9. ХИМИЯЛЫҚ КИНЕТИКА НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
Дәріс жоспары
Химиялық реакциялардың жіктелуі.
Химиялық реакциялардың жылдамдығы.
Катализ.
Қайтымды және қайтымсыз реакциялар. Химиялық тепе-теңдік.
Ле-Шателье принципі.
Химиялық реакциялардың жүру зандылықтарын зерттеу, химиялық реакцияның жылдамдығы мен механизмін қазіргі теориялық ілім тұрғысынан зерделеу химиялық кинетиканың негізгі міндеті. Химиялық реакциялардың жіктелуі
Химиялық реакциялар әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі:
1. Реакцияга қатысатын заттардың құрамы мен саны және өнімдері бойынша: Х имиялық реакциялар
2. Реакция барысында энергияның бөлінуі немесе сіңірілуі бойынша: - экзотермиялық (жылу бөлінеді);
2С + О2 →2СО + 220 кДж
- эндотермиялық (жылу жұтылады);
С + Н2О(газ) → СО + Н2 - 132 кДж
3. Реакцияға қатынасатын бөлшектер (молекула, ион, радикал) типі бойынша:
- тізбекті немесе радикалды: Сl2 + hv →2C1. Cl . + H2 →HCl + H . Н. + С12 → HC1 + СІ. және т.с.с.
4. Заттарга энергетикалық тұрғыдан әсер ету типі бойынша: