Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет114/182
Дата21.10.2022
өлшемі5,09 Mb.
#154384
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   182
Байланысты:
бейорганикалық химия дәрістер

Химиялық тепе-теңдік.


Қайталау сұрақтары.



  1. Қайтымды реакциялар дегеніміз не? Олардың аяғына дейін жүретін реакциялардан айырмашылығы неде?

  2. Химиялық тепе-теңдік күйі дегеніміз не? Тепе-теңдік орнаған кезде химиялық реакция тоқтайды деп айтуға болады ма?

  3. Тепе-теңдік константасын әрекеттесуші заттардың тепе-теңдік концентрациясы арқылы қалай өрнектеуге болады?

  4. Гетерогенді химиялық процестер үшін тепе-теңдік константасын өрнектеудің қандай ерекшеліктері бар?

  5. Химиялық тепе-теңдік ығысуына қысымның, концентрацияның және температураның өзгеруі қалай әсер етеді?

  6. Химиялық тепе-теңдіктің ығысу бағытын анықтайтын Ле-Шателье принципін (жылжымалы тепе-теңдік қағидасы) тұжырымдаңыз.



Есептер мен жаттығулар.

Мысал 1. Берілген А(г) + 2В(г) = С(г) жүйедегі тепе-теңдік концентрациялары: [A] = 0,06 моль/л; [В] = 0,12 моль/л; [С] = 0,216 моль/л. Реакцияның тепе-теңдік константасы мен А және В заттарының бастапқы концентрацияларын табыңыздар.


Шығарылуы.

А және В заттарының бастапқы концентрациясын табу үшін реакция теңдеуі бойынша А затының 1 молі мен В затының 2 молі әрекеттесіп С затының 1 молі түзілетіндігін ескереміз.
Есептің шарты бойынша жүйенің әрбір литрінде 0,216 моль С заты түзілгендіктен, оған 0,216 моль А заты және 0,216∙2 = 0,432 моль В заты жұмсалады. Олай болса бастапқы концентрациялар тең:
[Aо] = 0,06 + 0,216 = 0,276 моль/л;
о] = 0,12 + 0,432 = 0,552 моль/л.
Мысал 2. Берілген қайтымды процестердің химиялық тепе-теңдік константасының математикалық өрнегін жазыңдар:
а) гетерогенді қайтымды химиялық реакциялар
С О(г) + Н2О(с)артық СО2(г) + Н2(г)
ә) Ғе2О3(қ) + СО(г) 2ҒеО(қ) + СО2(г)
б) тұздардың гидролизі
A l3+(ер) + HOH(с)артық AlOH2+(ер) + H+(ер)
в) электролиттік диссициация
Н 2СО3(ер) Н+(ер) + НСО-3(ер)
г) кешенді ионның электролиттік диссоциациясы
[ Cu(NH3)4]2+(ep) Cu2+(ep) + 4NH3(ep)

д) аз еритін зат пен оның ерітіндідегі иондарының тепе-теңдігі


В аSO4(қ) Ba2+(ep) +SO42-(ep)
е) су молекулаларының және оның иондарының тепе-теңдігі
Н ОН(с)артық Н+(ер) + ОН-(ер)
Шығарылуы. а) Судың концентрациясын химиялық тепе-теңдік константасын есептейтін теңдеуге кіргізбейді.
немесе
мұнда Кс – заттардың тепе-теңдік концентрациялары арқылы берілген химиялық тепе-теңдік константасы; Кр – газдардың парциалды қысымдары арқылы белгіленген химиялық тепе-теңдік константасы.
ә) Оксидтердің Ғе2О3, ҒеО (қатты фазалар) концентрациясын әсер етуші массалар заңының теңдеуіне кіргізбейді:
немесе
б) Бұл тепе-теңдік процесі гидролиз деп аталады, сондықтан мұндай тепе-теңдік константасын Кг деп белгілейді: Кг теңдеуіне судың (артық алған) концентрациясын кіргізбейді

в) Кез келген әлсіз электролит ерітіндісінде электролиттік диссоциация процесі негізінде диссоциацияға қатыспаған молекулалар мен иондардың арасында гомогенді химиялық тепе-теңдік орнайды. Осындай процестің тепе-теңдік константасы электролиттік диссициация константасы КД деп аталады.

г) Кез келген кешенді ион жарым-жартылай электролиттік диссоциацияға ұшырайды, яғни кешенді қосылыстың ерітіндісінде гомогенді химиялық тепе-теңдік орнайды. Ол кешенді ионның тұрақсыздық константасы – мен белгіленеді.
,
мұндағы - кешенді ион; - кешен түзгіш; - лигандалар.
д) Кез келген аз еритін қосылыстың қаныққан ерітіндісінде осы қосылыстың кристалдық торында орналасқан иондар мен осы заттың азғантай ғана еріген ерітіндісінде пайда болған иондардың арасында гетерогенді химиялық тепе-теңдік орнайды. Осындай процестің тепе-теңдік константасы ерігіштік көбейтіндісі ЕК деп аталады. Қатты фазадағы ВаSO4 концентрациясын әсер етуші массалар заңының теңдеуіне кіргізбейді
ЕК = [Ba2+] ∙ [SO ]
e) Су - әлсіз электролит, демек суда диссоциацияға ұшырамаған Н2О молекулалары мен оның азғантай ғана диссоциацияға ұшыраған иондарының арасында химиялық тепе-теңдік орнайды. Мұндай тепе-теңдік константасын судың константасы деп аталады, немесе судың иондық көбейтіндісі Кс дейді.
Кс = [Н+] ∙ [OН-]
Мысал 3. Белгілі бір температурада
Н 2(г) + Вr2(г) 2НВr(г)
Реакциясының тепе-теңдік костантасы 1 тең. Реакцияға түсуші заттардың бастапқы концентрациялары 1 моль Н2 және 2 моль Вr2 болса, тепе-теңдік жағдайындағы қоспаның (Н2, Вr2, НВr) сандық құрамы қандай?
Шығарылуы. Тепе-теңдік константасын жазамыз:

Тепе-теңдік константасы арқылы әрекеттесуші заттардың тепе-теңдік жағдайдағы концентрациясын анықтауымыз керек. Реакция теңдеуі бойынша 1 моль сутек 1 моль броммен әрекеттескенде 2 моль бромсутек түзіледі. Егер тепе-теңдік орнағанша х моль сутек реакцияға түссе, заттардың қоспадағы тепе-теңдік концентрациялары:
[H2] = (1 – x) моль
[Br2] = (2 – x) моль
[HBr] = 2x моль
Осы шамаларды тепе-теңдік константасының теңдеуіне қойсақ,

квадрат теңдеуді шешкенімізде

(Екінші тұнба теріс сан болғандықтан есепке алынбайды)
υ(Н2) = (1 – 0,45) = 0,55 моль υ(НBr) = 2 ∙ 0,45 = 0,90 моль
υ(Br2) = (2 – 0,45) = 1,55 моль


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет