсіз.

Кеуде еңкейіп алдыға, аяқ тартар артыңа
Ойға да тез батасың. қисайып жиі жатарсың


«Тоқсан» - деген оңып па?

Толайым болар тоқтықтар, тек, түске кірер жоқтықтар.
«Жүз» -деген жас жүзімдей, бір бірлеп қана үзіп же.
Ақыл есті Аллаһ алмасын, жақ суалып көз талмасын!


Жүз жасыңды ырым деп,

Жүреғат келсін таласып.

Шөбере жүрсін жағалап,

Әр сөзіңді бағалап, Әмин!

Аллаһның бергенін жасайық,

Отанды әнге қосайық,

Немере, немене алдында
Аллаһның бұйрығын тосайық, Әмин!

Мен мен менмен

-Кім жүйрік?

-Мен
-Кім сүйрік?


-Мен
-Кім алғыр?


-Мен
-Кім сылбыр?


-Мен
-Кім мықты?


-Мен
-Кім мылжың?


-Мен

Меннен басқаны білмейсің

Не жаман,

Не жақсыны сезбейсің.

Ойлап сөйле,

Байқап көр

Дей берсең: мен, мен

Боларсың менмен.
һәріптер әсері
«А» һәрпінен баста

Бес асыл сөз жатта:

Ана, Ата, Ақыл, Адал

Арды бапта,

Абыройды сақта
«С» Салқын самал

Сай - сала,

Сылдырайды су сылаң.

Сарғалдағын сағынып,

Сусар сағым сабылған.
«Г» Гүл- гүл, - дейді Гүлсән

Гүл- гүл, - дейді Гүлпаң

Гүлзардағы гүлді

Ертемен Күн сүйді.
«Е» Ерік еріншек

Есен де еріншек

Елгезек екен

Еркін мен Ермек.

«Ө» Өмір - өзен

Өзен - өлең

Өлең - өлкем

Өлкем – өркен
«Ғ» Ғарыш- ғалам

Ғарышкер Ғажап.

Ғарышта, ғажапта

Ғарышкер ғана.

«Ә» Әдемі Әліппе

Әфсана әріпте

Әріпжан, Әлібек,

Әлішер, Әзілбек,

Әмина, Әзима,

Әлия, Әліптер,

Әліппе әдемі

Әріптер әсерлі

Әлпеште әліпті.

«Қ» Қасқа құлын

Қызықты құлын

Қос құлақ қайшы

Құйрығы қазық

Құйынды қуып,

Құйындай құйғыт.

«Ж» Жүйрік жылқы

Жерде желіп,

Желдей жүйткі.
Ақ бөпем

Ай да саған нұрын төкті ақ бөпем.

Өлең, ертек, жұмбақ айтып берейін,

Айға мініп жұлдыз санап келейін,

Әлди, әлди, ақ бөпем,

Тыныш ұйықтап, жат бөпем.
Ақ бөпеш

Шырылдап туған сәбиге

Жаялық болған жазирам.

Айналайын баладан,

Жаратылдың...

Дарын атты даладан.

Әлди әлди , ақ бөпеш,

Ауыл бесігіне жат бөпеш.

Аршадан болсын бесігің,

Қайыңнан болсын бесігің,

Ауылдан болсын несібең.

Ақсақалдары айтулы,

Бәйбішесі ақылды

Батырлары тақымды.

Құрықтарын майырып,

Жылқыны асау қайырған,

Жақсы да, жайсаң

Жаратылыс шықты ауылдан.

Асық ойнап табысқан,

Тайға мініп шабысқан,

Балалары бақытты

Туған ауыл, тау - тастан

Кім екен бізді айырған...?

Айналайын, ақ бөпеш,

Құлынжарғақ жабар ем,

Атыңа үкі тағар ем,

Адассақ арқа сүйейтін

Ауылды қайдан табар ер?

Әттең, шіркін, дүние - ай,

Ата - ана қалды артымда

Көрінбейді мазары,

Жан - жүйем жүр ызалы

Қаламым жыр жазады.

Болашағым - ертеңім,

Мен кеше саған сенгенмін,

Ертең де саған сенемін.

Еңбегіңді жазармыз,

Ауылды да табармыз.

Айналайын, ақ бөпеш,

Ауылдан шыққан

Бақ- көкең.

Айналайын, даналар,

Жаратылдың

Дарынды, дарһан даладан!

КӘНЕ, БАЛАЛАР, ОЙЛАЙЫҚ



Жұмбағыма жіті қара,

шеше білген балбөбектің білімі дара. (Автор)
Жұмбақтар
1. Шеті де жоқ, домалақ, жоқ кіндігі,

Үсті зеңгір, оның да жоқ түңлігі.

Ортасын мекендеген пенделерге

Жұмақ суын құяды һақ Тәңірі ( , , )
2. Бапым, бапым, бақ құсым

Ақылды бол бап құсым.

Айнала қар, ақ сонар,

Өнеріңді аңға сал (........)
3. Тоқпен мұздайды.

Тамақты бұзбайды ( .......)
4. Тоқтап, шайқап, тоқпен жүреді,

Тазалықты сүйеді (.....)
5. Қалпағы, аузы, мұрны бар,

Бірақ қасы, көзі жоқ ( ......)
6. Іштен қараса дала көрінеді,

Сырттан қараса бөлме көрінеді (...........)
7. Біресе ызың ызың,

Біресе шылдыр, шылдыр

Өзі бір қызық ызың, шылдыр (...............)
8. Басы қоңыр, денесі ақ

От шашады жарқырап (............... )
9. Ақтүтек арайлы

Жолдарды орайды (............ )
10. Білгенге маржан,

Білмеске арзан (...)
11. Бақ, бақ, балпақ

Айтатыны бір тақпақ,

Менде алдым жаттап (....)
12. Қарр, қарр, қар - ры, - деп.,

Орманда қалықтайды.

Екі шоқып, бір қарап,

Жол шетінде жорғалайды (............)
13. Екі аяқта тік тұрған,

Қос жанары шам - шырақ.

Нұр төгілген сөзінен,

Көркем мүсін, ол кім? (....)
14. Гүлден гүлге қонады,

Гүл шырынын сорады,

Білесің бе, бала,



Оның аты (...)
15. Секең, секең етеді

Орман оның мекені

Білесің бе, ноян,

Оның аты (....)
16. Желмая дала кемесі

Не деген ірі денесі.

Білсең оны күлме,

Оның аты (....)
17. Орман» ішін аралап,

Әрлі берлі жылжиды.

Мұртты, шәшты

Кезек сипап,

Ұзын «қолы» сырғиды (....)
18. Көп онда ине, түйреуіш

Тасадан шығар топылдап.

Сүтті ішіп алады,

Менен көрсе қашады (...........)


  1. Күпісі оның инеден,

Қорықса доптай, түйілген.

Тасадан шығып қарайды,

Сүт ішкенді қалайды (............)
20. Бұты қысқа,

Басы үлкен,

Арандай аузын ашады (............)
21. Мойыны түтас,

Үлкен бас

Бұты талтақ,

Жоны жалпақ, (.......)


  1. Суда жүзеді,

Керемет сүңгиді.

Бауыры қара,

Алқымы ақ

Ұшпайды биік аспандап (...)


  1. Бөркінің асты толған көз (...)

  2. Тігінші де, шебер де емес,

Ешнәрсені тікпейді,

Қысы - жазы

Қолынан ине түспейді (............)


  1. Сақ, сақ , деп, сақылдайды,

Сақтыққа шақырады.

Үй маңын торуылдап,

Иіс сабын, тамақты ұрлап,

Көршіні мазалайды (............)
26. Таудан құлай сырғанап,

Екі тақтай келеді (..........)
27. Бірі түкті кілем, бірі түксіз кілем (....., ...)
28. Жаралғанға жабысқан (....)
29. Өзі жасыл, көзі көк,

Шыр-шыр, - деген сөзі кеп (............)
30. Қолы жоқ, шегесі, балғасы жоқ,

Үй салды бедері көп (...)
31. Жаз өтіп, қыс түссе де,

Кейлегі өның бір түсте (............)
32. Қара сиыр пысылдайды,

Қызыл сиыр ысылдайды (..........)
33. Көл теңізден биікке көтерілді,

Қайта түссе, жер түрленді (.............)
34. Еңбектеніп тынбайды,

Гүлді аралап жырлайды,

Тәттісін бізге сыйлайды (...)
З5. Ұзын мұртты,

Киімі сары,

Қалтасында наны (..........)

36. Ағаш толы жұмыртқа

Күзге қарай піседі

Мезгілінде алмасаң

Үзіліп жерге түседі (...)

37. Басында бұтағы,

Биік тау тұрағы (....)
38. Бір бас бар

Бір басга жүз тал шаш бар,

Әр талымда үш жүз алпыс бес жұлдыз бар,

Әр жұлдыздың он екі үкісі бар,

Әр үкінің отыз балапаны бар

Әр балапанның төрт інісі бар.

Әр інісі жеті тілде сөйлейді,

(......, ... ... , ... ... , ... ... ... , ... ... , .... ... . ... ...)


39. Ақ домалақ әдемі үй,

Қақты есікті ішінен.

Алтын түсті керемет,

Жүгіріп шықты ішінен (....)


40. Қосақтап міндім қос атты (......)
41. Аяқпен басып жүресің,

Аунап, ойнап, күлесің,

Аулаға апар ұрып соқ

Жалтырап өңі түлесін (....)


42. Үшкір басы салбырап,

Жазда емес, қыста өседі.

Күншуақтан жасқанып,

Үзіліп, жылап, түседі (.........)


43. Тоқ, тоқ етіп қояды,

Тоқтоғына тояды (..........)
44. Аузын ашып ұшады,

Шыбын , шіркейді қағып жұтады (.......)
45. Сияны ішеді

Қағазды сүйеді (........)

(жаңбыр-жер-аспан; бүркіт; тоңазытқыш; кіржуғыш; шәйнек; әйнек; телефон; сіріңке; боран; сөз; бақа; қарға; адам; ара; қоян; түйе, тарақ, кірпі; кірпі; керең; мүйізтұмсық; қасқалбақ; аспашам (Б.Т люстра), шырша; сауысқан; шаңғы; жер мен аспан; есім; шегіртке; ұя; шырша, пеш пен от; жаңбыр; ара; масақ; алма; бұғы; ғасыр,жүз жыл, бір жыл, он екі ай, отыз күн-төрт апта, бір апта, жеті күннің аты; балапан; коньки; кілем; мұзсүмелек (Б.Т.сосульки); тоқылдақ; қарлығаш, қаламсап Б.Т.)
Әркімді – ақ ойлантар

Жалқаудың жанындай жақсы көретіи тәттісі НЕ? (....)

«Иненің көзінен жіптен бұрын өтетін» КІМ? ( )

«Түйені түгімен», « мәшинені жүгімен» жұтатын- КІМ?
Ұзақ сөйлеп, өзінің не айтқанын түсінбейтін - КІМ? ( )
Жақсыға да, жаманға да

Ауыз адырнасынан тартатын улы садақ - НЕ? (.... )
Білдірмей жеп, ілдірмей кететін - КІМ? (..)
Күлімдеп жиналып

Күңіреніп тарасатын, қандай ойын? ( )
Адамның «кеудесіне нан піскен кезде» өзін кіммін,

-деп ойлайды? ( )

(ұйқы, жағымпаз, тойымсыз, мыпжың, өсек, қу, преферанс, тұлға)

Ойлан да тан
Аға буын ақындардың өлеңін

Жұмбаққа пайдаланып көрелік.




Жер өлшейтін саржан




Белін буып алған.

Бұл қай әріп?


Бағдар шам жабық тұр,







Жол жәйін бағып тұр.

Бұл қай әріп?

Екі тіреу, басқышы біреу.

Бұл қай әріп?

Доп дөңгелек.




Жүзік пе, әлде шеңбер ме?

Бұл қай әріп?

Телеграф бағаны ма деп қаласың

Бұл қай әріп?

Айыр ма, әлде, тарақ па?

Бұл қай әріп?

Алдыңнан тап болар,




Әр үйде қақпа бар.

Бұл қай әріп?

Үш, деген санды көрсетіп тұр.

Бұл қай әріп?

Төрт бұрышы ашық, екі бұрышы жабық. Бұл қай әріп?

Дөңгелек. Белбеу тақты келденең.

Бұл қай әріп?

Тілің келмесе балға де.

Бұл қай әріп?

Қос қолыңмен бүйіріңді таянба,




(жаман ырым)

Бұл қай әріп?

Әріптерді тауып болсаң, біреуінен өзіңе орындық жасап ал.




Бұл қай әріп?


(Жауабы: А Г Н О Т Ш П З М Ө Р Ф Һ)
Жаңылтпаштар

Жаңылмай бапта,

Жаңылтпаш жатта
Бағбан бақта, бақты бапта, бабы бақта

Шемішке шақпа, Бақ, бақ, бақ,

Шапшаң шақпа, Бақ, бақ, бақ,

Шақпасаң шақпа. Балпақ бақ, бақ.
Ұшты қарға, қонды талға, Жұмбақ жатта,

Талдан талға ұшты қарға. Жақсы жатта

Жадқа жатта

Қала аралады Жаттамай жатпа.

Талай аралады

Қала аралады Шежіреші шешен

Қалай аралады. Шешіп шекпен

Шын шежіре шертеді

Ерке, ерке

Серке ерке, Өлкем өлең

Серке, серке, Өрге өрмеле

Ерке серке. Өңкей өрен
Фермадан фермаға Көкте көк пе

Ерғанат фермадан Көлде көк пе

Фермаға ер маған. Көкек көлде

Көгал көк пе

Шық , шық , шық Көкпенкөк пе.

Шымшық шық, шық

Шықшы шымшық.


Ұшта, ұшта, Сөздің сөзі

Үшкірлеп ұшта Сөздің сөлі

Ұшын ұштап, Сөздік сөзден

Ұқыптап ұста
Бір ер Сыңғыр, сыңғыр

Екі ер Сыңғыр сылдырмақ

Жеті ер Сыр сақтап, сый сақтап.

Ірі ер Сыңғырлайды сылдырлап


Ойлан, тап!

Тапсаңыз жүлдесі сіздікі,

таппасаңыз, жүлде менікі!
«Түк ақшасы жоқ» деген сөйлемді тұрақты тіркес арқылы бес түрлі сөйлеммен айтып беріңіз және түсініктеңіз?

Үлгі: 1. Көк тиын жоқ (көне тілдегі ұғым, көк темір, болат, металл болып келген).

( 2, 3, 4, 5 сөйлемдер мен түсініктерді ойлап тап).


  1. Оңға оқысаң да, солға оқысаң да

қос көз болады

(Мен бастайын, сен қоста)


мәз - мәз


* Зәм - зәм

көс - көс

*

сөк-сөк

шөк - шөк

*

көш - көш

сып - сып

*

пыс-пыс

тық - тық

*

қыт - қыт

қос - қос

*

соқ - соқ

қат - қат

*

тақ -тақ

тыз - тыз

*

зыт - зыт

мыс - мыс

*

сым - сым

мыш- мыш

*

шым-шым

пыш-пыш

*

шып-шып

мол-мол

*

лом - лом

қала - қала

*

алақ - алақ

шырық-шырық шырақ шырық

*

қырыш-қырыш қырыш

жырық- жырық

*

қырыж - қырыж













З.Оңға қарай оқысаң да,




солға қарай оқысаң да мағынасы

ана

ара

кезек

ата

аса

қырық

ауа

ада

қазақ

ала

аға

кесек

апа

аза

шаш

баб

аша

тот

аһа

есе

тат

көк

тат

еле

нан

ене

тұт

нән








  1. Буынды алмастыру арқылы соз жаса

шабақ - бақша, тамақ- мақта,

суса - сасу, екен - кс.іе - неке

жеке - кеже, бақа - қаба

алқа -қала - алақ, қысас - сасық

ақша - шақа, Ш!ма ' мшіа

ь- етіс “ і ісс





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет