«Бекітемін» Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Джусупова


Құжат схемасы және Құрылым режимдерінде жұмыс



бет5/5
Дата06.05.2020
өлшемі165,18 Kb.
#66302
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
Информатика Ст-19-9 05 05 2020

Құжат схемасы және Құрылым режимдерінде жұмыс

Құжат схемасы режиміне өту үшін лентада Түр қосымшасындағы Көрсету немесе жасыру тобында Құжат схемасына жалауша орнату қажет (6-сурет). Құжат схемасы режимі тақырыптардың құжатта орналасуын көруге мүмкіндік береді (7-сурет). Қажет тақырыпқа шертсеңіз, сіз бірден құжаттың сәйкес келетін жеріне ауыса аласыз.



6-сурет. Құжат схемасы жалаушасы



7-сурет.  Құжат схемасы режиміндегі Word терезесі

Егер мәтінде бөлімдер, бөлімшелер болса, онда құрылымды келесі үлгіде құруға болады:

 Қарапайым стиль- негізгі мәтін;

 Тақырып 1- тараулар атауы;

 Тақырып 2- бөлімдер атауы;

 Тақырып 3- бөлімшелер атауы;

 Нұсқама- нұсқама мәтіні;

 Сурет- иллюстрациялар астындағы жазу мәтіні.



Құжат схемасы режимінен шығу үшін лентада Түр тобындағы Көрсету немес жасыру тобында Құжат схемасы жалаушасын алып тастаңыз.

Құрылым режимі Құжат схемасы режиміне ұқсас. Бұл режимде тақырыптарды негізгі мәтінмен және тақырыпшалармен бірге араластыруға болады.



Құрылым режиміне өту үшін лентада Түр қосымшасындағы Құжатты көру режимдері тобында Құрылым батырмасын басу қажет (8-сурет).



8-сурет. құрылым режиміне өту батырмасы

Құрылым режиміне өту кезінде Құрылым қосымшасы пайда болады (9-сурет). Оның көмегі арқылы мәтінмен жылдам жұмыс жасауға болады.





9-сурет.   Құрылым қосымшасы

 

Осы панелді қолданыпДеңгейді көрсету тізімінен қажетті деңгейді таңдап, құжатты белгілі деңгейге дейін бүктеп немесе жайып қоюға болады (10-сурет).





10-сурет. Деңгейді көрсету тізімінен деңгейді таңдау

 

Егер Барлық деңгейлерді көрсету пунктін таңдасақ, онда барлық құжат көрінеді (11-сурет).



 



11-сурет.     Құрылым режимінде құжаттың барлық деңгейінің бейнеленуі

 

Бағыттауыш кескіні бар жасыл батырмалар тақырып деңгейін өзгерту үшін қызмет атқарады. Бұл операцияларды орындау үшін тақырыпты және оған қатысы бар мәтінді алдын ала ерекшелеу қажет. Деңгейді көтеру немесе Деңгейді төмендету батырмаларын басу кезінде барлық тақырыпшалардың деңгейлері өзгереді.



 

          12-сурет. Тақырып деңгейін өзгертуге арналған батырмалар

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет