Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Қышқылдар мен негіздер теориялары



бет59/181
Дата21.10.2022
өлшемі5,09 Mb.
#154383
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   181
Байланысты:
бейорганикалық химия дәрістер

Қышқылдар мен негіздер теориялары
2-кесте

Заттардың тобы

Қышқылдар мен негіздер анықтамасы

Аррениус
бойынша

Бренстед
Бойынша

Льюис
бойынша

Қышқылдар

Н+ береді

Н+ береді

электрондық жұпты
қабылдайды

Негіздер

ОН- береді

Н+ қабылдайды

электрондық жұпты
береді



Кешенді иондардың диссоциациясы

Су ерітіндісіндегі кешен–электролиттер біріншілік диссоциацияға душар болып, кешенді ионға және сыртқы сфера ионына бөлінеді. Бұл процесс күшті электролиттер типі бойынша өтеді:


CО(NH3)6CI3  CО(NH3)63++3CI-
KAg(CN)2 K++ Ag(CN)2-
Түзілген кешенді иондар әлсіз электролит типі бойынша (екіншілік диссоциация) диссоциацияланады. Бұл процесс көп сатылы өтеді, мысалы:


Zn(CN)42- Zn(CN)3+CN- K1
Zn(CN)3- Zn(CN)2+CN- K2
Zn(CN)2 Zn(CN)++CN- K3
ZnCN+ Zn2++ CN- K4


Zn(CN)42- Zn2++ 4CN- Kт-сыз
Кешеннің қосынды диссоциация реакциясының тұрақтысын тұрақсыздық константасы Kт-сыз деп атайды және ол сатылы диссоциациялар тұрақтыларының көбейтіндісіне тең:
Kт-сыз= K1 K2 K3 K4
Кешеннің қосынды диссоциация тұрақтысын өрнектеуге болатын теңдеу:
Kт-сызZn2+C4CN- / CZn(CN) 42-
Кешенді ионның иондану тұрақтысы оның тұрақтылығын және бір мезгілде иондарының оны жай құраушыларға иондандыру қабілетін сипаттайды, мінеки, осының салдарынан да тұрақсыздық константасы деп аталынады.
Тұрақсыздық константасы – кешен беріктігінің өлшемі. Тұрақсыздық константасы төмен болған сайын кешен беркітеу және соғұрлым кешен диссоциациясы кезінде түзілетін жай иондардың ерітіндідегі концентрациясы аз болады.


Қайталау сұрақтары мен есептер



  1. Судың иондық көбейтіндісі дегеніміз не? Оны қалай анықтауға болады?

  2. Сутектік көрсеткіш (рН) қалай анықталады? Реакцияның ортасын анықтау үшін (сілтілік орта болса да) рН шамасын білу жеткілікті. Неліктен?

  3. рН + рОН = 14 екендігін дәлелдеңіз.

  4. Қышқылдық, бейтарап және сілтілік ортада сутек иондары мен гидроксид – иондардың концентрациясы қандай болады?

Мысал 1. Концентрациясы 0,001 моль/л HCl ерітіндісінің рН есептеңіз.
Шығарылуы. HCl толық диссоциацияланғанда сутек иондарының концентрациясы берілген ерітіндінің молярлық концентрациясына тең болады:
H Cl H+ + Cl-
0,001 0,001 0,001
рН = -lg[H+] = -lg 0,001 = -lg 10-3 = -(-3) = 3.
Мысал 2. Концентрациясы 0,001 моль/л Н24 сулы ерітіндісінің рН анықтаңыз.
Шығарылуы. Н24 молекуласы диссоциацияланғанда екі Н+ катионы түзіледі:
Н 24+ + SО42-, олай болса [H+] = 2∙0,001 = 0,002 моль/л;
2∙0,001 0,001
рН = -lg[H+] = -lg 0,002 = -lg 2∙10-3 = -lg 2 – lg 10-3 = -0,3 – (-3) = 2,7.
Эквиваленттің молярлық концентрациясы Ceq(H2SO4)=0,001 моль/л H2SO4 ерітіндісінде [H+]=0,001 моль/л; pH=3 болатынына көңіл аударыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет