Бекітемін: «Бәйтерек»ҚМҚКб/б директоры Р.Ү. Тебай 2016ж



бет1/4
Дата26.05.2022
өлшемі35 Kb.
#145098
  1   2   3   4
Байланысты:
8 наурызға арналан ертеңгілік Микки маус қонақта-1-1


Бекітемін:
«Бәйтерек»ҚМҚКб/б
директоры Р.Ү.Тебай
« » ______ 2016ж
8-Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
Тақырыбы: «Микки маус қонақта»
«Құлыншақ» тобы №2
Тәрбиешілер: Косикова Б.А
Музыка жетекшісі: Попова О
Әдіскерлер: Есмаханова М.В
Нығыметова З.Т
Қарағанды 2016 ж
Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы туралы толық түсіндіру. Әр мезгілдің өз қызығы мен сәні бар екенін ұғындыру. 8-наурыз – аналар мерекесі туралы мағлұмат беру. Балаларды аналарды сыйлауға шақыру. Өнерге деген қызығушылықтарын ояту және сөздік қорларын байыту.
Көрнекіліктері: Гүлдер, бантиктар, үй, себеттер.
Ертеңгілік барысы: Балалар әуенмен безендірілген ертеңгілік залына кіреді. Музыка ойнап, әсем безендірілген залда балалар жартылай шеңбер құрып тұрады.
Жүргізуші:
Көктем келіп далама,
Жырын сыйлап баршаға.
Алғыстарды сыйлаймын,
Аяулы, абзал анаға.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,құрметті асыл жанды аналар! Сіздерді халықаралық аналар күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Жүздеріңізге нұр, құшақтарыңызға гүл толсын демекпіз.
Жүргізуші: Балалар! Бүгін біздің зал қандай әдемі?!
Айтпақшы, балалар, бүгін қандай мереке ? Білесіңдер ме?
Балалар: Иә, 8 наурыз!
Жүргізуші: Ол қандай мереке? Кімнің мерекесі?
Балалар: Аналар мерекесі!
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!
Жүргізуші: Олай болса, мерекелі де шуақты 8 науырыз – аналар мерекесінің құрметіне арналған ән-шашуымызды бастайық.
Құрметі аналар бүлдіршіндеріңіздің ән- шашуын қабыл алыңыздар!
Тақпақтар:
Балалар –ау балалар,
Шақырады далалар.
Көктем келді, гүл алып,
Құстар келді жыр алып. Кәусар
Анамыздың мейірлі,
Жүзіне біз қараймыз.
Анамыздың пейілді,
Жомарт жанға балаймыз. Акбар
Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден оларды
Аналарға сыйлаймыз Малика
Көгінде күн болып,
Жұлдыздай жанасың.
Аман бол әрдайым,
Аяулы анашым! Айсана




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет