Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Химиялық кинетика негіздері және химиялық тепе-теңдік



бет113/182
Дата21.10.2022
өлшемі5,09 Mb.
#154384
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   182
Байланысты:
бейорганикалық химия дәрістер

7. Химиялық кинетика негіздері және химиялық тепе-теңдік


Қайталау сұрақтары



  1. Химиялық реакция жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?

  2. Гомогенді және гетерогенді химиялық процестердің айырмашылығы неде?

  3. Реакция жылдамдығының константасы дегеніміз не? Оның физикалық мәні неде? Ол қандай бірліктермен өлшенеді?

  4. Гетерогенді реакциялар үшін әрекеттесуші массалар заңы қай түрде қолданылады?

  5. Қандай реакциялардың жылдамдығы (эндотермиялық, экзотермиялық) температураны жоғарылатқанда артады?

  6. Әрекеттесуші заттар молекулаларының кез-келген соқтығысуы химиялық өзгеріске алып келеді ме? Активті (белсенді) молекулалар дегеніміз не, олардың басқа молекулалардан айырмашылығы неде?

  7. Химиялық реакцияның активтеу энергиясы дегеніміз не? Активтеу энергиясы шамасының реакция жылдамдығына әсері қандай?

  8. Температураны көтергенде неге химиялық әрекеттесу жылдамдығы тез артады: а) молекулалардың орташа кинетикалық энергиясы артқандықтан; ә) активті молекулалардың үлесі артқандықтан; б) сақтану саны көбейгендіктен?

  9. Химиялық реакция жылдамдығына катализатор қалай ықпал етеді?

  10. Гомогенді және гетерогенді катализ деген не?



Есептер мен жаттығулар.


Мысал 1. Берілген 2SO2 + O2 = 2SO3 реакциясының жылдамдығы υ = K∙c2 (SO2)∙с(O2) теңдеуімен сипатталады. Реакцияға түсуші газдар қоспасының қысымын 2 есеге арттырғанда SO2 мен O2 әрекеттесу жылдамдығы қанша есе артады?
Шығарылуы. Қысымды екі есе көбейтсек, SO2 мен O2 концентрациясы да 2 есе артады. Әрекеттесуші массалар заңы бойынша:
υ1 = K∙c2 (SO2)∙с(O2) қысым өзгермей тұрғандағы жылдамдық.
υ2 = K(2c(SO2))2∙2с(O2) = K∙22∙c2(SO2)∙2c(O2) = K∙23∙c2(SO2)∙c(O2) = 8Kc2(SO2)∙c(O2) υ2 = 8υ1
Мысал 2. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициентін 2 деп алсақ, температурасы 200С-тан 500С-қа көтергенде жылдамдық қалай өзгереді?
Шығарылуы. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі мына қатынаспен өрнектеледі:

яғни
реакция жылдамдығы 8 есе өседі.
Мысал 3. 500С температура кезіндегі реакция 2 минут 15 секундта жүреді. Осы реакция 700С температура кезінде қанша уақыт жүреді, егерде осы аралықтағы реакция жылдамдығының температуралық коээфициенті 3-ке тең болса?
Шығарылуы. Температураны 500С-ман 700С-қа дейін көтергенде реакция жылдамдығы Вант-Гофф ережесіне сәйкес өседі:

яғни реакция жылдамдығы 9 есе өседі.
Анықтамаға сәйкес реакция жылдамдығы реакция уақытына кері пропорциональды:
мұндағы ; - t1 және t2 температураларындағы реакция уақыты;
= 2 мин 15 сек = 135 секунд екендігін ескере отырып, t2 температура кезіндегі реакция уақытын анықтаймыз:

1. Төмендегі сызбанұсқа бойынша жүретін реакциялар үшін әрекеттесуші массалар заңының өрнегін жазыңыз:


1) А2(г) + В2(г) = 2АВ(г) 3) А2(г) + В(г) = ВА2(г)
2) 2А2(г) + В2(г) = 2А2В(г) 4) А(ер) + В(ер) = АВ(ер).
2. Азот (ІІ) оксиді мен оттек арасындағы реакция жылдамдығы қалай өзгереді: а) жүйедегі қысымды 2 есе арттырса; ә) NO парциальдық қысымын 2 есе арттырса (О2 қысымы өзгермейді); б) О2 парциальдық қысымын 2 есе арттырса (NO қысымы өзгермейді)? Жауабы: 1) 8; 2) 4; 3) 2.
3. Күкірттің оттегіде жану реакциясының жылдамдығы оның ауада жану жылдамдығынан неше есе артық? Жауабы: 5 есе.
4. Әрекеттесуші заттардың біреуінің концентрациясын 3 есе көбейтіп, реакция температурасын 300С-қа төмендетсе, 2А + 2В → С реакциясының жылдамдығы қалай өзгереді? Температуралық коэффициент 2-ге тең. Жауабы: 1,1 есе.
5. Реакцияға түсуші А затының концентрациясын 2 есе арттырса, ал В затының концентрациясын 2 есе азайтса, 2А + В → А2В реакциясының жылдамдығы қалай өзгереді? Жауабы: 2 есе артады.
6. Реакцияға түсуші А затының концентрациясын 4 есе азайтқанда тура бағытта жүретін реакцияның жылдамдығы өзгермеу үшін 2А2(г) + В2(г) = 2А2В(г) жүйесіндегі В затының концентрациясын неше есе көбейту керек? Жауабы: 16 есе.
7. Азот пен сутектен аммиакты синтездеу кезінде, жүйенің қысымын 4 есе арттырсақ, реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді? Жауабы: 256 есе артады.
8. Реакцияға қатысушы заттар қоспасының температурасын 200С-тан 300С-қа көтергенде реакцияның жылдамдығы 3,5 есе артқан. Температураны 200С-тан 550С-қа жоғарылатсақ, осы реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді? Жауабы: 80,2 есе артады.
9. Реактордағы температураны 200С-қа көтергенде химиялық реакцияның жылдамдығы 6,5 есе артты. Егер температураны 300С-қа төмендетсек, реакция неше есе жай жүреді? Жауабы: 16,6 есе жай жүреді.
10. Тамақ өнімдері салынған қалтаның сыртында өнімді мұздатқыштың мұзды камерасында (-180С) 30 тәулікке дейін сақтауға болады деп жазылған. Осы өнімді бөлме температурасында (250С) қанша тәулік сақтауға болады? Жауабы: 25,2 сағат = 1,05 тәулік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет