Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет23/189
Дата23.12.2022
өлшемі5,37 Mb.
#164010
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   189
Байланысты:
Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары

Оксоқышқыл формуласы

Оксоқыщқыл аталуы

Қышқыл қалдығы

Қышқыл қалдығының валенттілігі

Қышқыл қалдығының аталуы

Н2СО3



Көмір қышқылы

=CО3

II

Карбонат

H2SiО3

Кремний қышқылы

=SiО3

II

Силикат

HNО3

Азот қышқылы

-NО3

I

Нитрат

HNО2

Азотты қышқыл

-NО2

I

Нитрит

H34

Фосфор қышқылы

≡PО4

III

Фосфат

H33

Фосфорлы қышқыл

≡PО3

III

Фосфит

H24

Күкірт қышқылы

=SО4

II

Сульфат

H23

Күкіртті қышқыл

=SО3

II

Сульфит

H2CrО4

Хром қышқылы

=CrО4

II

Хромат

H2Cr2О7

Дихром қышқылы

=Cr2О7

II

Дихромат

HClО

Хлорлылау қышқылы

-ClО

I

Гипохлорит

HClО2

Хлорлы қышқыл

-ClО2

I

Хлорит

HClО3

Хлорлау қышқылы

-ClО3

I

Хлорат

HClО4

Хлор қышқылы

-ClО4

I

Перхлорат

H2MnО4

Марганецті қышқыл

=MnО4

II

Манганат

HMnО4

Марганец қышқылы

-MnО4

I

Перманганат

H33

Ортобор немесе бор қышқылы

≡BО3

III

Борат

HBО2

Метабор қышқылы

-BО2

I

Борит

H3AsО4

Мышьяк қышқылы

≡AsО4

IIІ

Арсенат

H3AsО3

мышьякты қышқыл

≡AsО3

IIІ

Арсенит

Оттексіз қышқылдар
2-кесте

Қышқыл формуласы

аталуы

Қышқыл қалдығы

Қалдық валенттілігі

Қалдық аталуы

HF

Фторсутекті қышқыл

-F

I

Фторид

HCl

Хлорсутекті қышқыл(тұз қышқылы)

-Cl

I

Хлорид

HBr

Бромсутекті қышқыл

-Br

I

Бромид

HJ

Йодсутекті қышқыл

-J

I

Йодид

H2S

Күкіртсутекті қышқыл

=S

II

Сульфид

Қышқылдардың құрылымдық формуласын құрастырғанда оксо-қышқылдардағы сутек атомының қышқыл түзуші элементпен емес, қайта оттек атомымен байланысатындығын ұмытпау керек.




М ысалы:
О
‌‌ ‌׀׀
HCIО4 H – О – Cl = О
׀׀
О

О О
׀׀ ׀׀
H2Cr2О7 H – О – Cr – О – Cr – О – H
׀׀ ׀׀
О О
Қышқылдардың химиялық қасиеттері ерітіндіде Н+-сутек иондарының (протонның) болуымен байланысты:
Нх(Ас)↔ хН+ + Асх-
1) қышқылдардың индикатор түсін өзгертуі:

Индикатор

қышқылды ортадағы индикатор түсі

лакмус

кызыл

фенолфталеин

түссіз

метилоранж

қызыл

2) қышқылдар негіздермен әрекеттесіп, тұз бен су түзеді:


Н3РО4 + ЗNаОН = Nа3РО4 + ЗН2О
Н24 + 2КОН = К24 + 2Н2О
3) қышқылдар негіздік оксидтермен әрекеттесіп, тұз бен су түзеді:
Н24 + СаО = СаSО4 + Н2О
ЗН24 + Ғе2О3 = Ғе2(SО4)3 + ЗН2О
4) қышқылдар амфотерлік оксидтермен әрекеттесіп, тұз бен су түзеді:
ЗН24 + АI2О3 = А12(SО4)3 + ЗН2О
2НNО3 + ZnО = Zn(NО3)2 + Н2О
5) қышқылдар амфотерлік гидроксидтермен әрекеттесіп, тұз бен су түзеді:
ЗНСІ + Сг(ОН)3 = СгСІ3 + ЗН2О
6) ерімейтін жаңа тұз бен әлсіздеу қышқыл түзілетіндей жағдайда қышқылдар тұздармен әрекеттеседі:
НСІ + АgNО3 = АgСI↓ + НNО3


2
2НС1 + Nа2СО3 = 2NaCI + Н2СО3

H2О


7) қышқылдар металдармен әрекеттеседі.
Бұл реакциялардың өнімі металл белсенділігіне және қышқылдың табиғаты мен концентрациясына тәуелді. Металдың белсенділігі электрохимиялық кернеу қатарындағы оның орналасқан орнымен анықталады.
Lі К Ва Са Nа Мg А1 Zп Сг Ғе Ni Рb Н Сu Аg Нg Рt Аu
м еталл белсенділігі азаяды
Сұйытылған күкірт қышқылы (Н24), тұз қышқылы (НСl) және басқалар тек кернеу қатарындағы сутектің сол жагына орналасқан металдармен ғана әрекеттеседі де тұз және газ күйіндегі сутек түзеді:
Zn + Н24 = ZnSО4 + Н2
Аg + НС1→ реакция жүрмейді
Сұйытылған күкірт қышқылы қорғасынмен әрекетттеспейді, өйткені алғашқы сәтте түзілген қорғасын сульфатының (РЬSО4) жұқа қабаты нашар ериді де реакцияның жүруіне тосқауыл болады. Концентрленген күкірт қышқылы мен кез келген концентрациядағы азот қышқылы НNО3 тотықтырғыш-қышқылдар болып келеді және металдармен әрекеттесетін реакцияларда ерекше қасиет көрсетеді. Мысалы:
Сu + 2Н24 = СuSО4 + SО2 + 2Н2О
Zn + 4НNО3 = Zn(NО3)2 + 2NО2 + 2Н2О
3Zn + 8НNО3 = 3Zn(NО3)2 + 2NО + 4Н2О
5Zn + 12НNО3 = 5Zn(NО3)2 + N2 + 6Н2О
4Zn + 10НNО3 = 4Zп(NО3)2 + N2О + 5Н2О
4Zn + 10HNО3 = 4Zn(NО3)2 + NH43 + ЗН2О
Бейметалдарды концентрленген азот қышқылы HNО3 ең жоғарғы тотығу дәрежесіне дейін тотықтырады:
Р + 5НNО3 = НРО3 + 5NО2 + 2Н2О
S + 6HNО3 = Н24 + 6NО2 + 2Н2О
Темір концентрленген күкірт қышқылымен әрекеттеспейді, өйткені алғашқы сәтте түзілген темір (III) оксидінің Ғе2О3 өте жұқа қабаты берік, әрі ерімейді де реакцияны жүргізбейді. Бұл Н24-ті болат цистерналарда сақтауға және тасымалдауға мүмкіндік береді.
Азот қышқылының әрекетіне тек алтын, платина, родий, рутений, иридий мен тантал ғана шыдайды, яғни әрекеттеспейді. Концентрлі азот қышқылы алюминийді, темірді және хромды пассивтендіреді, өйткені мұнда да олардың қорғаушы оксидтерінің өте жұқа қабаты түзіледі:
2Аl + 6НNОз = А12О3 + 6NО2 + ЗН2О
Сондықтан да азот қышқылын болат цистернада сақтап, тасымалдайды. Концентрлі азот қышқылы тұз қышқылын тотықтырады:
2НNО3 + 6НС1 = 2NО + ЗС12 + 4Н2О
1:3 қатынасындағы азот қышқылы мен тұз қышқылының қоспасын "патша арағы" деп атайды. Бұл қоспа ең күшті тотықтырғыш, ол өз кезегінде "металдардың патшасын" - алтынды еріткені үшін осындай атауға ие болған:
Аu + НNО3 + ЗНСl = АuСl3 + NО↑ + 2Н2О
"Патша арағының" қасиеті бөлінген тұста коспада атомарлы хлор (өте күшті тотықтырғыш) болуымен түсіндіріледі. Сондықтан да "патша арағында" металдарды еріткенде азот қышқылының тұзы түзілмейді, керісінше тиісті металл хлоридтері түзіледі. Егер де "патша арағында" тұз қышқылы артық болса, онда алтынның еруі кезінде алтынхлорсутекті қышқыл түзіледі H[AuСl4], ондағы алтынның тотығу дәрежесі +3 (алтын (III) хлоридіндегідей):
Аu + НNО3 + 4НС1 = H[AuСl4] + NО↑ + 2Н2О
Кышқылдардың алыну әдістері:
1) қышқылдық оксидтердің сумен әрекеттесуі:
Р2О5 + ЗН2О = 2Н3РО4
2) күшті қышқыл-тотықтырғыштың бейметалдармен әрекеттесуі:
ЗР + 5НNО3(конц.) + 2Н2О = ЗН3РО4 + 5NО
3) әлсіз қышқыл тұзының күшті қышқылмен немесе алынатыннан гөрі жеңілдеу ұшатынымен әрекеттесуі:
СаСОз + 2НС1 = СаС12 + СО2↑ + Н2О
NаСІ (қ) + Н24(конц.) = NаНSО4 + НС1↑
4) жай заттардан алу:
Н2 + С12 = 2НС1 (судағы ерітінді)


Тұздар


Тұздар - ол металл атомдары мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар. Орташа (қалыпты) тұздардың құрамы өрнектелетін жалпы формуласы: Мех(Ас)у, мұндағы х - металл атомының саны; у- қышқыл қалдығының саны.
Мысалы: К3РО4, NаСІ, Са3(РО4)2.


Орта (қалыпты) тұздарол қышқыл молекуласындағы сутек атомдардың орнын металл атомдары толық басқан кезде түзілетін тұздар.
Қышқылдық тұздарол көпнегіздік қышқыл молекуласындағы сутек атомдарының орнын қышқыл қалдықтары ішінара басқан кезде түзілетін тұздар.
Негіздік тұздар ол көпқышқылдық гидроксид молекуласындағы гидроксотоптың орнын қышқыл қалдықтары ішінара басқан кезде түзілетін тұздар.
Бинарлы немесе қос тұздарол көпнегіздік қышқылдағы сутек атомдарының орнын бір емес, екі әртүрлі металл атомдарымен басқан кезде түзілетін тұздар.
Мұндай тұздар әртүрлі заттардың бейтарап молекулалары бірімен бірі қосылғанда түзіледі:
К24 + А12(SО4)3 = К24 · А12(SО4)3 =2КА1(SО4)2
(NH4)24 + Ғе2(SО4)3 = (NH4)24 · Ғе2(SО4)3 = 2NH4Ғе (SО4)2
Қос тұздар бір сатыда екі металдың (немесе аммонийдің) катионына және қышқыл қалдығының анионына диссоциацияланады:
К АІ (SО4)2 К+ + А13+ + 2SО42-
N Н4Ғе(SО4)2 NH4 + ; + Ғе3+ + 2SО42-
Кешенді тұздар диссоциация кезінде әуелі кешенді иондарды бөледі және де олар формулада квадратты жақша ішінде болады, сосын өз кезегінде әлсіз электролит ретінде екінші рет диссоциацияға түседі:
[ Аg(NНз)2]С1 [Аg (NН3)2]+ + СI-
[ Аg(NНз)2]+ Аg++2NН3
Орта тұздардың құрылымдық формуласын құрастырғанда тиісті қышқыл формуласындағы сутек атомдарының орнына (металл валенттілігін ескере отырып) металл атомдарын қояды.

О О


C aSО4 Ca S
О О


Қышқылды тұздардың аталуы қышқыл қалдығының атауына "гидро" қосымшасын қосып айтылады. Мысалы:
NаНSО4- натрий гидросульфаты
Са(Н2РО4)2 - кальций дигидрофосфаты
Негіздік тұздардың аталуы қышқыл қалдығының аталуына "гидроксо" қосымшасын қосып құралады. Мысалы:
Сг(ОН)SО4 - хром (III) гидроксосульфаты
А1(ОН)23 - алюминий дигидроксонитраты
Кейде негіздік тұздардың түзілуі оның құрамынан су молекуласының бөлініп шығуы арқылы жүреді. Мысалы:
Ві(ОН)23 = ВіОNО3 + Н2О
Мұндайда түзілген тұздарда гидроксотоп болмаса да негіздік тұздың қасиетін сақтайды. Оларды оксотұздар деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет