Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Күшті және әлсіз электролиттер



бет56/181
Дата21.10.2022
өлшемі5,09 Mb.
#154383
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   181
Байланысты:
бейорганикалық химия дәрістер

Күшті және әлсіз электролиттер

Барлық заттардың молекулалары үшін иондарға ыдырау қабілеттілігінің бірдей болуы мүмкін емес, өйткені әртүрлі зат молекуласындағы химиялық байланыстар бірдей емес. Электролиттік диссоциация процесінің қайтымдылығы салдарынан кез келген электролит ерітіндісінде тепе-теңдік күйі орын алады: бірдей уақыт бірлігінде қанша молекула ыдыраса, сонша әртүрлі зарядталған иондар қосылып молекулалар түзіледі.


Мұндай тепе-теңдік күйдің сандық сипаттамасы диссоциация дәрежесі болмақ. Диссоциация дәрежесі α деп иондарға ыдыраған молекулалар санының (Nдис ) ерітіндідегі жалпы молекулалар санына (Nжалпы) қатынасын айтады:

Диссоциация дәрежесі – өлшемсіз шама; оны пайызбен (%) немесе бірлік үлесімен өрнектейді. Электролиттерді α мәні бойынша былай бөледі:
а) егер α>30% болса, онда электролит күшті болады. Оларға барлық дерлік ерімтал тұздар, күшті қышқылдар (HC1, HBr, HJ, НNО3, Н24 (сұйыт.), HClО4) және сілтілер (LiОH, NaОH, Ва(ОН)2, КОН) жатады;
б) егер 3%<α<30% болса, онда электролиттер орташа болады. Мысалы: Н23, HF, HNО2, H34;
в) егер 0<α<3% болса, онда электролиттер әлсіз болады. Оларға СН3СООН, Н2СО3, H2S, H2SiО3, Н3ВО3 қышқылдары, суда ерімейтін негіздер, NH4ОH және су жатады.
Бұл арада келесі жайларды да ескеру керек, олар: диссоциация дәрежесі концентрация мен температураға (температураны жоғарылатқанда және ерітіндіні сұйылтқанда α жоғарылайды); электролиттің табиғатына (электролит молекуласындағы катион мен анион арасындағы байланыс күші); еріткіштің табиғатына (оның диэлектрлік өтімділігі және иондардың сольваттау қабілеті) тәуелді болады. Айталық, кәдімгі концентрациядағы (>10-4 моль/л) сірке қышқылы – әлсіз электролит болса, ал концентрациясы <10-4 моль/л сірке қышқылы күшті электролит екен.
Күшті электролиттердің диссоциация дәрежесін өлшеу үшін берілген электролит пен сол заттың шексіз сұйық ерітіндісінің электр өткізгіштіктерін салыстыру әдісін пайдаланады. Бұл шаманың мәні әрқашан да бірден кіші болады екен және оны диссоциацияның емескі (көрінетін-кажущейся) дәрежесі акаж дейді. Бұл шама диссоциацияның шын дәрежесімен бірдей келмейді, ауытқиды. Ал күшті электролит диссоциациясының шын дәрежесі әрқашан да бірге жуық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет