Педогог бүгінгі сабақта өтілетін тақырыпты хабарлайды.
Сұрақ –жауап әдісі арқылы кіріспе әңгімені өткізеді:
Балалар ,сендер неше қабатты үйде тұрасыңдар?
Сендер өздерің нешінші қабатта,нешінші пәтерде тұратындарыңды білесіңдерме?
Үйде қандай бөлме түрлері болады?
Дәптердегі суретпен жұмыс:
-Бүгін біз тұрғын үй,үй түрлері және үй жиһаздарымен танысамыз.Адамдар өздеріне ертеден бері ыңғайлы баспана тұрғызу керектігін білген.Қазір үйлердің түрі өте көп.Мысалы,бірнеше қабатты тұрғын үй,ауласы бар бір немесе екі-үш қабатты үй.Көп қабабтты тұрғын үйде пәтерлер өте көп.Оның әр қабатында тұрғындар тұрады.
Сөздік жұмыс жүргізу:
Коттедж-жеке ауласы бар сәнді салынған екі-үш қабатты үй.
Мансард-шатыр астындағы терезесі бар,кісі тұратын бөлме.
Жиһаз- үй бұйымы,мүлік.
Жатынжай-ұйықтайтын бөлме.
Жаңа сөздерді қатыстырып,сөйлем құрату.
-Үйдің бірнеше бөлмелері болады.Олар:ас үй,зал,балалар бөлмесі, жатынжай.Әр бөлмеде өзіне тән жиһаздар болады.Қандай жиһаздар болады?
-Әдемі жиһаз, ағаштан жасалған жиһаздар болады.
-Жиһаздың қандай түрлерін білесіңдер?
-Үстел,орындық,диван,төсек,шкаф,т.б.
|