Ббк 84 қаз 7-5 б 45 б 45 Т. Бердалина «Нұр рауаны»



бет9/14
Дата20.06.2018
өлшемі392,72 Kb.
#43781
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Жеті саны діни ұғымда.

Жеті ұғымын діни жағдайда да көп байланыста қолданады. Мәселен, қырғыздарда жылан шаққанда жеті қара қойды жыланмен арбастыру деген бар екен, оны Дарымшы дейді. Жылан арбаушылар (Төрехан Майбастан) жасаған, білем.

«Жеті» түркі тілінде «апта» сөзінің орнына жүре алады.

Күндер атауы:

Дүйсенбі (бүгін) Жұма (ауыр күн)

Сейсенбі (ертең) Сенбі (соңғы күн)

Сәрсенбі (бүрсігүні) Жексенбі ( азына).

Бейсенбі (арғыкүні)

Біз «жетісіне бір рет...», «Бір айда төрт жеті» (неделя -апта) т.б. дейміз. Қазақша бұл «жұма» - бір жұма, төрт жұма деп келіп отырады. Мұны да білгеніміз жөн. Қазақ-мұсылман, жұма күні кір жумайды, жолға шықпайды, қайта шелпек пісіріп, аруақтарға құран оқытып, садақа беріп, бабаларды еске алады. Сондықтан да жұма жеті күн аптаның жетінші күні болуы әбден дұрыс. Жұма - демалыс күн болсашы! Қалқымыз «жеті», - деген саннан осылайша мазмұны терең мән тауып, өмірі мен тұрмысына тірек, жанына жалау еткенін көреміз. «Жеті» санының қазақтағы сияқты сол жүйелес елдерде: түркі, қырғыз, грек, араб т.б. Батыс елдерінде де тамырын кең жайған. Мысалы: «У семи нянек дитя без глазу» - орыста, «Обвинять в семи смертных грехах»- гректе. Бұлар да зерттеу тілейтін сөйлемдер.

Адам үшін «Жеті серік» аздық етпес, көп те болмас. Олар:

1.Ақыл; 2.Куат; З.Тәлім; 4.Парасат (адамгершілік, білім, ғылым); 5.Руһ (ыждаһат, ниет, сана, көзқарас); 6.Ар (ұят, дін, тек); 7.Ождан (ынсап, мейірім, әділет, сенім) сияқты ұлы пейілділер көп болса, адамды пайғамбарым дерсіз (Б.Т.)

«Жеті жоқ»: Жерде белбеу жоқ Аллаһда бауыр жоқ

Аспанда тіреу жоқ Аққуда сүт жоқ

Таста тамыр жоқ Жылқыда өт жоқ

Тасбақада талақ жоқ.

Қазақтардан басқа қалықтарда да жеті қазына туралы түсінік бар. Мәселен, грек аңыз - әңгімелерінде «Жеті қазынаға» мыналар жатады:

Көк аспан - дем һауасы.

Күн- барлық зат оның шуағынан нәр алады.

Ай - түнгі тіршілік нәрі.

От- күннің жердегі сүлдесі.

Су- тіршілік көзі.

Жер- тіршілік анасы.

Ит- адамға серік.

«Жеті қат көк».

Ол аспан Әлемі туралы мифологиялық түсінік. Оның үш мағыналық сипаты бар,- дейді:

Біріншісі - Аллаһ тағала Аспанды жеті қабатты етіп жаратқан. «Аллаһның жеті аспанды қабат-қабат етіп жаратқанын көрмедіңдер ме,- депті (Құран Кәрімде, 72 сүре, 14 аятта).

Екіншісі - Жеті жұлдызға байланысты атау. Олар: Ай,Ғұтрад (Меркурий), Зуһра (Шолпан), Күн, Миррих Қызылжұлдыз (Марс), Мүштари (Юпитер), Зұһал (Сатурн).

Үшіншісі-Ежелгі түркілік мифологиялық түсінік негізіндегі мағына. Ол мұсылмандық ұғыммен сіңісіп, ұмытылып кеткен.

«Жеті қат жер» ежелгі наным - сенімге орай

1.Тұңғиық. 2.Жылан. 3.Су. 4.Қос балық(Жайын). 5.Қара тас. 6.Көк өгіз. 7.Жер.

Жаратылыстың 8- қабаты тағдырдың талайы жазылған«лайық» атты жазу.

9- қабаты «күрсі», «мінбер», «тақ» орнатылған, ТәңірлерӘлемінен тұрады екен.

Сондай-ақ, не сбиваться с пути тебе поможет семь лучей твоей звезды: «семь я».

Познать свои истоки тебе поможет «семь я».



  1. Обрести верных и надежных «друзей».

  2. Любить свою землю, «Родину».

  3. Быть верным сыном или дочерью своего народа, тебе поможет луч «Земля».

  4. Многое узнать, многому научиться, поможет тебе луч «Знание» (умение).

  5. Проводить интересно свободное время, тебе поможет луч«Увлечение».

  6. Найти свое место в жизни, свое настоящее дело, приносить настоящую пользу, поможет луч «Профессия».

  7. Быть красивым, жить достойно, радоваться жизни, тебепоможет луч «Гармония»

Қасиетті жеті сөзім:

Құдайдың құлымын.

Мұһаммадтың үмбетімін.

Шариғаттың досымын.

Аллаһ-бір, пайғамбар-һақ

Жүрегіме иман жиамын

Мұсылманның көптігімен қуанамын

Иншалла, қуанышым мол болғай. (Б.Т.)

Дүние әлемінде «жеті тұрақты» бар деп түйеміз:

1) Қара жер; 2) Көк аспан; 3) Алтын күн; 4) Күміс ай; 5) Жеті қарақшы; 6) Темір қазық; 7) Жаратушы күш. (Б.Т.).

Бұлардан басқаның бәрі өзгереді, өледі, жоғалады, жарылады, ағады, тозады, суалады, солады. Осылайша айнала отырып, Көк аспан мен Қара жер ортасына қайтып келіп, қайтып кетіп жатады. Заман жаңара түсіп, Болашақ, оза отырып, жаңара құрылады. Үнемі осылай айналымда жыл жылжып, ғасыр алыстайды; ата - баба биіктеп, ұрпақ ұлағаты жалғасады (Б.Т.).

Сондай-ак, «Жеті табыну» (қайран қалу) да бар деп білемін:

1.С.Олжас - адамға табынады;

2.М.Қадір - қазаққа табынады;

3.М. Тұманбай - қыздарға табынады;

4.С.Ақсұңқар - Шайтанкөлге табынады;

5.Саят Бейсембай - қарияларға табынады;

6.Шәкірт -ұстазға табынады;

7.Сәбит Бексейіт-тамырлы дағдыр дуриә дүниеге табынады. Мен, Тұрсынһан - Даналық талбесікке табынамын. Жербесік пен Талбесікте әрі ұқсастық, әрі тартылыс, күші бары анық (Б.Т.).

Қазақтың ырым санайтын «жеті» санын Ежелгі Египетте де, Римде де қасиетті санаған.

Атақты Вавилон мұнарасының «жеті қабаты» бар дейді;

Рим қаласы «жеті дүниеден» тұрады;

Үндістер сенімі бойынша әлем «жеті күштен» құралған;

Ежелгі Греция әлемінің «жеті кереметін» естідіңіздер;

Гректерде «жеті ақылман» болған (менімше әр ғасыр сайын)Христиан діні бойынша күнәһарды «жеті күнәсі» үшін жазалаған;

Әлем жеті күнде пайда болған,- дейді;

Музыкалық октава «жеті» нотадан тұрады;

Кемпірқосақтың (радуга) түрлі-түсті жолақтар саны «жетеу» екен: қызыл, қызғылт, сары, сарғыш, жасыл-көк, көкшіл, күлгін.

Осы сияқты ақиқаты мол, көңіл һошын толықтырар мәліметтер баршылық. Біздің міндетіміз соны жинақтап, Болашаққа ұсыну (Б.Т.).

*Тоғыз саны.«Жеті» тәрізді көп айтылмағанымен «тоғыз» санының да ерек қолданылатын тұстары бар. «Тоғыз» сөзінің қазақ салтында үлкен орын алатынын мынадан байқауға болар. Бір рудың екінші руға, не бір кісінің екінші кісіге төлейтін айыбы «бір тоғыз», «үш тоғыз», «тоғыз тоғыз» болып келген. Қазақтың құмарта ойнар ойыны «тоғыз құмалақты» алсақ, ойын тәртібінде (ұту) «айып алу» (ұтылу) «айып тарту» мағынасы бар екен. Осында да сол қасиеттің байланысы көрініп-ақ тұр, білем. Мәселен, кәріс халқы қыз ұзатқанда жасауын үлкен - үлкен «тоғыз түйін» етіп түйіп байлап береді екен. Сондай-ақ тоғызбен байланысты сыйлық тарту, айып беру түркі елдерінде де бар. Мәселен, қырғызда «Түйе бастаған тоғыз» деген сөз бар. «Тоғыз» туралы ұғым-сенімдер мен ырым-салттар монғол қалқында да өзгеше орында. һанға тарту- сыйлык, — «бір тоғыз», не «үш тоғыз» болған. Монғол жазбаларында: «тоғыз ат және тоғыз бөлек мата» келтірді деген бар, Бабұрнамада. Татарлар қалындыққа берілетін сыйлықты - орамал, шаршыны, киімдік матаны, көйлек-көншек т.б. «тоғыз» деп атаған.

Шағатайлықтарда үлкен тойда, думанда, сауықтарда қонақтардың бірі ішіп отырған ішкілігін, не тамақты шашыратып, зәредей тамшысын шетке шығарса, сол ішіп отырған ыдысымен толтыра-толтыра «тоғыз аяқ» ішкілік, не тамақ айып ретінде ішкізілетін қалжың болған (отыз аяқ ішкізетін кездер де болған).

Әлішер Навоидың шығармаларынан түзілген, түркі тіліне аударылған шағатайша сөздіктен Будаговтың келтіруінде: парсы тілінде тарту-сыйлық басқа сөздермен қосарланбай-ақ «тоғыз» деп айтылған екен. Ж.Халидов өзінің араб тілінде жазған кітабында түркі, монғол қалықтарының «тоғыз» ұғымымен байланысты мынадай ескі сенімдерін, әдет-ғұрыптарын келтіреді, мәселен монғол қалмақтардың ескілікті, діни ұғымы бойынша: аспан тоғыз қабат болады, Құдай соның ең жоғарғы - тоғызыншы қабатында тұрады, солай болғаннан «Бас патша» (Құдай), одан төменгіде «Жер патшасы» (һан),- деген.

«Тоғызбен» байланысты заңның (әдет-ғұрып, сыйлық беру, жазалау т.б.) Шыңғыс һаннан басталатынын байқатады. Мүмкін Шыңғыс һанда арғы жақтағы ауызша жеткен мағлұматтардан естіп, жалғастырған болар... «Һан» деген атақ тоғыз атадан бері һан болып келе жатқан кісіге ғана берілген, осының себебінен Әмір-Темірге һан атағы берілмеген,- дейді. Әмір-Темір көп жерді өзіне қаратып, қанша көп елге үстемдік жүргізсе де «тоғыз атасы» һан болмагандықтан тек, Мырзашаһ деп аталынған.

«Тоғыз» сан жөні дәстүрі Ресейге де шарпуын тигізіп, кей қалықтарда қарадан һан сайланатын болса, ол кісі тоғыз жыл қызмет істеуге міндетті болған екен. «Тоғыз» санымен келетін ұғымдар, әдет-ғұрыптар, түрлі сеніммен ұштасып, қазақ тілінен үлкен орын алған. Мысалы:«тоғыз жолдың торабы», «тоғыз (не тоқсан) ауыз сөздің тобықтай түтіні», т.б.

*«Қырық» саны. Бұл сан да әдет-ғұрып, салт-дәстүр, дін тұрғысында қолданылуы үлкен деңгейде. Мысалы: «қырқына шыдаған соң қырық біріне де шыда» (азға шыдағанда көпке шыдамайсың ба дегенге саяды), «өлген кісінің қырқын беру» (қырық күнге дейін адамның руһы өз мекенін тастап кетуге күдер үзе алмайды, артында қалғандар да ұмыта алмайды дегеной болса керек, Б.Т.), «сәбиді қырқынан шығару» (иәки, қырық қасық су біртіндеп құйылып, су салқындай түседі, бала мұндай ұзақтау шаруаға көндігіп, әрі буын буыны қозғалыс қимылға түсіп, ата-анасы қуанышқа бөленіп, өзіне салмақ болып келген қалың шаш, өлі тырнақтарынан жеңілдейді, рақаттанып,бақыт құшағында ұйықтайды. Түркі елдің біразында көз тиген баланы «қырық ожау» сумен шомылдыру бар екен, немесе ертегілерде «қырық күн ойын, қырық күн тойын жасады» (қуанышты ұзағырақ, молынантойлау, байлығын еселей көрсету мақсаты да бар білем), Ыстамбұл түркілері «қырық күн, қырық түн ойын- сауық жасады»,— дейді, «һанның қырық уәзірі болыпты», «қырық күн жол жүріпті» (ертегілерде), «қырық жілік қылып болды» (иәки соғымды ұсақтап, пәршелеп бөлу, немесе, ағайын арасын бөліп жару, араздастыру, әйелдер ірі қара малға кейіс білдіргенде «әй, қырық жілік болғыр», деп айтады, «қырық сан қара қалмақ» деген бар (ру санын, немесе жау санын көбейте айту) сан мөлшерін болжамдау, әртүрлі рудан тұратын ауылды «қырық рудан құралған» дейді, «қырық күн қырғын болса да, ажалды өледі» деп, қазақ жауынгер батырлықтан да мақал шығарған, аяқ қолы жерге тимейтін қыдырымпаз кісіні «қырық қазанның құлағын тістеді»,— дейді, жат біреуден туған баланы «қырық темірдің қылауынан»,- дейді екен. Бұл сөз жер жерден жиылған елге де айтылады екен, иаки әр тумадан деген мәнде (қылауы деп, тіл асты қан тамыры да айтылады, жаңа туған бұзаудың тіл астындағы қылауын үзу де бар). «Қырық шілтен», шілтен фарсы сөзі, көзге көрінбейтін,мақұлық адамдар арасында көзге көрініп жүретін, ірі алып мақұлық мағынасын білдіреді.

Қазақ неге қырық санын қадірлейді?

«Қырықтың бірі қыдыр» немесе қырық күнге толған сәбиге анасы өзі жаңа көйлек кигізіп, «қырық көйлек» деп, шелпек пісіріп, қырық балаға таратып, кейуана баланың үстіне ағаш қасықпен қырық қасық су құю ырымы бар. Ыстамбұл түркілері қырық санымен ақшалай қайыр садақа береді екен, яғни, «қорқыныш қауіп болмасын»,- деген тілеумен. Сол сияқты ертегілерде «бойы бір тұтам, сақалы қырық тұтам (немесе сақалы қырық құлаш)», «тазша баланың қырық өтірігі» дегендер бар. Қырықпен байланысты мақал-мәтелдер, нақыл сөз, басқа сөз айналымы (оборот) бұл санның да жай емес, киелі сан (болғандығын) екендігін толық, анық көрсетеді. «Қырық күн шілде» жаздың аспан айналып жерге түсер аптап ыстық үш айы қырықпен біте қоймайтынын аңғартса керек. Қырықтың айырықша бір өлшемі «жақсы ата (әке) жаман балаға қырық жыл азық», «қырық жамау» (құрау, тозығы жеткен, ескі), «қыз қырық жанды» (шыдамды, сабырлы), «қырық пышақ болу» (араздасу, қызыл өңеш болып төбелесу), «әйелдің қырық айласы бар» (ақылы көп), «қызға қырық үйден тыйым» (тәртіпте ұстау), «қырықтың бірі қыдыр» (біреудің батасының қабыл болуы), «қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» (қыңырлық, қисықтық, қателігін мойындамау,қателігін мойындату), «қырықтың қырқасында» (жас мөлшерін тұспалдау), «отызында орда бұзбаған, қырқында қамал алмайды» (ештеңеге шамасы болмауы). Байқасақ, қырық көп жағдайда «көп» деген ұғымды беретіндей (қырық ру, қырық жілік, қырық қыз, т.б.) жанамалап айтылады.

Әңгімеміздің жалпы түйіні бұл сөздердің және осыған тетелес басқа да «киелі» сандардың әр тілдерде атқаратын негізде жатыр. Біз де осы жөнін сөз етуге тырыстық.



Иаки, тілдегі «үш», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандарымен байланыста дәлелдемелерді қорыта келе мынандай пікірге тоқталдық.

  1. Түркі және басқа да көп қалықтарда «жеті» саны айырықша орында болып, идеологияның бір саласы тілге терең тамырын жіберген, арнаулы, «киелі», қасиетті болған.

  2. Қазақ және кейбір түркі жүйелі тілдерде «жеті» сөзінін тариһи төркіні ерен өзгеше, мәселен: -ау,-еу - форма, тек, жетіге шейін қосылып (жетеу) айтылады, бұл қасиет кездейсоқ нәрсе емес, ал біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу сөйлем ішінде осы тұлғада тұрып қолданылмайды (жетеу бала, екеу теңге болмайды). «Жетінің» бұл құбылыстары,сол санның «киелілігіне» дәлел болса керек.

  3. «Үш», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары да тілде киелі қолданыс табады.

Бұл сөздер бір тілдің екінші тілмен байланысып, біріне бірі әсер етіп, өзара ұласа жарасатынын аңғартады.

*Ой соңы.

Әр ел ең алғаш тариһ төріне шыға бастаған кезінен әуелі ру, одан тайпа құрап, одан қалық болып, ұлт болып қалыптасқан ұзақ өмір тариһы түп-түзу бола салған даңғыл жол емес. Бұл ұзақ жол өмір ішінде қаншама таңдар атып, күндер шығып, ішкі толқын бірде араласа, бірде ажыраса отырып, неше алуан айқастардан, бұлтарыс, қалтарыстан өтіп, талай соқпақ түйісуінен үлкен думанды даңғыл жол бар екенін бағамдауға әбден болады. Тариһ,- деп аталатын осы ұзақ өмірдің әр кезеңімен әр белесінде мың сырлы, жүз қырлы қарым-қатынастар да болған.Осы орайда өз қалқына қызмет атқарып келе жатқан қазақ тілі де өз иесіне қажетті салт-сана, әдет-ғұрып, тыныс-тіршілік, саяси-әлеуметтік, мәдени -экономикалық ұғым түсініктердің сан-алуанын қамтып, елеп, жинақтап, орындап отырған. Кейбірі ғылыми жолмен анықтап, өз тәжірибелерінде салыстыра сараптап, салыстыру әдісін де жүргізіп отырған. Көнеден жетіп келе жатқан бұл сүйеніштерді ғалымдар да бақылап, іздеп, бағамдап отырған. Сондай ардақты ғалымдар: С.Кеңесбаев 1940-1946 жылдарда біраз мақалаларын жариялаған екен. С.Шәкіржанов, Абыл ақын, Үш би (Төле, Қазыбек, Әйтеке), түркі ғалымдары, Қ.Халидов, Мір Әлішер, зерттеушілер: Н.И.Золотницкий, Марр, Вамбери, Хортман, Галеви, Будагов, Н.И.Ильинский, Б.Адамбаев, А.Сейдімбеков те өз зерттеу ой-тұжырымдарынан дәлел боларлықтай еңбектер қалдырған. Ең дәлелді жадығаттар, әсіресе, ерте замандардан сақатлған жазба ескерткіштер болмақ.

Бұл «үш», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандарын әлі де толықтыруға болатынын анық білеміз. Оған еш күмәндануға болмайды. Бұған дәлелді, ақын жазушылардың бұрынғы ертегі, дастан, айтыс жазбаларын оқыған сайын тұшына түсеміз.

Қазіргі сәтте адамзат баласы дамудың

Қай деңгейінде деп ойлаймыз?

Бұл сауалға жауап бере алу үшін «Адам тану ілімі» жайлы көбірек оқып, біліп, есті бола жүру қажет шығар. Әркімнің дағдыры өз қолында,-деген осы болар. Жер бетіне неге келдік, кім жіберді деп те, ойлана түссек дұрыс-ау!

Сонымен жер бетіндегі жан дүниені кемеліне келтіріп, тіршілікке деген шексіз маһаббат жинап, бойға сіңіріп, ілім мен білім төрінен орын алып, білгеніңді Әлемге қайтып беру үшін жаралған болармыз (Б.Т.). Әрине, бұның бәрі қас қағым сәтте бола қояр іс емес қой. Кезегімен келетін, жан-тәніңмен жұмыс атқарып, жеті жанды жетілдіру мақсатында болу. Жеті жанды жетілдіруде «көздердің» де (көз) көмегі көп болмақ, иаки, екі қас арасында, маңдай тұста, қарақұста жасырын орналасқан (үшінші, төртінші, бесінші) көздер бар дейді. Әрине бұл кереметтер біз үшін тылсым жұмбақ. (Ойға оралатыны: біреудің өзіңе қарап тұрғанын сезінесің немесе артыңда біреу барын сезініп, жалт қарайсың, сен туралы біреудің сөзуарын естігендей боласың, т.б. қунатын да, түршігетін де сезімдерді солғын да болса пайымдайсың). Үзіліс болған жетпіс жеті жыл бізге мұны білуге де, уйренуге де, түйсінуге де мүмкіндік жасамады, білдірмеді, тіпті бәрін өтірікке шығарып, ойды тежеп, қуатты кемітіп отырмады ма. Әлі де біліктілігі аз жандар дүние ғажайыптарына сене қоймай түрлі қатып қалған (догма) жасандылықтар айтады. Біз, тек, орыс тілін үйреніп, сөйлеуге ғана төселумен болдық емес пе? Нелер ғажайыптан, жер асты, су асты, тау шатқал, үңгір ғажаптарын білмей өстік, аспан әлемін түсінбедік, жұлдыздардың да толық атауларын, қалай орналасқанын білмедік, тек, ата-анамыздан естіген шала білімде болдық, себебі біз ашаршылық, соғыс сияқты зұлматта туған балалар едік. Ал біздің арғы бабаларымыз оқу оқымай- ақ білімді, көкірегі ояу, салауатты-салтты, жан-дүниелері терең, чакраның барлық сипаты жан бойында жетілген, жады жарылқап, ілім-білігін ғасырдан-ғасырға жеткізіп, саналылыкқа тәрбиелеп отырған Ұлы дала саңлақтары болды.

Құрметті Болашақ! Сөзімді сіздерге арнап отырмын. Менің білмегенімді, үлгермегенімді ұрпағым ұғып, жалғасын тапсын деген ойым, құлаққағысым, естілерің еске алыңдар!

Мектеп бітіріп, құжат алу білім емес, сауаттылық қана; жоғарғы оку бітіру білім емес, оң солыңды танып өмір сүруге жолдама ғана. Сауаттылық пен білімнің, біліктілік пен тәжірибенің арасындағы айырманы да, ұқсастықты да, тамырластықты да анық айыра, ажырата білуге тырыс! Ол-білім!

Кеңестік кезең ұрандаған топ, тобырдың тегісшілдігі ғана. Әр кезеңнен бір жақсылық ала жүріп, болашаққа өткізсең, дәуір дәуірлейді,- деп біл. Мұндайда Қазекемнің: «Бәрі де Аллаһның әмірінен» дейтіні бекер емес болар, анық сөз. Сондықтан да қалық аузында мынадай идиом сөздер бар: «Жеті насырым жерге кіріп, бетімнің суы бес төгіліп»,- дейді, Мұндағы «насыр» өте ірі, тым үлкен шатақ, деген мағынада, иаки баруын барсам да жұмыс насырға (жанжалға, шатаққа) шапты, қатты ұялып, жер болып қайттым деп мағыналанады. Иә, Болашақ ұятқа қалдырмас деп сенемін.

Ағайын, қосарларыңыз болса, құптаймыз.

Абсент_деген_аты_бар_аңыздың_жалғасы_болғаны_абзал.'>Тіршілікке қажет ізгі қасиет, Ізгілікке бар адамзат бас иед,- (Б.Т.)
Абсент деген аты бар аңыздың жалғасы болғаны абзал.

Қазақстан тұрсын, кезінде ұлаңғайыр Қеңестер Одагында Абсентті білмейтін бірдебір пенде болган жоқ десек асыра айтқандық болмас, сірә,өзгелерді қайдам, өткен гасырдың бО-шы жылдары ат жалын тартып мінуге оңтайлана жүрген біздің замандастарымыз Абсентті сан жүздеген тұлпарлардың ішінен жазбай таниды екен. Ол кезде теледидар кеңінен қанат жая қоймаса да, Абсент сан қиырдан мен мұндалап тұратын.Қазақстандық қогамдық - саяси «Байтерек» жорналында Абсент жайында тамаша жадыгат (материал) берілген екен, сол басылымды оқып шыгып, құрметті ат Абсент жайлы оқырман қауымга жеткізуді жөн көріп, аударып,ұсынып отырмыз.

Абсент - барлық қалыққа бірдей құрметті ат.

Абсент 23 жыл ғүмыр сүрді. Ол жер қойнына түрегеп тұрган қалпында берілді. Мұндай қадырқасиетке кез келген ат бөлене бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет