Бейорганикалық қосылыстардың негізгі
кластары
Бейорганикалық қосылыстар
Барлық заттар жай және күрделі болып бөлінеді. Жай заттар бір ғана элементтерден тұрады,
ал күрделі заттардың құрамына екі немесе одан да көп элементтер кіреді.
Жай заттар екі
түрлі: металдар және бейметалдар.
Металдарда ерекше өздеріне тән «металдық» жылтыры
болады, тапталғыш, иілімді, жылу мен электрөткізгіштіктері жақсы. Бөлме жағдайында
барлық металдар (сынаптан басқасы) қатты күйінде кездеседі.
Бейметалдарда металдарға
тән
жылтыры болмайды, олар үгілгіш, жылумен электрөткізгіштіктері нашар. Кейбіреулері
кәдімгі жағдайда газ тәріздес болып келеді. Күрделі заттар органикалық,
бейорганикалық
және элементорганикалық болып бөлінеді. Бейорганикалық химия периодтық жүйедегі
барлық
элементтер
химиясын
қамтиды.
Органикалық
қосылыстардың
қасиеттері
бейорганикалық қосылыстардан ерекше, ал элементорганикалық қосылыстар аралық орын
алады.
Бейорганикалық заттар құрамына сәйкес (екіэлементтік,
немесе бинарлык, қосылыстар мен
көпэлементтік қосылыстар: оттекті, азотты т.б) және осы заттардың химиялық реакцияда
орындайтын
функциясына, яғни химиялық қасиеттеріне сәйкес (қышқылды-негіздік, тотығу-
тотықсыздану т.б) әртүрлі кластарға жіктеледі. Бинарлы қосылыстарға кез-келген екі түрлі
элементтен тұратын қосылыстар жатады. Мысалы, азот пен оттегінің бинарлық қосылыстары:
; мыс пен күкірттің бинарлық қосылыстары:
.
Бинарлық қосылыстардың формулаларында металдар бейметалдан бұрын көрсетіледі:
. Егер бинарлық қосылыс екі бейметалдан түзілген болса, онда бірінші орынға
келесі
тізбекте
солға
қарай
орналасқан
элемент
символы
жазылады:
. Мысалы,
.
Егер бинарлық
қосылыс екі металдан тұратын болса, онда бірінші үлкен периодтың басында орналасқан
металл көрсетіледі. Ал егер екі металл да
бір топта орналасқан болса, онда бірінші реттік
нөмірі үлкен элемент көрсетіледі. Мысалы,
. Бинарлық қосылыстар бейметалл
типіне сәйкес әртүрлі кластарға жіктеледі (кесте-2.1), ал
қалған бинарлық қосылыстар
металдар арасындағы қосылыстарға – интерметаллидтерге жатады.