Бекітемін №36 мектеп –гимназиясының директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


Жалпы патриот деген кім, патриотизм дегенді қалай түсінеміз?



бет2/2
Дата17.05.2020
өлшемі18,37 Kb.
#69137
түріБағдарламасы
1   2
Байланысты:
хаттама 1

Жалпы патриот деген кім, патриотизм дегенді қалай түсінеміз?

Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз Отанының жалынды патриоты, қай кәсіпте, қай салада жүрсе де, елінің қамы үшін еңбек етіп жүрген әрбір азамат-елінің озаты, мақтанышы, патриоты. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім.

Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз- мемлекет деген ұғымды, оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді, - деп терең, жан-жақты анықтама берген.

Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс.

Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау.

Патриот сондай-ақ туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді.

Эссе

«Мен-елімнің патриотымын»

Патриот, патриотизм» барлық адамда болу керек сезім! Әр адамның өз еліне, туып -өскен жеріне деген сезімі шексіз. Жалпы «патриотизм» сөзі өз еліне деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімі. Қазақ даласын, жерін қорғау үшін қаншама ата-бабаларымыз өз жанын, қанын қиды! Дұшпандарға қарсы тұрды! Ал, біз қазір сол бір бабаларымыз алып берген тәуелсіз елде, жерде өмір сүрудеміз! Біздің мына кеудемізде сол тәуелсіздікті сезінерліктей түйсік, сезім, махаббат, сана, ақыл бар ма екен? Қазіргі таңда «Қазақстан» атауын «Қазақ елі» атауына өзгерту туралы талқыға түсіп тұрған мәселеге де өзімнің қосылатынымды айтқым келеді. Өйткені, «стан» деген сөз қазақ тіліне тән сөз емес. Меніңше, «Қазақ елі» атауы бізге әбден лайық! Егер Қазақстан өзінің көркеюін қаласа, онда, одан әрі дамуына болашақ ұрпақтар, мына біздер, барымызды салып, үлес қосып, ұрпақ сабақтастығын жалғастыруымыз тиіс!
Эссе
«Мен-елімнің патриотымын»

Патриот – Отанның мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам.Мен өз елімнің патриотымын. Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ңұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру.



Эссе

«Мен-елімнің патриотымын»

Мен - патриотпын! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен Отанымды, отбасымды сүйемін! Мен - тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін.Менің ойымша патриот ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады. Мен өзімді шын патриот санаймын. Кез - келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең бірінші - ата - ана тәрбиесі, екінші - ұстаздардың тәлімі. Ал өзіңді - өзің отансүйгіштікке тәрбиелегендегі тірегің ол - кітап. Осы құдіреті күшті кітап арқылы біз өз імізді патриот болуға тәрбиелей аламыз. мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ңұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру. Халқымыздың тарихына терең үңіле білсек, жасынан жарқыраған күміс көмей әнші, жау жүрек батыр, нар тұлғалы палуан елі мен жері үшін аянбағаны баршаға мәлім. Ендеше көкірек көзімен тарихты тамырынан тамшылата жас ұрпақ зердесіне зерлей, шырайлы сөзбен кестелей таныту ата – ана мен ұстаз – тәрбиеші шеберлігіне байланысты. Мен оқушы қалпымнан кішіпейілділік, қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік, әр істі тиянақтылықпен орындап, жауапкершілікпен қарау, үлкендерді сыйлау, тағы да осы секілді асыл қасиеттерді бойыма жиып, өсіп келемін. «Барлық халық пен ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген еді ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлы. Бұл сөздің астарында өз ұлтыңды ерекше сүй, сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен деген ой жатыр.

Эссе



«Мен-елімнің патриотымын»

Әрбір қазақпын деген азамат, ол өз елінің патриоты болуы тиіс деп ойлаймын. Сол секілді мен де өзімді патриотпын деп толық айта аламын. «Отан от басынан басталды» демекші. Кішкентай күнімнен ата-анам мені мектепке бермей тұрып-ақ маған әнұранды жаттатқызып, рәміздер дегеніміз не екенін, олардың мемлекет үшін маңызы қандай екенін ұғындырып өсірді. Осылай менің туған Отаным деген алғашқы патриоттық сезім қалыптасты. Қазірде халқымыздың өткен тарихы мені қатты қызықтырады, ол туралы оқудан, танып-білуден жалыққан емеспін. Бұның барлығы менің ұлтыма деген сүйіспеншілік, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі уақытта өзіміз секілді жастар бойында бірінші орында тіліне, еліне, жалпы айтқанда өзінің ұлттық құндылықтарына деген құрметі тұруы басты міндет деп есептеймін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет