Бейтараптық (нейтрализм), протокооперация, мутуализм, комменсализм, жыртқыштық, бәсекелестік, аменсализм



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі26,18 Kb.
#89830
1   2   3   4
Байланысты:
Ағзалар арасындағы байланыстар түрі
Ағзалар арасындағы байланыстар түрі
Аллелопатия - организмдердің денесінен өзіне тән химиялық заттар шығару арқылы қарым-қатынас жасау жолы. Яғни, өсімдіктерден бөлінген заттар басқа жануарларға теріс немесе жағымды әсерін тигізетін қасиетке ие болады. Мәселен, кәдімгі жусан иісі көптеген өсімдіктерге (жүгері, картоп, томат, т.б.) теріс әсерін тигізсе, ал лобия өсімдігі бидайдың өсуін тежейтін көрінеді.
Өсімдіктерден бөлінетін заттар жануарларға еліктіргіш (аттрактивті) немесе жиркенішті (репеллегаті) түрінде әсер етеді. Бұл қасиеттер әсіресе, біртекті қоректілер және паразиттер үшін өте маңызды. Жануарлар да өзінен жағымды кейде жағымсыз келетін әр түрлі белсенді заттар бөліп өзінің жауына қарсы немесе еліктіргіш сигнал беру қасиетіне ие болады. Биологиялық белсенді заттарды көп организм де бөледі. Мәселен, көпке белгілі антибиотиктер: пенициллин, стрептомицин, гиббериллин медицинада жиі қолданылады.
Кейбір организмдер екіншілер үшін шектен тыс агрессивті болып келеді. Мәселен, кейбір құмырсқалар көршілес құмырсқа илеулерінен жұмыртқа мен личинкаларды тартып әкеліп иелік жасайды. Бұл құбылыс организмдерде болатын инстинктің жоғарғы деңгейдегі көрінісі болса керек.
Организмдер арасындағы қарым-қатынастардың кейбір түрлерін төмендегі кестеден де көруге болады.

Биотикалық факторларға жоғарыда айтылғандай, зоогенді (жануарлар әсері), фитогеңді (өсімдіктер әсері) және микробогенді (микроорганизмдердің әсері) факторлар жатады. Мысалы, кейбір өсімдіктер газ тәрізді заттар бөліп шығарады. Ол микроорганизмдерге (бактериялар, саңырауқұлақтар) жойғыш әсер етумен қатар табиғи ортаны сауықтырады. Ал әртүрлі вирустар мен микроорганизмдер өсімдіктердің жүқпалы ауруларға кең таратады. Оған мысал ретінде астық дақылдарының тат кеселі мен қаракүйесін, картоп фитофторозын және т.б. келтіруге болады. Сондай-ақ ауру малдар арқылы жануарлар арасында да жұқпалы аурудың кенеттен тарайтын жағдайлары болады.


Организмдер арасындағы қарым-қатынастар өте күрделі және алуан түрлі. Оларды шартты түрде тікелей және жанама деп бөлуге болады. Тікелей байланыс қоректену жолымен анықталады, яғни, өзінің тіршілігіне энергияны кейбір жануарлар өсімдіктерді немесе басқа жануарларды қорек ету арқылы алады. Өз кезегінде олармен басқа организмдер қоректенеді. Жыртқыш-қорек немесе иесі-паразит жүйелеріндегі қарым-қатынас нәтижесі табиғи іріктелуді және бейімделуші қасиеттердін сақталуын қамтамасыз етеді, сөйтіп популяция санының динамикасын анықтайды.
Жанамалық қарым-катынаста бір организмдер екінші бір организмдерге орта түзушілік, субстрат рөлін атқарады. Мысалы, ормандарға жергілікті және әлемдік орта түзуші қызметі тән. Олар топырақты және суды қорғап отырады. Сонымен қатар ормандарда ағаштардың сыртқы құрылысына байланысты пайда болатын ерекше микроклимат орман жануарларының, өсімдіктерінің өсіп-дамуына жағдай туғызып отырады. Су қоймаларында өсетін өсімдіктер ондағы тіршілік ететін организмдерге өте қажетті оттегінің көзі болып саналады. Өсімдіктер басқа организмдердің тіршілік ортасы болып та табылады. Мысалы, ағаш қабықтарында, тамырларында, жапырақтарында, сабақтарында, жемістерінде көптеген құрт-құмырсқалардың түрлері мен омыртқасыздар тіршілік етеді, ал ағаш қуыстары көптеген құстар мен сүтқоректі жануарлардың мекендейтін жері болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет